Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн. 2. Мемлекеттік органдарға шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн анықтау кезiнде республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерiн осы қаулыға қосымшада көрсетiлгендерден төмен емес етiп белгiлеу ұсынылсын. 3. Мемлекеттік басқару органдары шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты: 1) шаруашылық жүргiзу құқығындағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттік бюджетке толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау орнатсын; 2) еншiлес кәсiпорындар үшiн таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу кезiнде ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың Ереженi сақтауын қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту ережесi Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күшi бар Жарлығына, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және ұлттық компанияларға жатқызылғандарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ведомстволық бағыныстыларын қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту әрi таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттік бюджетке аудару тәртібін айқындайды. 1. Таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу тәртібі 1. Кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiнде (бұдан әрi Бөлу нормативтерi) таза табыс сомасын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударымға, резервтiк капиталды қалыптастыруға, өндiрiстi дамытуға және өзге де бағыттарға бөлудiң пайыздық ара қатынасы анықталады. Бұл ретте: 1) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының республикалық бюджетке аударымдарының нормативтерi (бұдан әрi - Бюджетке аударымдардың нормативтерi) Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған аударымдардың ең төменгi мөлшерiн есепке ала отырып белгіленедi; 2) өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға Кәсiпорындар жiберетiн таза табыстың үлесi Кәсiпорындардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс. 2. Кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органдары Бөлу нормативтерiн жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн бекiтедi. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар үшiн Республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен (бұдан әрi - Министрлiк) келісім бойынша белгiленедi. Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындар үшiн Жергiлiктi бюджеттерге аударымдардың нормативтерi жергiлiктi қаржы органдарымен келісім бойынша белгiленедi. ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 636 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 3. Министрлiкте (жергiлiктi қаржы органдарында) Мемлекеттік бюджетке аударымдардың нормативтерiн келiсу мерзiмi 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Мемлекеттік басқару органдары Бюджетке аударымдар нормативтерiнiң жобаларымен сонымен бiр мезгiлде Министрлiкке (жергiлiктi қаржы органдарына): 1) жоспарлы жылдың таза табысының нақты бөлiгiн өндiрiстi дамытуға пайдалану қажеттiлiгiнiң экономикалық негiздемесiн; 2) қоса берiлiп отырған нысан бойынша есептi жылғы тиiстi бюджетке Кәсiпорындар аударған таза табыстың мөлшерi мен сомасы туралы деректердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған таза табыстың мөлшерi туралы деректерді табыс етедi. 4. Еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар үшiн Бөлу нормативтерiн негiзгi Кәсiпорын бекiтедi. Еншiлес кәсiпорындардың бюджетке аударымдарының нормативтерi негiзгi Кәсiпорындар үшiн белгiленгеннен төмен болмайды, ал еншiлес кәсiпорындар өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсайтын таза табыстың үлесi олардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс. 5. Жаңадан құрылған Кәсiпорындар үшiн мемлекеттік басқару органдары олар мемлекеттік тiркелген күннен бастап бiр айлық мерзiмде осы Ережеде анықталған тәртiппен ағымдағы және алдағы жылдарға арналған Бөлу нормативтерiн бекітуге мiндеттi. 2. Таза табыстың бiр бөлiгiн тиiстi бюджетке аудару тәртібі 6. Кәсiпорындар Аударымдар нормативтерiне сәйкес корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі он жұмыс күнiнен кешiктiрмей таза табыстың бiр бөлiгiн мемлекеттік бюджетке аударуды жүргiзедi. Есептеме қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептiң деректерi және бухгалтерлiк теңгерiм негiзiнде жүзеге асырылады. Кәсiпорындар мемлекеттік бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударуды жүргiзе алады. Бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударудың артық төленген сомалары есептi жылдың қорытындыларын ескере отырып, келесi қаржы жылының аударымдар шотына есептеледi. 7. Кәсiпорындар Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бекiтетiн бiрыңғай бюджеттік жiктемеге сәйкес тиiстi кодқа тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аударуды жүзеге асырады. 8. Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру кезiнде Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру күнiне есептелетiн мемлекеттік бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн аудару жөніндегі мiндеттемелер өткізу актiсi (бөлу теңгерiмi) бойынша құқықтық мирасқорларына берiледi және құқықтық мирасқорларын мемлекеттік тiркеген күнiнен бастап бiр айлық мерзiмде орындалуға тиiс. 9. Мемлекеттік бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн толық және/немесе уақытылы аудармау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соқтырады. 10. Кәсiпорындардың таза табысы бiр бөлiгiнiң тиiстi бюджет кiрiсiне уақытылы және толық аударылуын бақылауды Министрлiктiң Қаржылық бақылау комитетi, орталық атқарушы органдар және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін белгілеу, келісу және бекіту ережесіне қосымша ______________________________________ ведомстволық бағынысты, (мемлекеттік басқару органының атауы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алынған таза табысы, мемлекеттік бюджетке аударылған сомалары туралы мәліметтер және таза табысының болжамы
таблицаның жалғасы:
Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына қосымша Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысынан республикалық бюджетке аударымдардың ең төменгi мөлшерлерi ┌───┬─────────────────────────────────────────────┬───────────────────────┐ │P/c│ Кәсiпорындардың қызмет саласы │Республикалық │ │ № │ │бюджетке аударымдардың │ │ │ │төменгi мөлшерi, % │ ├───┼─────────────────────────────────────────────┼───────────────────────┤ │ 1 │ 2 │ 3 │ ├───┼─────────────────────────────────────────────┼───────────────────────┤ │1 │Табиғат қорғау, әлеуметтік қорғау │кемiнде 15 │ │ │саласындағы өндірiстiк-шаруашылық │ │ │ │қызметтi жүзеге асыру │ │ │ │ │ │ │2 ├Қару-жарақты және оған оқ-дәрiлердi, │кемiнде 20 │ │ │қорғаныс құралдарын, әскери техниканы, │ │ │ │оған қосалқы бөлшектердi, оларға │ │ │ │жабдықтаушы элементтер мен приборларды │ │ │ │әзiрлеу, өндiру, жөндеу; босатылатын │ │ │ │әскери-техникалық құралдарды жою │ │ │ │(құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу │ │ │ │ │ │ │3 │Денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, │кемiнде 25 │ │ │мәдениет және спорт саласындағы │ │ │ │өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге │ │ │ │асыру │ │ │ │ │ │ │4 │Уран және басқа да бөлiнетiн │кемiнде 30 │ │ │материалдарды, сондай-ақ олардан │ │ │ │жасалатын өнiмдердi өндiру, шығару, │ │ │ │тасымалдау, өңдеу, көму және сату; │ │ │ │арнайы қорғаныс құралдарын қолдануды │ │ │ │қажет етпей оларды пайдалануға жол │ │ │ │берiлетiн нормадан асатын мөлшерде │ │ │ │радиоактивтiк заттары бар өнiмдердi │ │ │ │дайындау және сату │ │ │ │ │ │ │5 │Бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және │кемiнде 30 │ │ │полиграфиялық қызмет саласындағы │ │ │ │өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге │ │ │ │асыру │ │ │ │ │ │ │6 │Мемлекеттік автомобиль жолдарының │кемiнде 40 │ │ │желісін және олар үшiн заңнамада │ │ │ │қаржыландырудың арнайы тәртібі │ │ │ │белгiленген басқа да инфрақұрылым │ │ │ │объектiлерiн ұстау және дамыту │ │ │ │ │ │ │7 │Энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, │кемiнде 50 │ │ │магистральдық көлiк, байланыс, │ │ │ │коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын │ │ │ │үй шаруашылығы және өзiнiң табиғи │ │ │ │монополиялық жағдайына және │ │ │ │әлеуметтiк-экономикалық мәнiне │ │ │ │байланысты тiкелей мемлекеттік басқаруды │ │ │ │қажет ететiн республикалық инфрақұрылымның │ │ │ │тіршілігін қамтамасыз етудiң басқа жүйелерi │ │ │ │саласындағы шаруашылық қызметтi жүзеге │ │ │ │асыру │ │ │ │ │ │ │8 │Мемлекеттік құқықтық кадастрды жүргiзудi │кемінде 50 │ │ │қамтамасыз ететiн қызметтi жүзеге асыру │ │ │ │ │ │ │9 ├Қару-жарақты және оған оқ-дәрiлердi, │кемiнде 50 │ │ │қорғаныс құралдарын, әскери техниканы, │ │ |