| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 525 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртібін айқындайтын ереже бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1110 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнің (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртібін айқындайтын ереже (бұдан әрi - Ереже) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Қызметтер мынадай тәртiппен көрсетіледi: 1) дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн көрсету; 2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде қызметтер көрсету (жарыстарды, арнайы кешендi спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу); 3) спорт мүкәммалын пайдалану жөнiнде қызметтер көрсету; 4) өзге дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысу жағдайларын кейiннен iске асыра отырып, спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау жөнiнде қызметтер көрсету. 3. Қызметтер мемлекеттік бюджет шеңберінде қаржыландырылатын негізгі қызметтiң орнына көрсетілмейдi. 4. Қызметтер көpceту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен шарттық негiзде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын түсiмдер мен шығыстарды пайдалану тәртібі
5. Мемлекеттік мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелiгiнде қалатын ақша мемлекеттік мекемелер қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаны есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетінде ашатын шотқа аударылады және осы Ережеге сәйкес пайдаланылады. 6. Мемлекеттік мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын ақша есебiнен операцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен олардың түрлерi бойынша қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаның түсiмдер мен шығыстар жоспарларын жасайды және оны бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекiтедi. 7. Мемлекеттік мекемелердiң қызметтерiн iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын ақша: 1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі сауықтыру топтарының жаттықтырушыларына еңбекақы төлеуге, осы топтарды ұйымдастыруға байланысты шығыстарды жабуға; 2) спорт құрылыстары мен ғимараттарын ұстауға, жөндеуге, мамандандырылған жабдықтар мен мүкәммал, спорт киімдерiн сатып алуға, оқу-жаттығу жұмысын қамтамасыз етуге, жарыстарға қатысуға, спорттық iс-шаралар өткізуге, әкiмшілiк-басқару және шаруашылық шығыстарына; 3) спорт мүкәммалы мен жабдықтарын жөндеуге; 4) автомобильдi және арнайы көлiктi ұстауға, арнайы техника мен жабдықтарды жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге; 5) спорттық iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, төрешiлер мен медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, мәдени-бұқаралық және сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру жөнiндегі шығыстарды жабуға; 6) қызметтік iссапарларға; 7) спортшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудi жақсартуға, әкiмшiлiк, шаруашылық, жатын және көмекшi үй-жайлар үшiн жиһаз сатып алуға; 8) ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге, шаруашылық және өзге де ағымдағы шығыстарға; 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спортшыларымен оқу-жаттығу және жарыс процестерін ұйымдастыру үшiн үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға ақы төлеуге; 10) заттай мүлiк заттарын және басқа да нысанды әрi арнайы киім-кешек сатып алуға, тiгуге және жөндеуге; 11) коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтерiне ақы төлеуге; 12) көлiктiк қызметтерге ақы төлеуге; 13) заңды және жеке тұлғалар шарт бойынша көрсететiн қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге; 14) банктiк қызметтерге ақы төлеуге; 15) оқу шығыстарына ақы төлеуге; 16) спорттық iс-шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына берілетiн жүлделерге, естелiк сыйлықтарға, грамоталар мен ақшалай сыйақыларға; 17) спорттық iс-шараларға қатысу үшiн жарналарға; 18) спортшылар мен құрама командалардың оқу-жаттығу процесiн фармакологиялық қамтамасыз етуге; 19) заңдық қызметтерге жұмсалады. 8. Мемлекеттік мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелiгiнде қалатын ақшаны есепке алу және олардың жұмсалуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |