Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу
Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттік бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерi тiзбесiнiң бекітілуi туралы ақпаратты жеткiзсiн. 3. "Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 906 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын. 4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 648 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнiң тiзбесi 1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пункттерi: Ганюшкино (Атырау облысы) Семиглавый мар (Батыс Қазақстан облысы) Сайхин (Батыс Қазақстан облысы) Жәнiбек (Батыс Қазақстан облысы) Кайсацкая (Батыс Қазақстан облысы) Қыргелдi (Ақтөбе облысы) Жайсан (Ақтөбе облысы) Шыңғырлау (Батыс Қазақстан облысы) Ақсу (Қостанай облысы) Магнай (Қостанай облысы) Қайрақ (Қостанай облысы) Боскөл (Қостанай облысы) Пресногорьков (Қостанай облысы) Мамлютка (Солтүстiк Қазақстан облысы) Булаев (Солтүстiк Қазақстан облысы) Қызылту (Солтүстiк Қазақстан облысы) Уәлиханов (Павлодар облысы) Мыңкөл (Павлодар облысы) Шарбақты (Павлодар облысы) Ауыл (Шығыс Қазақстан облысы) Шемонаиха (Шығыс Қазақстан облысы) Союзное (Ақтөбе облысы) Жезкент (Шығыс Қазақстан облысы). 2. Өзбекстан Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пункттері: Оазис (Маңғыстау облысы) Сарыағаш (Оңтүстiк Қазақстан облысы) Пахтаарав (Оңтүстiк Қазақстан облысы) Жетiсай (Оңтүстiк Қазақстан облысы) Шардара (Оңтүстiк Қазақстан облысы). 3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пункті: Чальдовар (Жамбыл облысы). 4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пунктi: Достық (Алматы облысы). |