Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектiлерді өзгертуге рұқсат Осы редакция 2006 ж. 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн рәсiмдердi өткізу ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп бір ай мерзiмде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысымен бекiтілген Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретiн рәсiмдерді өткізу ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн рәсімдерді өткізу ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi әрі тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегi, жатақханалардағы) жекелеген үй-жайларды (бөлiктердi) қайта жаңғыртуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) қоса алғанда, жаңа объектiлер салу және бар объектiлердi өзгерту үшiн қажеттi рұқсат ететiн құжаттарды, өзге де бастапқы материалдарды ресiмдеу және беру тәртібі мен мерзiмдерiн (беруден дәлелдi бас тартуды) белгiлейдi. 2. Ереже жобаларды келiсу құзыретiне кіретiн жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi), аумақтық қызметтер, Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (шетел азаматтары мен заңды тұлғаларын, азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары үшiн мiндеттi болып табылады. Ереже жаңа объектілердi салуға және қолда бар объектілердi өзгертуге байланысты, олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдайтын рұқсат беру рәсiмдерiне қолданылмайды. 3. Ереже жеке және заңды тұлғалардың бөлек (жеке) меншiк құқығына тиесiлi тұрғын үй ғимараттарындағы жекелеген тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ екi немесе одан да көп меншiк иелерiнiң жалпы мүлкi болып табылатын өзге де ғимараттардың бөлiктер өзгертуге (қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсімдерiн өткізу кезiнде мiндеттi болып табылады. 4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) өтiнiш беруші - өзінің мақсаты үшiн (тұру, қызмет көрсету, өнiмдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшін) жаңа құрылысты жүзеге асыруға ниетi бар немесе қолда бар ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген үй-жайларын немесе өзге де бөліктерiн қайта жаңғырту, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау жүргiзуге мүдделi жеке немесе заңды тұлға (меншiк иесi, тапсырысшы, құрылыс салушы); 2) рұқсат беретiн құжаттар - өтiнiш берушiге жаңа объектi салу немесе қолда бар объектiнi өзгерту жөнiнде өзiнiң ойын iске асыруға құқық беретiн құжаттар, мыналарды қамтиды: ведомстволық бағыныстағы жер телiмiнiң аумағын өтiнiш берiлген объектiнiң құрылысына беру туралы тиісті жергiлiктi атқарушы органның шешiмiн не өтiнiш берушiнiң меншiк немесе жер пайдалану құқығында болатын телiмдi құрылысқа пайдалануға арналған рұқсатты; қосымша жер телiмiн (аумақты) берумен (бөлiп берумен) байланысты емес қолда бар объектiге (объектiнiң жекелеген бөлiктерiне) сұратылған өзгерістер жүргiзуге тиiстi жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын; мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы мен оның аумақтық бөлiмшелерi беретiн құрылыс алаңында (жер телiмiнде, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгiленген мақсаттағы объектi бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға арналған рұқсатты. Осы Ереженiң 5-бөлiмiнде көзделген жағдайларда, құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға рұқсатты жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органы (қызметi) бередi; 3) бастапқы материалдар - жер телiмiн пайдалану мен объектiнiң мақсаты, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық жағдай жасау, аумақты инженерлiк жағынан дайындау шарттары, абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегi регламенттер, объектiнiң тұрған орны және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерi жөніндегі басқа да көмекшi құжаттар немесе мәлiметтер, сондай-ақ жобалауға (жобалау құжаттамасын әзiрлеуге) арналған тапсырманың ұсынымдық нысаны; 4) объектiлер (құрылыс объектiлерi, олардың кешендерi) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желiлiк құрылыстар: тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы; инженерлiк желiлердi қоса алғанда коммуналдық мақсаттағы; автомобиль жолдары мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары; әуе және су көлiгi; көпiрлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнiм құбырлары және инженерлiк құрылыстары бар электр беру