Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 05.09.03 ж. № 903 қаулысымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспары) бекітілсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін, мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарында белгіленген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Орталық атқарушы органдар екі апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Министрліктің (Агенттіктің) іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Министрліктің (Агенттіктің) жоспары) әзірлесін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен келісім бойынша бекітсін. 4. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөнінде тиісінше Органның, облыстың, Астана және Алматы қалаларының іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Органның, облыстың, қаланың жоспары) әзірлесін және бекітсін. ҚР Үкіметінің 23.10.02 ж. № 1145 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|