Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар
Осы редакция 2005 ж. 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрлiктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 05.04.03 ж. № 328 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының директорлар кеңесінiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына 1-қосымша Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 90; 05.04.03 № 328 (бұр. ред. қара); 05.06.03 ж. № 533 қаулыларымен құрам толықтырылды; ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 (бұрынғы ред. қара); 19.02.04 ж. № 193; 26.07.04 ж. № 791 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ: Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға; Смағұлов Қайрат Молдырахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары; Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiнші вице-министрi; Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы; Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы; Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi. ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 (бұрынғы ред. қара); 19.02.04 ж. № 193; 26.07.04 ж. № 791 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" AAҚ: Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi, төраға; Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi; Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегi агенттігі төрағасының мiндетiн атқарушы; Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ-тың президентi. Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің кеңесшiсi ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 3. "Қазпочта" ААҚ: Айтжанов Дулат Нулиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi; Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға; Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Абдулина Нәйла Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы. ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 4. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ: Күрiшбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға; Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Боос Владимир Викторович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Әзiмов Руслан Жұмабайұлы - "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ-тың президентi. 5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ: Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға; Ысқақов Нұрлан Әбдiлдаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi; Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Жәкiшев Мұхтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ-тың президентi. ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 (бұрынғы ред. қара); 19.02.04 ж. № 193; 26.07.04 ж. № 791 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ: Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары; Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының мiндетiн атқарушы; Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi; Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы, төраға; Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi. 7. ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 215 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 19.02.04 ж. № 193; 26.07.04 ж. № 791 (бұрынғы ред. қара); 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді 8. Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" АҚ: Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрі, төраға; Қапақов Нұрлан Төлегенұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнiң Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмi Мәдениет секторының меңгерушісі; Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры; Омаров Жанай Сейiтжанүлы - "Қазақ ақпарат агенттігi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президентi. ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 9. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ: Өзбеков Ғани Нұрмұханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Нөгербеков Серiк Нөгербекұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры; Қалиев Еркiн Жәкенұлы - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың президентi. ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 (бұрынғы ред. қара); 27.11.03 ж. № 1188; 26.07.04 ж. № 791 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ: Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға; Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi; Поспелов Николай Николаевич - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің орынбасары; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ-тың президентi; ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 (бұрынғы ред. қара); 19.02.04 ж. № 193; 26.07.04 ж. № 791 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ: Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы, төраға; Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Мәмбетов Алматбек Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетiнің төрағасы; Қапаров Серiк Әбдiбайұлы. Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына 2-қосымша "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы және "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы директорлар кеңестерiнiң құрамдарына сайлау үшiн кандидатуралар ҚР Үкіметінің 05.04.03 № 328 (бұр. ред. қара) қаулыcымен 2-қосымшаның 1-тармағы алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 782 қаулысымен (бұрынғы ред. қара); 26.07.04 ж. № 791 (бұрынғы ред. қара) 2-тармақ өзгертілді 2. "Қазақтелеком" ААҚ: Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігі төрағасының мiндетiн атқарушы; Өтепов Эдуард Карлович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары; Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгi төрағасының орынбасары; Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-тың президентi "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағасы етіп сайлау үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары Эдуард Карлович Өтеповтің кандидатурасы "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының директорлар кеңесiне ұсынылсын. Yкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын: "14. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ". 2. "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 2 мамырдағы № 591 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 210-құжат): 2-тармақ және 3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын. 3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 811 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 25 ақпандағы № 248 қаулысында: 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын. 4. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 76-құжат): 4-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын. |