“Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесін және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы”
Осы редакция 2006 ж. 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы және "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін: 1) Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесі; 2) фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 692 қаулысымен бекітілген Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы және "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Ереже фармацевтикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын белгілейді. 3. Лицензиялауға фармацевтикалық қызметтің мынадай түрлері жатады: 1) дәрілік заттарды өндіру; 2) дәрілік заттарды дайындау; 3) дәрілік заттарды көтерме саудада сату; 4) дәрілік заттарды бөлшек саудада сату. 4. Фармацевтикалық қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензияны мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) береді. 5. Фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін дәрілік заттар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады. 6. Шалғайдағы ауылдық жерлерде дәріханалар, дәріхана пункттері және дәріхана дүңгіршектері болмаған кезде, дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды заңды және жеке тұлғалар лицензияның және оған қосымшаның негізінде ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, фельдшерлік пункттер арқылы жүзеге асыра алады.
2. Лицензия берудiң тәртібі мен шарттары
7. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады: 1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша өтiнiш; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 3) фармацевтикалық қызметтiң лицензияланатын түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен тiркелген заңды тұлға берген өтiнiш берушiнiң фармацевтикалық қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестiгi туралы сараптама қорытындысы. 8. Лицензиар өтiнiштi қарайды және өтiнiш берушiнiң фармацевтикалық қызметтiң өтiнiш берiлген түрiне қойылатын білiктілік талаптарына сәйкес келуi шартымен барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күннен кешіктірмей лицензияны және оған қосымшаны бередi. 9. Лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi. Бұл ретте фармацевтикалық қызметтiң объектiсiне осы Ережеге қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметтiң жүзеге асырылатын түрi көрсетiле отырып, лицензияға қосымша берiледi. Дәрілік заттарды өндiруге арналған лицензияға қосымшада өндiрілетiн дәрiлiк заттардың атаулары да көрсетiледi. 10. Лицензияға қосымша фармацевтикалық қызметке арналған лицензиясыз жарамсыз болады. 11. Лицензия лицензиардың мөрiмен және басшысының қолымен куәландырылады. 12. Лицензия иелiктен айыруға жатпайды және лицензиаттың оны басқа заңды немесе жеке тұлғаларға беруiне болмайды. 13. Лицензия және/немесе оған қосымша жоғалған жағдайда лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күннiң iшiнде лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Лицензияның телнұсқасын алу үшiн лицензиат фармацевтикалық қызметтiң өтiнiш берілген түрiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi. Жоғалған лицензияға қосымшаның телнұсқасы лицензиялық алым төленбей берiледi. 14. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны беруден бас тартқанына шағымдану, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату, лицензияны қайтарып алу Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
лицензиялау ережесіне қосымша
"__"__________жылғы N_____ фармацевтикалық қызметке лицензияға N______қосымша ____________________________________________________________________ (лицензиаттың толық атауы, заңды мекен-жайы) ______________________________________________________мекен-жайында орналасқан_______________________фармацевтикалық қызмет объектiсiне мынадай қызметтердi_______________________________________________ (фармацевтикалық қызметтің түрi, өндiрiлетiн дәрiлік заттардың атауы көрсетiледi): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________жүзеге асыруға берiлдi. Лицензиар___________________________________________________________ (лицензиялаушы мемлекеттік органның толық атауы) Басшы____________________________________________ ________________ (лицензия берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы) Берiлген күнi 200 жылғы "__"_________ _____________қаласы Мөрдiң орны
Үкіметінiң 2005 жылғы 5 шілдедегі № 692 қаулысымен бекітiлген
Фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары
