Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттердің есебінен ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алдын алу медициналық тексеруін жүргізу ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 ж. 15 қазандағы № 607 бұйрығымен ; ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 340 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттердің есебінен ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алдын алу медициналық тексеруін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша): 1) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау; 2) тоқсан сайын келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасына осы бұйрықтың орындалуы туралы ақпаратты ұсынсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 16 бұйрығымен бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|