желiлерi; телекоммуникациялық және ғарыштық байланыстар; атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика; кен өндiру өнеркәсiбiне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсiптер; ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы; қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндiрiстiк және қосалқы шаруашылық мақсаттағы; әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегi. Өзгерiс жүргiзiлу ұйғарылып отырған объектiлерге, сондай-ақ жекелеген тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар немесе қолда бар ғимараттардың (құрылыстардың) бөлiктерi де жатқызылуы мүмкiн; 5) қайта жаңғырту - әдетте, өзгеретiн объектiнi жаңарту әрi жаңғырту қажеттiлiгiне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттардың өзге де бөлiктерiн немесе тұтастай ғимаратты өзгерту; 6) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгерте отырып, қатар тұрған үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту; 7) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатын өзгертуге байланысты оны (оларды) өзгерту, тiршiлiктi қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бiр өнiмдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшiн iшкi технологиялық және (немесе) инженерлiк жабдықтардың iшкi жүйесiн толық немесе iшiнара өзгерту; 8) сындарлы шешiмдердi өзгерту - қолда бар объектiлердiң тiреу және (немесе) сыртқы қоршау құрастырмаларын (iргетастарды, негiздердi, қаңқаларды, бағандарды, тiреулердi, арқалықтарды, ригельдердi, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, iшкi тiреу қабырғаларды, аражабындарды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифтілік шахталарды және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерістер не құрылыс жобасында бұрын бекітілген сындарлы шешiмдердi өзгерту. 5. Жep телімін құрылысқа пайдалануға рұқсат беру құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға рұқсат берудi алмастырмайды. 6. Жер телiмiн (аумақты, трассаны) беру (бөлiп беру), өтiнiш берушiнiң бар телiмiн жаңа объектiлер салуға немесе қолда барын өзгертуге пайдалануға рұқсат беру жөнiнде қабылданған шешiмдер туралы, сондай-ақ салынған (өзгертілген) объектілердi пайдалануға енгізу туралы мәлiметтер тиiстi деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгiзiледi. 2. Жергiлікті атқарушы органдардың шешiмдерi 7. Мүдделi жеке немесе заңды тұлғаның (өтiнiш берушiнiң) жазбаша өтiнiшi бойынша жаңа объектi салуды не қолда бар объектiнi өзгертудi жүзеге асыруды ұйғарған, жергілiктi атқарушы орган (тиiстi елдi мекеннiң әкімі немесе әкiмдiгi) өз өкілеттiгiнiң шегiнде, заңнамалық кесiмдермен белгiленген: 1) сұрау салынған объектiнiң құрылысы үшiн өтiніш берушiге жер телiмiн беру (қолда бар қосымша телiмнен бөлiп беру) туралы; 2) сұрау салынған объектiнiң құрылысы үшiн өтiнiш берушіге меншiк немесе жер пайдалану құқығына тиесiлi телiмдi пайдалануға рұқсат беру туралы; 3) қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беру туралы тиiстi шешiм қабылдайды. 8. Жаңа объектi құрылысын жүзеге асыру не қолда бар объектiнi өзгертудi ұйғарған тұлғаның жазбаша өтiнiшiнде, тиiсiнше: 1) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және телефоны, салық төлеушінiң тiркеу нөмiрi (СТН); 2) заңды тұлғалар үшiн - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тiркеу нөмiрi, басшының тегi, аты, әкесiнiң аты, почтаның мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН); 3) объектi құрылысына көзделетiн мақсат және негiзгi параметрлер (есептелген қуаты, жалпы алаңы, сыйымдылығы, өткізу мүмкiндiгi және тағы сол сияқтылар); 4) жаңа құрылыс учаскесiн орналастыру болжанған (қалап алынған) жер негiздемесi; 5) өзгертуге жататын қолда бар объектiнiң (үй-жайдың, ғимарат немесе құрылыс бөлiктерiнiң) мекен-жайы (орналасқан жерi), өзгертудiң мақсаты және көзделген өзгерiстiң негiзгi параметрлерi көрсетiледi. Қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат алу үшiн өтiнiшке өзгертiлетiн объектiге өтiнiш берушiнiң меншiк құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi не белгiленген өзгерістер мен оның параметрлерiне объектi меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) жазбаша келісімi қоса берiледi. 9. Егер өтiнiш берушi сұратылып отырған жер телiмiнiң нақты орнын және оның мөлшерiн (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) одан телiмнiң орналасқан жерi бойынша олардың тiлектерiне және құрылысқа көзделген объектiнiң негiзгi параметрлерiне негiзделген ықшамдалған алдын ала жобалау материалдарын (нобайларды) сұратуға құқығы бар. ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 819 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 10. Объектілер салу үшін жер телімін сұраған кезде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер телімін таңдау алдын ала жүзеге асырылады. Объект салу үшін жер телімін таңдауды жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) жүзеге асырады. 11. Өтiнiш берiлген объектiнiң құрылысын салуға жер телiмiн (аумақты, трассаны) не өтiнiш берушiнiң меншiк немесе жер пайдалану құқығына тиесiлi телiмдi құрылысқа пайдалануға рұқсат беру туралы өтiнiш аумақтық құрылыс салу ережелерiнде белгiленген мерзімдерде қаралады, бiрақ өтiнiш берiлген сәттен бастап шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 10 күнтізбелік күнiнен аспауға әрі қалған заңды және жеке тұлғалар үшiн 30 күнтiзбелiк күнiнен аспауға тиiс. 12. Тапсырысшыға меншiк немесе жер пайдалану құқығына тиесілi жер телімiн беру не жер телiмiн құрылыс салуға пайдалануға рұқсат беру туралы оң шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, жергiлiктi атқарушы органдар өтiнiш берiлген сәттен бастап он күн iшінде өтiнiш берушіге (тапсырысшыға) оның ұйғарымы қайшы келетiн заңнамалық нормаларды (ережелердi, талаптарды, шектеулерді, сервитуттарды) көрсете отырып, бас тартуды дәлелдеп жауап қайтаруға тиiс. Өтiнiш берушiнiң жергiлiктi атқарушы органға жеткiлiксiз, дұрыс емес не заңнамаға немесе мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмейтiн өзге де негiздердi (өтiнiш құжаттарды) ұсынуы рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту үшiн себеп болып табылады. Оң шешiм беруден бас тартуға өтiнiш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шағымдануы мүмкiн. 13. Өтiнiш берілген объектiнi салуға жер телімін беру (бөлiп беру) туралы жергiлiктi атқарушы орган берген шешiм не өтiнiш берушінiң меншiк немесе жер пайдалану құқығына тиесілі телiмді құрылысқа пайдалануға арналған рұқсат заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайларда қайтарып алынуы мүмкiн. 3. Алдын ала жобалау рәсімдерi және жобаларды келiсу 14. Жергiлiктi атқарушы органның жер телiмін жаңа құрылыс салуға не қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беру (бөлiп беру) (өтiнiш берушіде бар телiмдi пайдалануға рұқсат беру) туралы шешiмi тапсырысшының не оның уәкiлеттi адамының (құрылыс салушының) жобалауға арналған тапсырманы жасауы мен бекітуi әрі олардың инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық жағдай жасауы үшiн негiз болып табылады. Басқа да ережелер қатарында жобалауға арналған тапсырмада мемлекеттік нормативтерде белгiленген тәртiппен тиiстi уәкілеттi органдармен (қызметтермен) жобалау шешiмдерiн келiсу жөніндегі талаптар болуға тиiс. 15. Өтiнiштiң негiзiнде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жеткізушiлер он күнтiзбелiк күнiнен аспайтын мерзiмде өтiнiш берушіге сұратылған (есептiк) параметрлер шегiнде техникалық жағдайлар жасау не сұратылып отырған техникалық жағдайлар жасаудан бас тарту туралы жауап қайтарады. Өтiнiш берушi техникалық жағдайлар жасаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шағымдануы мүмкiн. Қызметтi жеткізушiлердiң өтiнiштерiн қарау мерзiмдерi аумақтық құрылыс салу ережелерiмен не жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi. 16. Тапсырысшының өтiнiшi бойынша жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) үш жұмыс күнi iшiнде: 1) жаңа құрылыс үшiн - жер телiмiн беру (бөлiп беру) (қолда бар телiмдi пайдалануға рұқсат беру) туралы жергілiктi атқарушы органның шешiмi; 2) қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшiн - қолда бар объектiлердi өзгертуге жергiлiктi атқарушы органның рұқсаты; 3) жобалауға арналған бекітілген тапсырма; 4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттар негiзiнде тапсырысшыға не оның уәкiлеттi адамына (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi. Қажет болған жағдайларда өтiнiш берушi құрамы мен көлемi мемлекеттік нормативтiк құжаттармен бекітілген бастапқы материалдарды (деректердi) бередi. Өтiнiштердi қарау мерзiмдерi аумақтық құрылыс салу ережелерiмен не жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi. 17. Берiлген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгiленген тәртiппен жобаны әзiрлеуге рұқсат берiлгендiгiн бiлдiредi. 