|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1157 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 35, 485-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесінде: 3-тармақтағы «монополиялар субъектілеріне» деген сөздерден кейін «(қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын; «сондай-ақ» деген сөз алынып тасталсын; «жаңа түрлеріне» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ, егер табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған қолданыстағы тарифтер объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілсе, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын; «3) құзыретті орган - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ал су шаруашылығы (және) немесе кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар;»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Осы тармақтың 4) тармақшасының ережесі қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты қолданылмайды.»; «өзгерту» деген сөз «бекіту» деген сөзбен ауыстырылсын; «(бағаларды, алымдар ставкаларын)» деген сөздерден кейін «және тарифтік сметаларды» деген сөздермен толықтырылсын; «екі тоқсанда» деген сөздер «он екі айда» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшаның екінші абзацы «субъектісінің» деген сөзден кейін «қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекіткен, ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері үшін техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды айқындайтын нормативтік кесімдерге сәйкес есептелген және (немесе) қалыптастырылған: жылдық нормативтік техникалық ысыраптар; құзыретті органмен келісім бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің шикізаты, материалдары, отыны, энергиясы шығысының жылдық техникалық және технологиялық нормалары; еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша табиғи монополия субъектісінің персоналы санының нормативтері;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) табиғи монополия субъектісінде елу және одан көп қызметкер болған жағдайда, статистика жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп;»; 4) тармақшаның бірінші абзацындағы «және уәкілетті органмен келісілген» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарының және 6) және 7) тармақшаларының ережелері қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері құжаттарды осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес бекітусіз және (немесе) келісусіз ұсынады.»; 5) тармақшадағы «реттеліп көрсетілетін» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Осы тармақтың 5) тармақшасының талаптары қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.»; 16-тармақтағы «45 күннің ішінде» деген сөздерден кейін «, ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері үшін 10 күннің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзацтағы «тоқсанның» деген сөз «тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілетін айдан кейінгі екінші айдың» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілетін айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.»; 27-тармақ «10 күннен кешіктірмей» деген сөздерден кейін «, ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері үшін - олар қолданысқа енгізілгенге дейін үш күннен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын; 28-тармақтағы «екі тоқсаннан кейін» деген сөздер «келесі айдың бірінші күнінен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын; 29-тармақтағы «1-қосымшасына сай» деген сөздерден кейін «, ал қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілері үшін 3-қосымшасына сай» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзацтағы «Субъект» деген сөз «Табиғи монополия субъектісі» деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік тілдегі мәтінде 5) тармақшадағы «көшірмелерін;» деген сөз «көшірмелерін береді.» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша алынып тасталсын; екінші абзацтағы «субъектіден» деген сөз «табиғи монополия субъектісінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 38-тармақтағы «реттелетін өнімдердің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрі - материалдық ресурстар) шығыстарының нормаларына және (немесе) құзыретті органда бекітілген және сараптамалық бағалаудан өткен материалдық ресурстардың жылдық нормаларына» деген сөздер «уәкілетті орган құзыретті органмен келісім бойынша бекіткен табиғи монополия субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларына» деген сөздермен ауыстырылсын; 41-тармақтағы «Тарифке» деген сөз «Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісін қоспағанда, тарифке» деген сөздермен ауыстырылсын; «құзыретті» деген сөз «уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын; «өз құзыреті шегінде» деген сөздер алынып тасталсын; 43-тармақтағы «Субъектінің» деген сөз «Табиғи монополия субъектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Субъектінің әкімшілік персоналына жататын қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін және олардың лауазымдарын құзыретті орган айқындайды. Субъектінің әкімшілік және өндірістік персоналының нормативтік санын уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен бекітеді. Бұл ретте субъектінің әкімшілік және өндірістік персоналының нормативтік саны, әкімшілік персоналына жататын қызметкерлердің лауазымдары, еңбекақы төлеу жүйесі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе оның аумақтық органдарымен келісіледі.»; төртінші абзацтағы «субъектілердің» деген сөз «табиғи монополия субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 50-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы табиғи монополия субъектісінің тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге өтінім берген күніне қолданылады.»; 59-тармақтың төртінші абзацындағы «пайдалану үшін» деген сөздерден кейін «жалдау ақысын және/немесе» деген сөздермен толықтырылсын; 78-тармақтағы «66» деген сандар «65» деген сандармен ауыстырылсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 3-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 869 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесіне 3-қосымша Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің атауы ____________________________________________________________________ Реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтік смета ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
* шығындар қажет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Қолы _______________________________________________________
табиғи монополия субъектісі басшысының Т.А.Ә.
М.О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |