Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы Қазақстан Республикасы
Осы редакция 2005 ж. 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ қызметі Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін халықаралық және басқа мемлекеттердің өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырады. 4. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатта болады. 2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері 5. Кеңестің мақсаты елдегі мемлекеттік жастар саясатының аса маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 6. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) жастар проблемаларын жан-жақты және әділ зерделеу, қорыту және талдау; 2) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 3) жастар мәселелері бойынша заңдық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын талдау және сараптау; 4) халықаралық жастар ынтымақтастығының басым бағыттарын әзірлеу; 5) мемлекеттік жастар саясатының жағдайы мен іске асырылу перспективасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету. 3. Кеңесті ұйымдастыру және қызметінің тәртібі 7. Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады. 8. Кеңес отырысы кемінде жарты жылда бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады. 9. Кеңес отырысы Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады. 10. Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып қабылданады және егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. 11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда мыналарға құқылы: 1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; 2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары жастар мәселелері бойынша шешімдер қабылдауы кезінде ұсыныстар енгізуге; 3) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық деректер банкін пайдалануға; 4) ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға. 4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің 13.04.04 ж. № 413 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді(бұр.ред. қара) 12. Кеңестің қызметін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне жүктеледі. 5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі 13. Кеңестің қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің Құрамы ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. № 490; 03.04.02 ж. № 397; 29.08.03 ж. № 887 (бұрынғы ред. қара);13.04.04 ж. № 413 бұрынғы ред. қара) 30.07.04 ж. № 807 (бұрынғы ред. қара); 2005.03.05. № 420 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді Әйтімова - Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым Бірғаным Сарықызы министрi, төрайым Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым
Өтешев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Нұрлан Сүлейменұлы министрлігі Жастар саясаты департаментiнiң директоры, хатшы"; Кеңес мүшелері: Досаев - Қазақстан Республикасының Ерболат Асқарбекұлы Денсаулық сақтау министрi; Тұрысбеков - Қазақстан Республикасының Зауытбек Қауысбекұлы Iшкi iстер министрi Шәуеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Азат Сәдметұлы Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң бас сарапшысы
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бауыржан Әлiмұлы Министрінің орынбасары, төраға Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, төраға
Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президентінің Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша)
Жоламан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Адамсопиев - Қазақстан Жастар одағының Бақыт Нұртасұлы бірінші хатшысы (келісім бойынша)
Бердiоңғаров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Әбдіманапов - Қазақстан жоғарғы оқу орындары ректорлары
Қожахмет - "Қазақстан жастары конгресi" қауымдастық
Бобрышева - "Шығыс Қазақстан облыстық жастар және
Палаев - "Қазақстан ауыл жастары одағы" қоғамдық
Әукенов - "21 ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы"
Дәулетжанов - Батыс Қазақстан облысы облыстық
Хаматдинова - "Жастар таңдауы" қоғамдық бiрлестігiнiң
Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер, 1998 жылғы
Баймұханов - Маңғыстау облыстық мәслихатының Нұрбол Болатұлы депутаты (келісім бойынша) Алшанов - Қазақстан Республикасының Рахман Алшанұлы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Бексұлтанов Мәди Қазбекұлы - "Қазақстанның болашағы үшін" республикалық жастар қозғалысының төрағасы (келісім бойынша)
Тупицын - Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, Сергей Геннадьевич әлеуметтiк саясат жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Алтынбаев - Қазақстан Республикасының Мұхтар Қапашұлы Қорғаныс министрi
Беркімбаева - Қазақстан Республикасының Білім Шәмша Көпбайқызы және ғылым министрi Жағанова - Қазақстан Республикасы Көшi-қон Алтыншаш және демография жөніндегі Қайыржанқызы агенттiгiнiң төрайымы Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек Гүлжан Жанпейісқызы және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Смайылов - Қазақстан Республикасының Әлихан Асханұлы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Iшкi Қайырбек Шошанұлы iстер министрi Оразов - Қазақстан Республикасының Нұрай Нұрғожаұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, хатшы Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Ғабидолла Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Рахматоллаұлы агенттiгінiң төрағасы, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бітірушілерінің қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) Әлжан - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ақсәуле Қанатқызы ұлттық университетінің студенті (келісім бойынша) Бейсенов - Қарағанды облыстық мәслихатының Арман Қадырбайұлы депутаты, Қарағанды облыстарының әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі (келісім бойынша) Сыздықова - Астана қаласы мәслихатының Бақыт Ахметқызы депутаты, "Астана қаласының Қазақстанның болашағы үшін" жастар қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) |