Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын (мүлкін) мүліктік жалға беру (аренда) Ережелерін бекіту туралы (2007.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 22 бабының нормаларын назарға ала отырып, Алматы қаласының коммуналдық меншігіне оңтайлы басқару мен билік жүргізу мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) Ережелері (бұдан былай - Ережелер) бекітілсін. 2. Алматы қаласының қаржы департаменті (А.Н. Әбдіқадырова) мына төмендегілерді қамтамасыз етсін: 1) заңмен белгіленген тәртіпте Ережелердің Алматы қаласының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу; 2) Алматы қаласының заңды тұлғаларының (мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар) шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, соның ішінде жекешелендірілуге жатпайтын, мемлекеттік меншік нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) кезінде Ережелерді орындау. 3. Шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) кезінде: 1) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың осы қаулымен бекітілген Ережелерді орындауын қамтамасыз етсін; 2) Ережелермен көзделген жайлардың жалдау төлемін есептеу тәртібі және қолданылатын коэффициенттер мөлшеріне сәйкес жалдау төлемінің ең аз мөлшерлемесін анықтасын. 4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мүлікті жалға берудің барлық қолданыстағы шарттары бойынша Ережелерге сәйкес жалдау төлемінің қайта есеп айырысуын ескере отырып, жалға алушылармен қосымша келісімдер жасауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|