Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат): 3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi (бұдан әрi Агенттiк) Қазақстан Республикасының Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік саясатты жүргiзу және мемлекеттік статистиканы басқару; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|