Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы (2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жылу және электр қуатын тұрмыстық мақсаттарда тұтынғаны үшін берешектерді өндіру туралы заңдардың нормаларын сот тәжірибесінде қолдану мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - АК) сәйкес, қуатпен қамтамасыз ету шарты көпшілікке әйгілі жария шарт болып табылады. Қуатпен қамсыздандырушы ұйым мен абонент арасында энергиямен жабдықтау жеке шарты жасалуы мүмкін, осы шарттың талаптары жария шарттың талаптарына сәйкес болуы керек. 2. Тұтынушы пайдаланылған қуаты үшін өз уақытында ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда қуатпен қамтамасыз етуші ұйым қарызды өндіруді және заңды айып төлеуді талап етуге құқылы (АК-нің 295-бабының 1-тармағы). ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 25 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы деп Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын шектеуден көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеуді түсінген жөн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|