1. Дәрiлiк заттардың өндiрiсiмен байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың: 1) объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтардың құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн, жеке кiретiн есiгi бар өндiрiстiк үй-жайлар мен алаңдардың; 2) өнiмнiң әрбiр атауын өндiруге дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген технологиялық регламенттiң және техникалық шарттардың; 3) санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы мүкәммалдың және персоналды техника қауiпсiздiгiне және өрт қауiпсiздiгiне оқыту жөніндегі нұсқаулықтардың; 4) шикiзаттың, шала өнiмдердiң қосалқы материалдардың және дайындалған өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ететiн сақтау жағдайларының; 5) дәрілiк заттардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын тұлғаларда жоғары фармацевтикалық білімнiң; 6) тiкелей дәрiлiк заттар өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн бөлiмшелердiң басшыларында (мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы болса) жоғары фармацевтикалық немесе химиялық-технологиялық, химиялық білімiнің болуы. Бұл ретте химиялық-технологиялық немесе химиялық білімi бар тұлғаларды белгiленген тәртiппен лицензиар аттестаттайды; 7) өндiрiстiң технологиялық процесiнде пайдаланылатын жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженердiң болуын қамтиды. 2. Дәрiлiк заттарды дәрiханада дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн, жеке кiретiн есiгi бар дәрiханаға арналған үй-жайлар мен алаңдардың, оның iшiнде: халыққа қызмет көрсету аймағын және дәрiхана жабдығын орналастыру мен персоналдың жұмыс орындары аймағын қамтитын халыққа қызмет көрсету залының; дәрiлiк субстанцияларды, шала өнiмдердi сақтауға арналған және дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын сақтауға арналған материалдық бөлменiң; дәрiлiк нысандарды дайындауға және олардың сапасын бақылауға арналған ассистент бөлмесiнiң; стерильдi дәрiлiк нысандарды дайындаған жағдайда, оларды дайындауға арналған (шлюзi бар) бөлменiң; стерильдi дәрiлiк нысандарды дайындаған жағдайда стерильдеу, сондай-ақ дистилляциялау бөлмелерiнiң; жуатын бөлменiң; меңгерушi кабинетінің; киім iлу орны бар персонал бөлмесiнiң; жинау мүкәммалын сақтауға арналған қойманың; санитарлық тораптың; 2) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы нормативтiк құжаттарға сәйкес сапасын бақылауды және дайындау, сақтау және сату шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған дәрiхана жабдығы мен жиһаздың, мүкәммалдың, аспаптар мен аппаратураның; 3) санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы мүкәммалдың және персоналды техника қауiпсiздiгiне және өрт қауiпсiздiгiне оқыту жөніндегі нұсқаулықтардың; 4) дәрiхананың және оның өндiрiстiк бөлiмдерi басшыларында, сондай-ақ дәрiлiк заттардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын адамдарда жоғары фармацевтикалық білімiнiң және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының; 5) тiкелей дәрiлiк заттар дайындауды, талаптарды қабылдауды және дайындалған дәрiлiк заттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкер үшiн жоғары немесе орта фармацевтикалық білімнiң; 6) арнаулы әдебиеттiң, Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң болуын қамтиды. Ауылдық аудан орталықтарында және ауылдық жерде жоғарғы білімi бар маман болмаған кезде дәрiхананы және оның өндiрiстiк бөлiмдерiн басқаруға мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар, орта фармацевтикалық білімдi, лицензиар аттестаттаған маманға рұқсат етiледi. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiханаларында халыққа қызмет көрсету аймағының орнына талаптарды қабылдауға және дайындалған дәрiлiк заттарды құрылымдық бөлiмшелерге бөлуге арналған: қабылдау-экспедициялық үй-жайдың болуы талап етiледi. 3. Дәрiлiк заттарды бөлшек саудада сатуға байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың: оларға теңестiрiлген медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, дәрiлiк заттарды дәрiханада сату үшiн: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған, санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн дәрiханаға арналған үй-жайлар мен алаңдардың, оның iшiнде: халыққа қызмет көрсету аймағын және дәрiхана жабдығын орналастыру мен персоналдың жұмыс орындары аймағын қамтитын халыққа қызмет көрсету залының; дәрiлiк заттардың қорын, дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын сақтауға арналған бөлменiң; дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған үй-жайдың; меңгерушi кабинетінің; персоналға арналған киім iлу орнының; жинау мүкәммалын сақтайтын қойманың; санитарлық тораптың; 2) дәрілiк заттар айналымы саласындағы нормативтiк құжаттарға сәйкес дәрiхана жабдығы мен жиһаздың, мүкәммалдың, санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы жабдықтың, сақтау және сату шарттарын сақтауға арналған құралдардың; 3) арнайы әдебиеттiң, Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң; 4) дәрiлiк заттардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын мамандарда жоғары фармацевтикалық білімнiң; 5) дәрiхананың және оның бөлiмдерiнiң басшыларында жоғары фармацевтикалық білімнiң немесе орта фармацевтикалық білімнiң (мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының болуы және лицензиардың аттестаттауы шартымен); 6) дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттарды сатуды жүзеге асыратын мамандарда фармацевтикалық білімiнiң болуын қамтиды. Дәрiхананың көзге салынатын және көрудi түзейтiн линзаларды, медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдарды (медициналық техникадан басқа) сатуды жүзеге асыруы үшiн мыналардың: 1) көзге салынатын және көрудi түзейтiн линзаларды, олардың сапасын қамтамасыз ететiн, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастыруға арналған үй-жайдың (алаңның); 2) сату залында көзге салынатын және көрудi түзейтiн линзаларды, медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдарды сатуға арналған жеке сөренiң болуы қосымша талап етiледi. Дәрiлiк заттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыру үшiн дәрiхана пунктiнде: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн дәрiхана пунктiне арналған үй-жай мен алаңның, оның iшiнде: дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайдың дәрiхана жабдығын орналастыру мен персоналдың жұмыс орындары аймағын, халыққа қызмет көрсету аймағын қамтитын халыққа қызмет көрсету залының; 2) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы нормативтiк құжаттарға сәйкес дәрiхана жабдығы мен жиһаздың, мүкәммалдың, санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы жабдықтың, дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және сату шарттарын сақтауға арналған құралдардың; 3) арнайы әдебиеттiң, Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң; 4) дәрiхана пунктiнiң басшысында және дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттарды сатуды жүзеге асыратын мамандарда фармацевтикалық білімiнiң болуы қажет. Халыққа дәрiгердiң рецептiнсiз босатуға жататын дәрiлiк заттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыру үшiн дәрiхана дүңгiршегiнде: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн дәрiхана дүңгiршегiне арналған үй-жай мен алаңның, оның iшiнде: дәрiхана жабдығын орналастыру мен персоналдың жұмыс орындары аймағының; халыққа қызмет көрсету аймағының; 2) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы нормативтiк құжаттарға сәйкес дәрiхана жабдығы мен жиһаздың, мүкәммалдың, санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы жабдықтың, халыққа дәрiгердiң рецептiнсiз босатуға жататын дәрiлiк заттарды, сақтау және сату шарттарын сақтауға арналған құралдардың, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдардың; 3) арнайы әдебиеттiң, Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң; 4) дәрiхана дүңгiршегiнiң басшысында және дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттарды сатуды жүзеге асыратын адамда фармацевтикалық білімнiң болуы қажет. Дәрiхана дүңгiршiктерiнде сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осы қаулысымен бекітілген Фармацевтикалық қызметтi лицензиялау ережесінiң 6-тармағында көрсетiлген ауылдық (отбасылық) дәрiгерлiк амбулаторияларда фельдшерлiк-акушерлiк пункттерде, фельдшерлiк пункттерде дәрiлiк заттарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыру үшiн лицензиар аттестаттаған, медициналық білімi бар мамандарға рұқсат етiледi. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенiнде бөлшек саудада сатуды жүзеге асыру үшiн: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенiне арналған үй-жайлар мен алаңдардың, оның iшiнде: арнайы жабдықты орналастыру мен персоналдың жұмыс орындары аймағын және халыққа қызмет көрсету аймағын қамтитын халыққа қызмет көрсету залының; медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайдың; меңгерушi кабинетінің; киім iлетiн орны бар персоналға арналған бөлменiң; жинау мүкәммалын сақтау қоймасының; санитарлық тораптың; 2) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуын, сапасын қамтамасыз етуге арналған жабдықтың, тиiстi жиһаздың, құралдардың, санитарлық-гигиеналық киімнiң және өртке қарсы мүкәммалдың; 3) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалану және олардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі анықтамалық әдебиеттiң, проспектiлердiң, каталогтардың, нұсқаулықтардың, Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң; 4) медициналық мақсаттағы бұйымдар сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететiн қызметкерлерде фармацевтикалық білімнiң; 5) медициналық техника сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететiн қызметкерлерде фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімнiң болуы қажет. Медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенiнде дәрiлiк заттарды сатуды жүзеге асыру үшiн мыналардың: 1) дәрiлiк заттардың сақталуын және олардың сапасын қамтамасыз етудi ұйымдастыруға арналған тиiстi үй-жайдың; 2) дәрiлiк заттарды сатуға арналған сауда залында жеке сөренiң болуы қосымша талап етiледi. Көзге салынатын және көрудi түзейтiн линзаларды оптика дүкенiнде бөлшек саудада сатуды жүзеге асыру үшiн мыналардың: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн үй-жай мен алаңның, оның iшiнде: салынатын және көрудi түзейтiн линзаларды сақтауға арналған үй-жайдың; дәрiхана жабдығын орналастыру мен персоналдың жұмыс орындары аймағын және халыққа қызмет көрсету аймағын қамтитын халыққа қызмет көрсету залының; персоналға арналған киім iлетiн орынның; жинау мүкәммалын сақтау қоймасының; санитарлық тораптың; 2) санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы мүкәммалдың және персоналды қауiпсiздiк техникасына оқыту жөніндегі нұсқаулықтардың болуы қажет. 4. Дәрiлiк заттарды көтерме саудада сатумен байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың: оларға теңестiрiлген медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, дәрiлiк заттарды көтерме саудада сату үшiн дәрiхана қоймасында: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгiлейтiн құжаттарымен расталған, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн дәрiхана қоймасы үй-жайлары мен алаңдарының, оның iшiнде: дәрiлiк заттарды қабылдауға және экспедициялауға арналған бөлменiң; дәрiлiк заттарды, оның iшiнде субстанциялар мен шала өнiмдердi сақтауға арналған бөлменiң; мыналарды: жанатын және тез тұтанатын сұйықтарды (егер болса); дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын (егер болса); дезинфекциялау құралдарын (егер болса); қышқылдар мен сiлтiлердi (егер болса) сақтауға арналған үй-жайлардың; меңгерушi кабинетінің; персоналға арналған киім iлетiн орны бар бөлменiң; жинау мүкәммалын сақтау қоймасының; санитарлық тораптың; 2) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы нормативтiк құжаттарға сәйкес арнайы жабдық пен жиһаздың, мүкәммалдың, санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы жабдықтың, сақтау мен көтерме саудада сату шарттарын қамтамасыз етуге және оларды сақтауға арналған құралдардың; 3) дәрiхана қоймасының басшысында және дәрiлiк заттардың сапасын қамтамасыз ететiн адамда жоғары фармацевтикалық білімнiң, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының; 4) дәрiхана қоймасы бөлiмдерiнiң басшыларында, дәрiлік заттарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын мамандарда жоғары немесе орта фармацевтикалық білімнiң; 5) арнайы әдебиеттiң, Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң болуын қамтиды. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада сатумен байланысты фармацевтикалық-қызметтi медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасында жүзеге асыру үшін: 1) меншiк иесiнiң объектiге немесе оны жалға алуға мүлiктiк құқықтарының құқық белгілейтiн құжаттарымен расталған, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасына бейiмделген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн үй-жайлар мен алаңдардың, оның iшiнде: медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайлардың; медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жинауға және сатуға арналған үй-жайлардың; меңгерушi кабинетінің; киім iлетiн орны бар персонал бөлмесiнiң; жинау мүккәмалын сақтау қоймасының; санитарлық тораптың; 2) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуы мен сапасын қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықтың, тиiстi жиһаз бен құралдардың, санитарлық-гигиеналық киімнiң, өртке қарсы мүккәмалдың; 3) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасының басшысында жоғары фармацевтикалық немесе медициналық білімнiң және үш жылдан кем емес жұмыс стажының; 4) медициналық мақсаттағы бұйымдар сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететiн қызметкерлерде фармацевтикалық білімнiң; 5) медициналық техниканың сапасын сақтау мен сатуды қамтамасыз ететiн қызметкерлерде фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімнiң; 6) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалану және олардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі анықтамалық әдебиеттiң, каталогтардың, проспектiлердiң, нұсқаулықтардың, Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң болуы қажет. 5. Фармацевтикалық қызметпен заңды тұлға құрмай айналысқысы келетiн жеке тұлғалардың фармацевтикалық білімi болуы қажет.
Үкіметінiң 2005 жылғы 5 шілдедегі № 692 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 530-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 және 200l жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 35 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 11-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы және көрсетiлген қаулымен бекітілген Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесіне 1-қосымша. 3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 маусымдағы № 621 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 182-құжат). |