18. Егер сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аймақта (ауданда) қолда бар объектiлердi өзгерту көзделетiн болса және жоспарлаған қайта жаңғырту немесе қайта жоспарлау сындарлы шешiмдердi қайта қарауды талап ететiн болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзiмдi құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиiстi лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын алудың қажеттiлiгi көрсетілуге тиiс. 19. Жаңа объектi салуға немесе қолда бар объектiнi қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, қалпына келтiруге) жер телiмiн беру (бөлiп беру) талап етiлмеген жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу немесе жүктеменi арттыру қажет болмаса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасына тиiстi жазба жазылады. 20. Жаңа объектi салу (қолда бар объектiлердi өзгерту) жобаларына сараптама жүргiзудiң қажеттiлiгі не сараптаманың мiндеттi еместiгi сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетiледi. Бұл ретте, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерiнiң) келісімi бойынша тапсырысшының: 1) лицензиялары бар адамдар орындаған және қосымша жер телiмiн (аумақты бөлiп беру) бөлiп берудi талап етпейтiн, құрастырмалардың есептiк берiктiгiн төмендетпейтiн, сәулет-эстетикалық, өpткe қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезiнде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегі) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жаңғырту (қайта жобалау, қайта жабдықтау); 2) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделi емес басқа да құрылыс жобаларын сараптамаға ұсынбауға құқылы екендiгi ескеріледi. 21. Сәулет-жоспарлау тапсырмасында мынадай жобалар бойынша сараптама жүргiзу үшiн талаптар мен шарттар белгiлеуге рұқсат берiлмейдi: 1) жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерiнiң) сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиялары бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл ереже сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайларды, арнайы жобалау шешiмдерi мен оларда сату кезіндегі iс-шараларды талап ететiн аудандардағы (аймақтардағы) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды; 2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайлар; 3) жеке үй жанындағы телiмдердiң аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) телiмдеріндегі шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар; 4) жұмыс iстеп тұрған инженерлiк желiлердi өзгертудi талап етпейтiн үй жанындағы және саяжай телiмдерiн абаттандыру; 5) контейнердi және блоктарды пайдалану арқылы жасалатын ұтқыр кешендер, сондай-ақ жиналмалы-бұзылмалы құрастырмалардан тұрғызылған және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi талап етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар); 6) саны 50 бірліктен аспайтын автомашинасы бар ашық үлгідегi автотұрақтар, сондай-ақ 2-ден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар гараждар; 7) қолда бар ғимараттарды жүзеге асырылатын және тiреу құрастырмаларын өзгертудi талап етпейтiн өндiрiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау); 8) инженерлiк желiлердi электр коррозиясынан сақтау; 9) желiлi инженерлiк желілер мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгiлерiн, құбырлардың диаметрiн өзгертудi қажет етпейтiн күрделi жөндеу жүргiзу; 10) шағын сәулеттiк нысандар мен аумақтардың қоршаулары; 11) ғимараттардың (құрылыстардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар, төселген тастар; 12) технологиялық ресурстары таусылған және кәсiпорынды (цехты) қайта жаңғыртуды немесе қайта бейiндеудi талап етпейтiн бірлі-жарым технологиялық немесе инженерлiк жабдықтарды жөндеу және ауыстыру. Тапсырысшы осы тармақта көрсетiлген жобалар бойынша сараптама жүргiзу туралы шешiм. 22. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына реңдiк шешімдер және ғимараттардың (құрылыстардың) қасбетiн әрлеуге материалдар пайдалану, сондай-ақ олардың көлемдiк-кеңiстiктiк шешiмдер бойынша талаптар белгілеуге рұқсат берiлмейдi. 