|
|
|
Қазақстан Республикасының (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкасын», «ставкаларын», «проценттік», деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесін», «мөлшерлемелерін», «пайыздық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) ақпараттық құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға ақпарат ұсыну тетіктері; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға; 2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі; 3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман; 4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi; 5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi; 6) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенi; 8) жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi; 9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн білдіру және қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым; 11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу - кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттік органдардың тануы; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) жылдық орташа табыс - соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;» 12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган - жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан: жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу; жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган; 15) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16) коммерциялық құпия - жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайтын және қорғайтын, заңды негiзде еркiн қол жеткiзуге адамдардың шектеулi тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн ақпарат; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3) және 16-4) тармақшалармен толықтырылды 16-1) реттегіш құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын рұқсаттар мен хабарламалар; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар; 16-2) реттеуді қатаңдату - реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту; 16-3) реттеушілік әсерді талдау - кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі; 16-4) реттеуші мемлекеттік органдар - реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар; 17) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-тармақпен толықтырылды 4. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-бап. Жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу шектерi 1. Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін. 2. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін. 3. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгi мақсаты мен принциптерi 1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері: жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі; жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі; Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.
2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді 2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi 1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс. Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды. 2. Реттегіш құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады: 1) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі; 2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшада көзделген салаларында ғана жүзеге асырылады; 3) ақпараттық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерімен ғана енгізіледі. 3. Реттеушілік әсерді талдауға: 1) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары; 2) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары; 3) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары; 4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары; 5) ақпараттық құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары; 6) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобалары; 7) жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары жатады. 4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі консультативтік-кеңесші орган - Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады. Жаңа реттегіш құралды енгізу Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Реттеушілік әсерді талдау 1. Реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады. 2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі. 3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы мүмкін немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін. Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады. 4. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүргізеді. 5. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу жаңа реттегіш құралды енгізудің міндетті шарты болып табылады. 6. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді. 7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган: 1) реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді; 2) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді. 8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері интернет-ресурстарда орналастырылады.
2-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС IСТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерi 1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады: 1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi; 2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi; 3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi. 3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері: жұмыскерлердің жылдық орташа саны; жылдық орташа табысы. 4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу: мемлекеттік статистика; мемлекеттік қолдау көрсету; Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады. Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа саны бойынша критерийлер ғана пайдаланылады. Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін: жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы бойынша екі критерийі пайдаланылады. Бұл ретте, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында оны көрсету үшін өзге де критерийлер көзделуі мүмкін. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. 6. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін: 1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi; 2) акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді; 3) астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi; 4) лотереялар өткiзудi; 5) ойын бизнесі саласындағы қызметтi; 6) мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ өндiру, өңдеу және өткізу, электр және жылу энергиясын өткізу жөнiндегi қызметтi; 7) радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi; 8) банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа); 9) аудиторлық қызметтi; 10) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi; 11) кредиттiк бюролардың қызметін; 12) күзет қызметiн; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып танылмайды. Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша критерий пайдаланылады. 7. Кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны аталған субъект филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескерiле отырып, айқындалады. 8. Осы баптың 5 және 9-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. 9. Мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі 1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді. 2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор. 3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат жұмыста пайдалану үшін мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға электрондық анықтама нысанында беріледі. 4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
1. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. 2. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады. Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет. 3. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады. 4. Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі; 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) шаруа немесе фермер қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады. 5. Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |