|
|
|
«Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға өндірістік мақсаттар (қайта өңдеу) үшін олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер (бұдан әрі - кредит) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібі мен шарттарын анықтайды. 2. Субсидиялау ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың дамуын қолдау шарасы болып табылады және кредиттер бойынша сыйақы ретінде қарыз алушылардың банктерге төлейтін төлемдері сомасын ішінара арзандату үшін жүзеге асырылады. 3. Субсидиялау 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) 107 "Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады. 4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады: банктер - уәкілетті орган ұсынған тізбеде көрсетілген екінші деңгейдегі банктер; қатысушы банктер - бағдарламаны іске асыруға қатысатын екінші деңгейдегі банктер; қарыз алушылар - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар; бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі; уәкілетті орган - қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган; анықтау - бағдарламаның қатысушы банктерді іріктеу және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджет субсидияларын бөлу.
2. 2006 жылы бағдарламаның әкімшісі анықтайтын банктердің сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау тәртібi
5. Бағдарламаның әкімшісі банктер қарыз алушыларға беретін кредиттер бойынша субсидиялау үшін қаражатты мынадай кіші салалар (лоттар) бойынша бөледі: 1) ет өңдеу, құс етін және жұмыртқа өндіру; 2) сүт өңдеу; 3) жеміс-жидектерді, көкөністерді қайта өңдеу және жеміс-көкөніс консервілерін, балалар тағамдарын өндіру; 4) майлы дақылдарды қайта өңдеу және өсімдік майын өндіру; 5) дәнді дақылдарды өңдеу. 6. Республикалық бюджеттен берілетін субсидиялау сомасы он екі айға дейін мерзімге берілген кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының 80 пайызына дейінін құрайды, оның сомасы 150000000 (бір жүз елу миллион) теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте кредиттің пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігінің үлесі барлық қарыз алушылар үшін тең болуы тиіс. 7. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктерді анықтауды жүзеге асыру үшін бағдарламаның әкімшісі: 1) барлық банктерге Бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктерді анықтау жүргізілетін күн мен орын туралы ақпаратты уәкілетті орган ұсынған тізбе бойынша жолдайды және осы Ережені қоса береді; 2) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан және кемінде бес адамнан болуы тиіс. 8. Банк осы Ереженің талаптарын түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен, бірақ өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Бағдарламаның әкімшісі сұрау салуды тіркеген сәттен бастап үш күн мерзімде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпей, осындай түсіндіруді бағдарламаның әкімшісі осы Ережеге сәйкес шақыру жіберген барлық банктерге хабарлайды. 9. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктерді анықтауды мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады: 1) қарыз алушыға берілетін кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының деңгейі жылдық 15 (он бес) пайыздан аспауы тиіс; 2) қарыз алушының және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын қарыз алушылар өтінімдерінің қалыптасқан портфелінің болуы; 3) банктің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындармен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы; 4) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен бұрын алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы; 5) анықтау жүргізілетін күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті органның пруденциялық нормативтерін сақтау; 6) уәкілетті орган белгілеген жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау; 7) филиалдық және/немесе корреспонденттік желінің болуы; 8) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы. 10. Осы Ереженің 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген талаптарға банктің сәйкестігін тексеру үшін бағдарламаның әкімшісі жазбаша сұрау салумен уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүгінеді. 11. Банктер қарыз алушыларға қойылатын мына талаптарды негізге ала отырып, оларды дербес анықтайды: 1) Қазақстан Республикасының резиденті; 2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ банк бұрын берген кредиттер бойынша, берешектің болмауы; 3) негізделген бизнес-жобаның болуы; 4) өнеркәсіптік технология мен жабдықтарды пайдалануы; 5) өндіруге ұсынылатын өнімді өткізу рыногының болуы және сыйымдылығы; 6) отандық тауар өндірушіден өндірістік мақсаттар үшін қажетті ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алу. Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикізатын ауылдық тауар өндірушілер кооперативтерінен сатып алатын қарыз алушылардың құқығы басым болады. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу комиссияның банктің өтінімдер портфелінен қарыз алушыны алып тастауына негіз болуы мүмкін. 12. Анықтауға қатысуға ниет білдірген банктер, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк басшысының немесе өтінімге қол қою құқығына арнап тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлғаның қол қойылған және банктің мөрімен бекітілген әрбір лот бойынша жеке өтінімді ұсынады. 1) банк туралы жалпы мәліметтер; 2) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден бұрын алынған кредиттер бойынша берешектің болмауы туралы (бар болуы туралы) мәліметтер; 3) анықтау жүргізілетін күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтер; 4) жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау туралы мәліметтер; 5) осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарыз алушыға кредит беру кезінде өз пайдасына қарыз алушыдан алынатын сыйақының және өзге де соманың (сақтандыру, комиссиялық және т.б.) ең жоғары мөлшері туралы мәліметтер; 6) қарыз алушылармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы мәліметтер; 7) қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер, бұл ретте қарыз алушылардың өтінімдер портфелі жаңадан берілетін кредиттерден құралуы тиіс; 8) банк өтінімде көрсетілуі қажет деп ұйғарған, жүргізілетін анықтауға қатысы бар өзге де мәліметтер болуы тиіс. 14. Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде: 1) заңды тұлғаны (банкті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) анықтау жүргізілетін күннің алдындағы айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы; 4) банктің төлем қабілеті бар екенін, таратуға жатпайтындығын, оның мүлкіне тыйым салынбағанын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмағанын растайтын банктің анықтамасы; 5) уәкілетті тұлғалардың қолдары қойылған және банктің мөрімен бекітілген соңғы есепті күнгі банктің бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы; 6) банк филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері; 7) қарыз алушының және қарыз алушыға қызмет көрсететін банктің бірінші басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктің мөрлерімен куәландырылған банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарт; 8) ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға арналған алдын ала шарттар (өзі өндірген шикізатты пайдаланған жағдайда өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы қарыз алушының анықтамасы қоса беріледі); 9) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы; 10) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның қысқаша сипаттамасы; 11) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының және қарыз алушыға қызмет көрсететін банктің бірінші басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктің мөрлерімен куәландырылған кредит берудің және оны өтеудің алдын ала кестесі; 12) егер өтінімге банктің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, өтінімге қол қою құқығына сенімхат; 13) анықтау жүргізілетін күннің алдындағы айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушілердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы әрбір қарыз алушы бойынша тиісті салық органы анықтамасының көшірмесі; 14) субсидиялау Ережесінің 27-тармағына сәйкес қатысушы банктер тізбесін бағдарламаның әкімшісі бекіткен күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушылармен кредиттік келісімдер жасау және қарыз алушыларға кредитті толық көлемде беру туралы банктің жазбаша міндеттемесі; 15) анықтауға қатысушының анықтау шарттарына, осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын өзге де құжаттар (түпнұсқалар және (немесе) банк мөрімен куәландырылған көшірмелер түрінде беруге жатады) қоса беріледі. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы мен жобаның қысқаша сипаттамасына қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді қарыз алушыға қызмет көрсететін банктің филиалы растайды (банк филиалының бірінші басшысының қолы және мөрі). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарттың, кредит берудің және оны өтеудің алдын ала кестесінің, ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға арналған алдын ала шарттардың, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы қарыз алушының анықтамаларының факстік көшірмелері немесе ксерокөшірмелері ұсынылған жағдайда, олар банк мөрінің түпнұсқасымен және банктің соған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғасының қолымен куәландырылады. 15. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігіліп, нөмірленуі керек, соңғы бетінің арт жағындағы жіптің ұшы "____ парақ тігілген және нөмірленген. Күні 2006 жылғы "____" "____" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделіп, банктің лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және банктің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, ондай құжаттарды комиссия қарамайды және банкке қайтарылады. 16. Банк бір уақытта бірнеше лоттар бойынша өтінімдер ұсынған жағдайда, банк басқа конверттерге көрсетілген құжаттардың №___"_____ өңдеу" лоты бойынша конвертке салынғандығы туралы Банктің анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженің 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды конверттердің біріне салуға құқылы. Банк бағдарламаны іске асыруға бір немесе бірнеше лоттар бойынша қатысады. 17. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша конверттерді ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. 18. Өтінімдер салынған конверттерді ашу бойынша комиссия отырысы өткізілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде комиссия жеке отырысында өтінімдер берген банктердің анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы мәселені шешеді. 19. Банк осы Ереженің 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда комиссия осы банктің анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды, осы туралы комиссия отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады. 20. Банктердің анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешім рұқсат беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. 21. Комиссия банктердің анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеке отырысында банктердің өтінімдерін олардың толықтығы және осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. 22. Осы Ереженің 9, 12, 13, 14, 15-тармақтарының талаптарына толығымен сәйкес келетін банктер комиссияның шешімімен қатысушы банктер болып белгіленеді. 23. Қаражат көлемін лоттар бойынша бөлуді комиссия қатысушы банктердің қарыз алушыларға лоттар бойынша беруіне жататын кредиттер бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесімді түрде жүзеге асырады. Есеп айырысу кезінде өтінімде (осы Ережеге 1-қосымша, "Қарыз алушылардың өтінім портфелі туралы мәліметтер" деген 7-тарау) көрсетілген сыйақы сомасы алынады. 24. Кредиттер бойынша пайыз ставкасын субсидиялау үшін әрбір қатысушы банкке бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия осы лот бойынша қатысушы банктің қарыз алушыға беруіне жататын кредиттер бойынша әрбір лот бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесімді түрде анықтайды. Есеп айырысу кезінде өтінімде (осы Ережеге 1-қосымша, "Қарыз алушылардың өтінім портфелі туралы мәліметтер" деген 7-тарау) көрсетілген сыйақы сомасы алынады. 