Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы (2006.06.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын жүргiзу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi № 973 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 337-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысымен бекiтілген Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен мәтіндегі "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган (бұдан әрі - облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган)", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган", "облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган", "жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық органның" деген сөздер тиісінше "жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - облыстық жер қатынастары жөніндегі орган)", "облыстық жер қатынастары жөніндегі орган", "облыстық жер қатынастары жөніндегі органның" деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу, сондай-ақ басқа санаттардың құрамындағы жердi олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстық атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөніндегі өзiнiң құзыретi шегiнде жүргiзедi. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу мүдделi орталық атқарушы органдардың ұсынымы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiне оң қорытынды болған кезде жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) тапсырмасы бойынша және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы аумақтық уәкiлеттi органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрі - аумақтық орган) ұсыныстары негiзiнде тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - облыстық жер қатынастары жөніндегі орган) сұралған жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органмен, облыстық органдармен келісіледi және оны облыстық жер қатынастары жөніндегі орган бекiтедi. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекітілген жерге орналастыру жобасының негiзiнде тиiстi облыстық облыстық жер қатынастары жөніндегі органның осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) шешiмi бойынша жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; 2006.06.06 № 511 қаулысымен ( бұр ред. қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы тиiстi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, орталық атқарушы органмен келісіледi және оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекiтедi. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекітілген жерге орналастыру жобасы және облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмi негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша жүргiзiледi. 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызуға арналған жер құрамына енгiзiлген жердi жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан алып қою (сатып алу) жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру үшiн белгiленген тәртiппен бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөніндегі бағдарлама негiз болып табылады. 6. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу үшiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi белгiленген тәртiппен құрамында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана), аумақтық қалалық және аудандық орган әкiмдiктерiнiң, облыстық жер қатынастары жөніндегі органның , қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық (қалалық) органның, орман және аңшылық шаруашылығы облыстық аумақтық органының және басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi бар арнайы комиссия құрады. 8. Арнайы комиссия жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар өкiлдерiнiң қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар резервiн қалдыруға арналған жер учаскелерiн орналасқан жерiнде зерттейдi. 9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар резервiн қалдыруға арналған жердi далалық зерттеудiң нәтижелерi арнайы комиссия мүшелерi мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өкiлдерi қол қоятын зерттеу жоспарының (сызба) қосымшасымен бiрге актімен ресiмделедi. Бұл құжаттарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдырылатын жердiң орналасқан жерi, олардың алаңы, жердiң сапалық жағдайы, бұл аумақтарды қорғау және пайдалану режимдерi, оларда ғимараттар мен құрылыстардың болуы және олардың құны туралы барлық мәлiметтер көрсетiледi. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Арнайы комиссияның, осы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған ұсынысы бойынша және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаға сәйкес облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер резервiн қалдыру туралы қаулы шығарады. 11. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен оларды пайдалануда мемлекеттік табиғи-қорық қор объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн шектеулер көзделедi. 12. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру жер пайдаланушылардан және жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен жердi алмай-ақ жүргiзiледi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құрамына белгiленген тәртiппен берiлгенге дейiн резервке қалдырылған жердi бұрынғы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылады. 13. Резервке қалдырылған жер учаскелерiне оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құрамына беру кезiнде жер пайдалану құқығын беру ұйымдастырылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына және осы учаскелерге енгiзілетiн құқықтық қорғау режимiне қарай (республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар) белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң қаулыларымен жүргiзiледi. 14. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру жөніндегі жерге орналастыру жұмыстары осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына қарай республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді ( бұр ред. қара) 15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдырылған жердiң шекараларын белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергiлiктi жерде мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен облыстық жер қатынастары жөніндегі орган жүзеге асырады.
|