Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру Осы редакция 2005 ж. 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия құрамы; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін. ҚР Үкіметінің 06.04.01 ж. № 451; 31.10.02 ж. № 1155 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі белгіленсін. 4. Мыналар таратылсын: 1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 5-тармақтың күшi жойылды 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады. Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді". 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 28.11.01 ж. № 1539; 31.10.02 ж. № 1155 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамы ҚР Үкіметінің 03.04.00 ж. № 489; 28.07.00 ж. № 1157; 16.10.00 ж. № 1540; 28.11.01 ж. № 1539; 26.03.02 ж. № 355; 31.10.02 ж. № 1155 (бұр. ред. қара); 06.06.03 ж. № 536; 02.09.03 ж. № 891; 2005.19.03 № 254 (бұр. ред. қара); қаулыларымен құрам өзгетілді Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Сауат Мұхаметбайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, төраға Өтeмбаев - Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Ерiк Мылтықбайұлы Кеңесi Хатшысының орынбасары - Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының меңгерушiсi, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кәрiм Қажымқанұлы орынбасары, Мемлекеттік комиссияның төрағасы Өксiкбаев - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Омархан Нұртайұлы Кеңесiнің Хатшысы, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Нартай Нұртайұлы қауiпсiздiк комитетiнің төрағасы (келісім бойынша) Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Бердiбек Машбекұлы вице-министрi - Министрлiктің Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы Есенбаев ‑ Қазақстан Республикасының Индустрия Мәжит Төлеубекұлы және сауда министрi Нұрсейітов - Қазақстан Республикасының Азамат Айтқалиұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттік комиссияның хатшысы Ким Георгий Владимирович ‑ Қазақстан Республикасының Әділет министрі Алтынбаев - Қазақстан Республикасының Мұхтар Қапашұлы Қорғаныс министрі Жұмабеков - Қазақстан Республикасының Оңалсын Исламұлы Әділет министрі Мұқашев - Қазақстан Республикасы Премьер- Жанат Бәзікенұлы Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі, Мемлекеттік комиссияның хатшысы; Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия Андрей Иванович және сауда вице-министрi Шәкiров - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Асқар Оразалыұлы министрiнiң орынбасары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 28.11.01 ж. № 1539 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады. 2. Комиссияның негізгі міндеттері 4. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі, қайталама экспорты мен транзиті саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) барлық орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру және экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті жөніндегі қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға ұсынымдар әзірлеу; 3) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын мемлекеттік органдардың сақтауына бақылауды ұйымдастыру; 4) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру, соның ішінде қару-жарақ, әскери техника, ядролық материалдар мен екіұдай мақсаттағы өнім экспортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңдарын жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдеріне қатысу және т.с.с. 5) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің рәсімдері мен ережелерін халықаралық таратпау режимдерінің нормаларымен және ережелерімен үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады: 1) Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын қарайды; 2) экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдерге (Ядролық жеткізіп берушілер тобы, Ракеталық технологияларды бақылау режимі, Австралиялық топ, Вассенаар уағдаластығы және тағы басқалар) Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін қарайды; 3) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 4) әскери өнеркәсіпті конверсиялау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 5) көптарапты экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлігінде ұсынымдар әзірлейді; 6) экспорттық бақылауға жататын өнімдер контрабандасының жолын кесу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 7) экспорттық бақылау саласында белгіленген ережелер мен рәсімдердің сақталуына бақылау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлайды; 8) бақылау тізіміне енетін өнім номенклатурасы жөнінде ұсыныстар енгізеді; 9) экспорттық бақылауға жататын өнімді үшінші бір елдерге экспорттаудың ұлттық ережелері мен рәсімдерін Кеден одағы елдерімен үндестіруді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 10) экспорттық бақылау саласында шетел тәжірибесін қорытындылайды; 11) мемлекеттік органдарға жөнелтілер алдындағы кезеңде және экспорттық бақылауға жататын өнімдердің түпкілікті пайдаланылуына тексеру жүргізуді ұсынады; 12) өзінің құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді қарайды. 6. Комиссия өзіне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және міндеттерді орындау кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республиканың стратегиялық мүдделерін қорғау жөніндегі ұсыныстарды табыс етуге; 2) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты, қайталама экспорты мен транзиті мәселелері жөніндегі Комиссияның жұмысшы органы дайындаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жобасын қарауға; 3) мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін, алайда қару-жарақтардың экспорты-импорты мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерін әзірлеуге және қарауға қатысуына; 4) өз құзыретінің шегінде хаттамалар түрінде шығарылатын ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдауға; 5) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және нормативтік құқықтық актілерді қарауға; 6) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұратуға; 7) қаралатын мәселелерге қосымша сараптамалық бағалау жүргізу үшін орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың, өзге де заңды тұлғалардың қызметкерлері қатарынан сарапшыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларды тартуға; 8) қостараптық және көптараптық негізде үкіметаралық ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер әзірлеуге және Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға; 9) экспорттық бақылаудың мәселелерін пысықтау үшін жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 10) заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Комиссияға оның Төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары басшылық жасайды. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның өкілеттіктерін Комиссия төрағасының орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 9-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Комиссияның жұмысы ағымдағы және келешекті жоспарлар негізінде жүзеге асырылады. Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет, оның мүшелерінің кемінде жартысы болған кезінде өткізіледі. ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 11-тармақ өзгертілді 11. Мәжілістің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер мәжіліске қатысып отырған Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады. ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 12-тармақ өзгертілді 12. Комиссия мәжілістері күн тәртібінің мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындылары көрсетіле отырып, мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелері қол қоятын тиісті хаттамаларға енгізіледі. ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 13-тармақ өзгертілді 13. Комиссия мәжілістерінің хаттамаларын Комиссия хатшысы ресімдейді және төрағалық етуші қол қояды. ҚР Үкіметінің 31.10.02 ж. № 1155 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Комиссияның жұмыс органы Комиссия мәжілістерінің күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдар дайындайды. ҚР Үкіметінің 16.10.00 ж. № 1540; 28.11.01 ж. № 1539; 31.10.02 ж. № 1155 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 15-тармақ өзгертілді 15. ҚР Үкіметінің 2005.19.03 № 254 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 16.10.00 ж. № 1540; 31.10.02 ж. № 1155 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 16-тармақ өзгертілді 16. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөніндегі қаулыларын ?кімет қажет болған жағдайда, олар Комиссия мәжілістерiнде қаралғаннан кейiн қабылдай алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. "Қазақстан Республикасында Экспорттық бақылау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы № 338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 10, 118-құжат). 2. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі № 950 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 34, 307-құжат). 3. "Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысының 1-4, 8-тармақтары. 4. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 маусымдағы № 694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 25, 235-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы № 338 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 қыркүйектегі № 1311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 406-құжат). 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 46, 422-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы. |