Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысының 54-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер 1. ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1139 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 21.03.97 ж. № 382 қаулысымен алып тасталды 4. "Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 15 желтоқсандағы № 1055 қаулысымен бекітілген Босқындармен жұмыс туралы уақытша ереженiң 5-тармағының үшiншi абзацындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 48, 715-құжат) "ең төменгi айлықтың" деген сөздер "есептiк көрсеткiшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. ҚР Үкіметінің 2005.04.03 № 205 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. "Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы № 20 қаулысымен бекітілген бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы ереженiң 15 және 43-тармақтарындағы "жалақының ең төменгi мөлшерi", "ең төменгi жалақы" деген сөздер "есептiк көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 7. ҚР Үкіметінің 19.03.02 ж. № 331 қаулысымен алып тасталды 8. ҚР Үкіметінің 26.08.98 ж. № 803 қаулысымен алып тасталды 9. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Иран Ислам Республикасынан және басқа да мемлекеттерден отандастардың көшiп келу квотасы және қоныс аударуын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 15 сәуірдегі № 1184 қаулысын орындау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 27 мамырдағы № 437 қаулысының 10-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 19, 239-құжат) "ең төменгi жалақының" деген сөздер "есептiк көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 10. ҚР Үкіметінің 16.07.02 ж. № 789 қаулысымен алып тасталды 11. "Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы Ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы № 577 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы Ережелердiң 8-тармағының бесiншi абзацындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 24, 250-құжат) "ең төменгi жалақы" деген сөздер "есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын. 12. "Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзуге және пайдалы қазбалар өндiруге лицензиялар беру үшiн ақының уақытша бағалықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 маусымдағы № 600 қаулысымен бекітілген кестенiң мәтiніндегі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 25, 259-құжат) "ең төменгi айлықақы" деген сөздер "есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын. 13. "Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөніндегі Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 тамыздағы № 896 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөніндегі Ереженiң 18-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 35, 379-құжат) "ең төменгi еңбекақыдан" деген сөздер "есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылсын. 14. ҚР Үкіметінің 22.09.00 ж. № 1428 қаулысымен алып тасталды 15. ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 157 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 16. ҚР Үкіметінің 17.05.00 ж. № 738 қаулысымен алып тасталды 17. ҚР Үкіметінің 04.09.98 ж. № 840 қаулысымен алып тасталды 18. ҚР Үкіметінің 19.11.96 ж. № 1405 қаулысымен алып тасталды 19. "Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1037 қаулысымен бекітілген Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу тәртібі туралы ереженiң мәтiніндегі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 304-құжат) "ең төменгi жиырма жалақы", "ең төменгi айлық жалақының төрт еселенген" деген сөздер тиiсiнше "жиырма есептiк көрсеткiштiң", "есептiк көрсеткiштiң төрт еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын. 20. "Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1126 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі туралы ереженiң 9-тармағының екiншi, үшiншi абзацтарындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 336-құжат) "еселенген ең аз айлық жалақы" деген сөздер "еселенген айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын. 21. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженiң 3-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат) "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "есептiк көрсеткiштiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 22. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |