Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының (ҚР 04.06.01 ж. № 204-II; 11.03.03 ж. № 393-II; 25.09.03 ж. № 484-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің (7 - 10 баптар) құқықтық жағдайы 3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру (11 - 14 баптар) 4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру (15 - 20 баптар) және қызметтік мансап 5-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді (21 - 25 баптар) қамсыздандыру 6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің (26 - 27 баптар) мемлекеттік қызметті тоқтатуы 7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы (28 - 29 баптар) заңдарды бұзу үшін жауаптылық 8-тарау. Қорытынды ережелер (30 бап) 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттік саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттік органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшi; мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бірлiгі; мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік органдардағы мемлекеттік билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөніндегі қызметi; мемлекеттік қызметшi - мемлекеттік органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттің мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам лауазымдық өкiлеттiк - заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттік қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкiлеттiк; мемлекеттік әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы; біліктілік талаптары - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттілігiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар; мемлекеттік саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттік қызметшi. 2-бап. Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Мемлекеттік қызметтiң принциптерi 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет: 3) мемлекеттік өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесiнiң біртұтастығы; 4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; 5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруiнiң ерiктілігi; 7) мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктілігi; 8) мәнi бірдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу; 9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшiлер мен төменгi мемлекеттік органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттілігi; 10) мемлекеттік қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептілігi; 11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 12) мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы; 13) мемлекеттік қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; 14) мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; 15) мемлекеттік қызметшілердiң біліктілігiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi. 2. Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттік қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды. 1. Осы Заң барлық мемлекеттік қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актілерінде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды. 2. Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттік қызметшiге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 5-бап. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi 1. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оған мынадай өкiлеттiктер жүктеледi: 1) мемлекеттік қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) мемлекеттік қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау; 3) мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк біліктілік талаптарын әзiрлеу және бекіту; 4) мемлекеттік қызмет қызметшiлерi жөніндегі республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн қалыптастыру; 5) мемлекеттік қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 6) Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де актілердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне ұсыну; 7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру; Шет елдерде мемлекеттік қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн көтеруге жiберу Ережесін қараңыз 8) мемлекеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың біліктілігiн арттыруды үйлестiру; 9) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 10) мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткізу тәртібін белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру; 10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу; 11) мемлекеттік органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгізу; 12) мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешіміне жасалған шағымдарын қарау; 13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну; 14) мемлекеттік қызмет мәселелерi жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу; 15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жүктеледi. 2. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады. Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады. 3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығын қараңыз 6-бап. Мемлекеттік органдардың кадр қызметi Мемлекеттік органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде: 1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттік қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi; 2) мемлекеттік қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келісімін жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi); 3) мемлекеттік қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды; 4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды; 5) мемлекеттік қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады; 6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 7-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң қызметiн саралау 1. Мемлекеттік қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi. 1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 2-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары; 3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшiлер; 4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. 3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарынын санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 4. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi. 8-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтары Мемлекеттік қызметшiнiң: 1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; 4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; 5) басшыдан мемлекеттік қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; 6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; 7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; 8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігiн арттыруға; 9) өзiнiң мемлекеттік қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; 10) біліктілігi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; 12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; 13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; 14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға; 15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға; 16) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. 9-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi 1. Мемлекеттік қызметшiлер: 1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; 2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттік қызметшiнiң антын беруге; 3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; 4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; 5) мемлекеттік тәртiп пен еңбек тәртібін сақтауға; 6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; 7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға; 8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; 9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттік қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бір уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; 10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; 11) мемлекеттік меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге; 12) мемлекеттік қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге; 13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктілігiн арттыруға мiндеттi. 2. Мемлекеттік қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi үлгi біліктілік талаптар негiзiнде айқындалады және тиiстi мемлекеттік органдардың басшылары бекiтетiн қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi. ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 10-бап. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер 1. Мемлекеттік қызметшiнiң: 1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға; 2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; 3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; 4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға; 5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; 6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; 7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. 2. Мемлекеттік қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бір ай iшiнде мемлекеттік қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берілген өзге де мүлiктi қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенім бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мемлекеттік қызметшiнiң сенім бiлдiрiлген басқаруға берiлген мүлiктен, соның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар. 3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. 3-1. Мемлекеттік қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актілерімен шектеулер көзделуi мүмкiн. 1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған; 2) сот белгiлi бір мерзiм iшiнде мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған; 3) біліктілік талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар; 4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; 5) мемлекеттік қызметке кiрер алдында екі жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған; 6) мемлекеттік қызметке кiрер алдында бір жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 6-1) мемлекеттік қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 7) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды. 5. Аталған мәлiметтердi табыс етпеу немесе бұрмалау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып табылады. 3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 11-бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң мемлекеттік қызметке кіруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады. ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 12-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 12-бап. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке кіру құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. 3. Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, өз өкiлеттiгiн доғарған және ұсынылатын біліктілік талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік саяси қызметшiлер мен тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. 4. Мемлекеттік қызметке кіру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенімiне, қоғамдық бірлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi. 5. Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады. ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 13-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара) 13-бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезiнде қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға: 1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға; 3) қажеттi білімi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс. 2. Азамат мемлекеттік қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. 3. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. 5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді. ҚР 04.06.01 ж. № 204-II Заңына сәйкес 14-бап өзгертілді және толықтырылды; ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 14-бап. Мемлекеттік әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс 1. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етедi. 2. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізудiң шарттары мен тәртібін, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша уәкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін өткізеді. Конкурс орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомостволарда өткізілген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. 3-1. Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос тұрған орынға өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс. 4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар. |