25. Қатысушы банктерді анықтау және олардың арасында субсидиялардың сомасын бөлу туралы комиссияның шешімі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, онда қатысушы банктердің атауы, орналасқан жері және деректемелері, олардың негізінде қатысушы банктер белгіленген өлшемдер, қатысушы банктерге берілетін субсидиялардың көлемі, қарыз алушылардың тізбесі, сондай-ақ өтінімдерді қабылдамау себептерін көрсете отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін банктер мен қарыз алушылардың атауы көрсетіледі. 26. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. Комиссия шешімі барлық қатысушы банктерге хабарланады. 27. Әрбір лот бойынша бағдарламаны іске асыратын қатысушылар болып белгіленген банктердің тізбесін қатысушы банктерді анықтау және олардың арасында субсидиялардың сомасын бөлу жөнінде комиссия отырысы болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағдарламаның әкімшісі бекітеді. 28. Анықтау қорытындылары бойынша бағдарламаның әкімшісі қатысушы банктердің тізбесін бекіткен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде банктер қарыз алушыларға кредиттер береді. 29. Қарыз алушыларға банктер кредиттер бергеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бағдарламаның әкімшісі мен банктер арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін және өзге де шарттарды көздейтін субсидиялауға арналған шарттар жасалады. 30. Анықтауды жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбей қалған жағдайда бағдарламаның әкімшісі анықтаудың жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта анықтау жүргізеді. 31. Кейіннен банктің есеп айырысу шотына аудару үшін бағдарламаның әкімшісіне қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Субсидиялар банк бағдарламаның әкімшісіне осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің есеп шотына республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім және осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп берген кезде төленеді. Банктерге субсидиялар төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізімдемені және төлеуге берілген шотты ұсынады. 32. Бағдарламаның әкімшісі банкке субсидияларды мынадай тәртіппен аударады: 2006 жылы есептелуге жататын сыйақы бойынша - тоқсан сайын аванстық төлеммен; 2007 жылы есептелуге жататын сыйақы бойынша - 2006 жылғы желтоқсан айының ішінде аванстық төлеммен. Осы Ережені іске асыру мақсаты үшін «тоқсан» деген ұғыммен бағдарлама әкімшісі мен банктер арасындағы субсидиялауға арналған шарт жасалған күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн түсіндіріледі.
33. Қарыз алушы банкке сыйақы (мүдде) төлеу жөніндегі міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатқан немесе қарыз алушы кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін кредиттік келісімді бұзған жағдайда банк бес күнтізбелік күн ішінде бағдарламаның әкімшісін осы туралы хабардар етуі және бюджетке субсидиялардың пайдаланылмаған сомасын қайтару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Мұндай жағдайда көрсетілген жағдайлар басталғаны туралы бағдарламаның әкімшісіне белгілі болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатылады. 34. Субсидиялау ретінде алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін банктер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауап береді. 35. Кредитті уақтылы және толық қайтару, кредит бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін қарыз алушылар банктердің алдында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауап береді. 36. Бағдарлама әкімшісі өз құзыреті шегінде қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауап береді.
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесіне 1-қосымша
ӨТІНІМ
ҚР Үкіметінің__________№___қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегi банктердің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін қарап, оларды алу осымен куәландырылады, ____________________________________________________________________ (банктің атауы) 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" бюджеттік бағдарламасының 107 "Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кіші бағдарламасын мынадай лот бойынша ____________________________________________________________________ (кіші саланың (лоттың) атауы) iске асыруға қатысуға тілек білдіреді.
Осы өтінімде мыналар қамтылады:
1. Бағдарламаны іске асыратын қатысушы туралы мәліметтер
Толық атауы_________________________________________________________ Заңды мекен-жайы____________________________________________________ Нақты мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық мекен-жайы___________ ____________________________________________________________________ Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (№___, күні, берген орны, берген орган)* ____________________________________________________________________ Лицензия, №___, берілген күні және лицензияны берген органның атауы* Бірінші басшының Т.А.Ә._____________________________________________ *түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттерден бұрын алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы (бар болуы туралы) мәліметтер
а) мерзімі өткен берешек бар болған жағдайда толтырылады:
б) мерзімі өткен берешек жоқ болған жағдайда толтырылады: Банктің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бұрын алған кредиттері бойынша берешегі жоқ.
3. Іріктеу өткізілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның пруденциалдық нормативтерін сақтау туралы мәліметтер
Бір қарыз алушыға қауіптің ең жоғары мөлшері (_________) Өтімділік коэффиценті (_________) Ашық валюталық позицияның лимиттері (_________) Банктің негізгі қаражатқа және басқа да қаржы емес активтерге инвестицияларының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті (_________)
4. Жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау туралы мәліметтер
Жарғылық капиталының мөлшері млн. теңге (_________) Меншікті капиталының мөлшері млн. теңге (_________)
5. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарыз алушыға кредит беру кезінде өз пайдасына алынатын сыйақының ең жоғары мөлшерi туралы мәліметтер
Банктің қарыз алушыларға кредит беру кезіндегі сыйақы (мүдде) ставкасының ең жоғары мөлшері жылдық ________ %.
6. Қарыз алушылармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы мәліметтер
7. Қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |