Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық (2010.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.22.07. № 462 Бұйрығымен кірісе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңының 6-бабының 12) тармақшасына, 39-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. 1) Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесі (1-қосымша); 2) астық қолхаттарының нысандары (үлгілері) (2-қосымша); 3) астық қолхаттарының жазылуы (3-қосымша) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 11 қазандағы № 323 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1664 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2001 ж., № 40-41, 523-құжат; 2001 жылғы 6 қарашадағы № 258 «Казахстанская правда» газетінде жарияланды) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Егіншілік департаменті (А.Қ. Евниев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық күшіне енгенге дейін астық қабылдау кәсіпорындарымен берілген астық қолхаттары қоса беріліп отырған Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесіне сәйкес олар өтелгенге дейін өз күшін сақтайды деп белгіленсін. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005.24.05. № 352 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|