«Қазақстан Республикасында бөртпе сүзегінің және Брилл ауруының алдын
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында бөртпе сүзегiнiң және Брилл ауруының алдын алу шараларын күшейту мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) бөртпе сүзегi және Брилл ауруының алдын алу, бөртпе сүзегi мен биттеу ошағында зарарсыздандыру және дезинсекциялық шараларды жүргiзу туралы; 2) бөртпе сүзегiн зертханалық жолмен анықтау туралы; 3) бөртпе сүзегiнiң және Брилл ауруының клиникасы, оның анықталуы және ем жүргiзiлуi туралы нұсқаулықтар бекітілсiн. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) басшылары емдеу ұйымдарына жаңа стационарлық зарарсыздандырғыш камераларды сатып алу және iстен шыққандарын жөндеу туралы мәселенi шешсiн және емдеу-алдын алу ұйымдарында науқастарды қабылдайтын бөлiмшелердiң және санитарлық өткiзiгiштердiң тиiстi санитарлық-гигиеналық жұмыс тәртібін қамтамасыз етсiн. 3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көлiк саласындағы мемлекеттік санитарлық бас дәрiгерлерi: 1) Емдеу-алдын алу ұйымдарында, балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдарында, жатақханаларда, коммуналдық қызмет көрсету нысандарында зарарсыздандыру тәртібін сақтауға бақылау жасауды және биттегендiктiң алдын алуға және таралмауына бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың орындалуын; 2) санитарлық және iндетке қарсы (алдын алу) шаралар кешенiн және тексерiстердiң зертханалық әдiстерiн жүргiзiп, бөртпе сүзегiнiң және Брилл ауруының әрбір жағдайының себептерiне тексерiс жүргiзудi; 3) оларды стационарлық дезинфекциялық камералармен қамтамасыз етпей, жаңа салынған, қайта қалпына келтiрiлген, күрделi жөндеуден өткен емдеу-алдын алу ұйымдарының ғимараттарын пайдалануға жол бермеудi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|