|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі); 2024.10.06. № 90-VIII ҚР Заңын қараңыз (2024 ж. 12 желтоқсаннан, 2025 ж. 1 қаңтардан, 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 3-тарау. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу 9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу 10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту 10-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды қолдау 11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау 12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк реттеу 13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету 13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету 13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету 14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық және технологиялық қамтамасыз ету 15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету 16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар 16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар 17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау 18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту 19-бап. Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету 3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу 19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары 19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі 19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкаларымен», «ставкалар», «проценттік», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелерімен», «мөлшерлемелер», «пайыздық», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
2007.27.03. № 242-III ҚР Заңымен; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертіліді (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы; 2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау; 3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - сақтандырудың ақпараттық жүйесі) - агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың электрондық шарттарын жасасуды, тараптарды белгілі бір уақыт кезіне сәйкестендіруді және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың жасалған электрондық шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорды (мәліметтер жиынтығы) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін акционерлік қоғам; 4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар - өзіне: мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды; терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды; топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені; 6-2) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6-3) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз; 8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы; 9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда 10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры; 10-1) - 10-4) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі; 12) 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет; 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) ауыл шаруашылығы өнiмi - бал ара шаруашылығын, аквашаруашылықты қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының, оның ішінде органикалық өндіру арқылы алынған шикiзаты және өнiмi, сондай-ақ оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер; 14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі; 15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ; 16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы; 17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы; 18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды 19-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші - ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігі - мынадай: тұрақтандыру қорларының қызметі; кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асыру; 21) 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 22-1) - 22-3) тармақшалармен толықтырылды 22-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлға немесе осындай жеке тұлғаның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде есепке алынған отбасы мүшесі; 22-2) инвестициялық салымдар - жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар; 22-3) кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы - өзiндiк құны мен рентабельдiлiгі ескерiле отырып белгiленетiн, ауылшаруашылық тауарын өндiрушiлерден ауылшаруашылық өнiмiн сатып алу жүзеге асырылатын баға; 22-4) қайта өңдеушi кәсiпорындар - ауылшаруашылық өнiмiн бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеудi жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерi; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) мамандандырылған ұйым - агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24) мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық қарап-тексеру, оларды басқару құқығына емтихан қабылдау және куәліктер беру, оларды пайдалану қағидаларының сақталуын қадағалау; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-1) тармақша жаңа редакцияда 24-1) сарапшылық кеңес - агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуының және қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды 24-2) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өніміне ұсына алатын баға; 25) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) сервистік-дайындау орталығы - ауыл шаруашылығы кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі және ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған объект; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 26-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26-1) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау - суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалауға және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған іздестіру жұмыстарының кешені; 26-2) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 26-3) тармақшамен толықтырылды 26-3) субсидиялау - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру; 27) тұтынудың физиологиялық нормалары - сау адамның физиологиялық қажеттілігі толық қанағаттандырылатын тағамдық өнімдердің азықтық және энергетикалық құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тағамдық өнімдерді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары; 28) фитосанитариялық қауіпсіздік - ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды 28-1) химиялық мелиорациялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарының қасиетін жақсарту және шығымдылығын арттыру үшін топыраққа химиялық әсер ету амалдарының жүйесі; 29) ішкі азық-түлік ресурстары - белгілі бір уақыт кезеңінде республика аумағында өндірілетін азық-түлік тауарларының болуы; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 30) электрондық алаң - тұғырнамасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері өздерінің ауыл шаруашылығы тәуекелдерін шығаратын және орналастыратын, сақтандырудың ақпараттық жүйесі базасында жұмыс істейтін ұйымдастырылған электрондық алаң.
2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен принциптері 1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары: 1) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету; 2) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 3) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету; 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау; 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) органикалық өнім өндіруді дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу: 1) экономикалық өсу әлеуетi бар агро-өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы; 2) ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердiң талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестiк; 3) мемлекет жүзеге асыратын iс-шаралардың ашықтығы; 4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудiң атаулылығы; 5) отандық агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту; 6) iшкi нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы; 7) мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату; 8) агроөнеркәсiптiк кешен қызметiнiң және тұрғындардың ауылдық елдi мекендерде тұруының экологиялық қауiпсiздiгi; 9) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестiктерiмен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара iс-қимыл; 10) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі; 11) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажеттi көлемiн қамтамасыз ету; 12) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
4-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне: 1) агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлеу; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту; 2) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету; 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) органикалық өнім өндіру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру; 3) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту; 4) - 6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдау тәртiбiн айқындау; 9) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекіту кіреді. 11) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) - 16) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне: 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 2-1) органикалық өнім өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері 2-тарау. Мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті4-бап. Алып тасталды5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) және жергiлiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi8-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыреті 3-тарау. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту10-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды қолдау11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк реттеу13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық және технологиялық қамтамасыз ету14-1-бап. Алып тасталды15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту19-бап. Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету 3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия 4-тарау. Қорытынды ережелер |