23. Жобалауға берiлген тапсырмаға және сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзiрленген жоба оны бекiткенге дейiн қажеттi келiсулерден өтедi. Объектiнiң құрылысына көзделген техникалық күрделiлiк деңгейiне немесе қолда бар объектiнiң жоспарланған өзгерістерiне, құрылыс салу (қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) процесiнде адамдар мен қоршаған орта үшiн олардың ықтимал қаупiне, сондай-ақ кейiнiрек пайдаланған кезде тұтастай объектiнiң тұрақты жұмыс iстеуiнен күтiлетiн ықпалға, құрастырмалардың төзiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiне, қоршаған ортаға немесе санитарлық жағдайға байланысты жобаларды: 1) өртке қарсы қызмет; 2) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет; 3) экологиялық қызмет органдарымен келiсуi қажет. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген инстанцияларда келiсу мерзiмi ведомстволық нормативтермен белгiленедi. 24. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) жобаның сәулет-жоспарлау тапсырмасына әрi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттарға сәйкестiгi бөлiгiнде жобамен келiседi. 25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, келісілген жоба сараптамадан өтедi. 4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру 26. Белгiленген тәртiппен бекітілген, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарымен (қызметтерiмен) келісілген жоба (нобайлық жоба), сондай-ақ сараптаманың оң қорытындысы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн негiз болып табылады. 27. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берудi (рұқсат беруден дәлелді бас тартуды) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары жүргізедi. 28. Осы Ереженiң 5-бөлiмiнде көзделген жағдайларда тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегі, жатақханалардағы) жекелеген үй-жайларды немесе оның жекелеген бөлiктерiн қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсатты жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтерi) бередi. 29. Жаңа объектi салуға не қолда бар объектіні өзгертудi ұйғарған мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берiледi. Жазбаша өтiнiште: 1) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және телефоны; 2) заңды тұлғалар үшiн - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тiркеу нөмiрi, басшының тегi, аты, әкесiнiң аты, почтаның мекен-жайы мен телефоны; 3) салынуы ұйғарылған объектiнiң мақсаты; 4) өзгертiлуi ұйғарылған объектiнiң мекен-жайы (орналасқан жерi) және оны өзгертудiң мақсаты; 5) объектiнi салуға жер телiмiн беру (жердi пайдалануға рұқсат беру) немесе қолда бар объектiнi өзгертуге рұқсат беру туралы жергiлiктi атқарушы орган берген құжаттардың көшiрмесi; 6) белгіленген тәртiппен келісілген әрi бекiтілген жоба, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жоба сараптамасының оң қорытындысы көрсетiледi. Қажет болған жағдайларда өтiнiшке өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен (қызметтерiмен) жобаны келiсу туралы қорытындылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар қоса тiркеледi. 1) құрастырмалар мен функционалдық мақсатын өзгертпей-ақ жер телiмiнiң (аумақтың, трассаның) қазiргi шекарасында жүзеге асырылатын объектiлердi қайта жаңғыртқан, қайта жоспарлаған, қайта жабдықтаған, техникамен қайта жарақтандырған, күрделi жөндеген; 2) көшелердiң, алаңдардың, өткелдердiң жол жабындары мен көше төсемдерiне ағымдағы жөндеу жүргiзген, шағын сәулет нысандарын, ашық жасанды бассейндердi, фонтандарды, қалалық безендiру қондырғыларын, сәулет және көгалдандырудың жер бедерi элементтерiн салған және жайластырған; 3) уақытша мақсаттағы көмекшi және қосалқы құрылыстар салған кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу талап етілмейдi. 5. Қолда бар тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға рұқсат беретiн pәcімдердің ерекшелiктерi 31. Ереженiң осы бөлiмiнiң қағидалары қызметтерi қолда бар тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегi, жатақханалардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды (жекелеген бөлiктердi) өзгертуге (қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) байланысты шағын бизнес субъектілерi үшiн рұқсат беру рәсiмдерiн өткізудiң ерекшелiктерiн белгiлейдi. Егер осы бөлiмде қандай да бiр мiндеттi рәсiмдердi өткізудiң ерекше тәртібі белгiленбесе, онда Ережеде көзделген жалпы қағидалар қолданылады. 32. Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттарының өзге де бөлiктерiн өзгертуге мүдделi және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi шешiмi бар адам объектiнiң орналасқан жерi бойынша сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтерiне) өтiнiш бередi. |