Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 ҚР Үкіметінің 05.09.03 ж. № 903 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 5, 6, 8 және 10-тармақтардағы "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі, Кедендiк бақылау агенттiктерi: екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде министрлiктердiң (агенттiктердiң) Iс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарымен келісім бойынша әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникациялар, Сыртқы iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгі: екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде министрлiктердiң (агенттiктердiң) бекітілген Iс-шаралар жоспарларына өзгерістер енгiзсiн. 4. Министрлiктердiң (агенттiктердiң) бекітілген және нақтыланған iс-шаралар жоспарлары 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|