Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация Осы редакция 2006 ж. 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 2) Комитеттің құрылымы; 3) Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің тiзбесi бекiтілсiн. 2. Комитеттiң төрағасына бір орынбасары болуға рұқсат берiлсiн. 3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 22 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 8-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құзыретi шегiнде бақылау-қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ дәрілік заттар айналымы саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, дәрiлiк заттардың (медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымды қоса алғанда) қауiпсiздiгiн, тиiмдiлігі мен сапасын қамтамасыз ету, дәрілік заттар айналымы саласында ғылым, техника және әлемдiк тәжiрибе жетiстiктерiн пайдалану болып табылады. Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi болады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті органдарында және банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетін шешімдердi қабылдайды. 5. Комитеттің және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитеті" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттің функциялары мен құқықтары 10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады: 1) дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылау-қадағалау функциялары: дәрілік заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмділігi мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету; дәрiлiк заттар айналымы саласындағы заңды және жеке тұлғалардың фармацевтикалық қызметiн бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету; дәрілік заттар айналымы саласындағы дәрiханалық, өндiрiстiк және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарының енгізiлуiн бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету; өзiнiң құзыретi шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензиялар беруге байланысты қызметтi жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрушi-ұйымдар шығаратын жаңа медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды техникалық сынаудың жүргiзiлуiн бақылауды қамтамасыз ету; медициналық көмек көрсетудiң барлық деңгейiнде дәрілiк заттардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органымен бiрге көрсетiлген заттар айналымы ережесiнiң сақталуын бақылауды жүргiзу; алкоголь өнiмiнiң айналымын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен бiрге құрамында этил спиртi бар дәрілiк заттардың айналымын бақылауды жүргiзу; 2) дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттік саясатты iске асыру саласындағы функциялар: дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркеудi, қайта тiркеудi және мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi қайтарып алуды жүзеге асыру, дәрілiк заттарды медициналық практикада қолдануға рұқсаттар беру, сондай-ақ дәрiлiк заттардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу; Халықаралық фармакопеялардың, сондай-ақ фармакопеялық құжаттардың жекелеген стандарттарын және шетелдiк мемлекеттердiң дәрілік заттарына арналған басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды тану туралы шешiм шығару; дәрiлiк заттардың жарнамасына рұқсаттар беру; фармацевтика қызметкерлерiне жоғары және бiрiншi біліктілiк санатын беру; дәрiлiк заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелудi және әкетудi келiсудi жүзеге асыру; дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлердi аккредиттеудi, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердiң біліктiлiк деңгейiне сәйкестiгiн тәуелсiз сараптамалық бағалауды жүргізу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асыру; фармацевтика саласының мамандарын мерзiмдiк аттестаттауды жүргiзу, сондай-ақ фармацевтика саласының республикалық ұйымдары басшыларының кәсiби құзыреттiлігіне аттестаттауды жүргiзу; дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мониторингтердiң деректерiн жинауды және қорытуды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгіне бекiтуге беру; дәрілік заттардың клиникаға дейiнгi клиникалық және зертханалық сынақтары жөніндегі жұмыстарды үйлестiру; өз құзыретi шегiнде дәрiлiк заттар айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. 11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) халықтың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 3) дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 4) негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрілік заттардың тізбесін айқындау жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 5) фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге; 6) дәрілік заттар айналымы саласында бәсекенi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға; 8) дәрілік заттардың қол жетiмдiлігін, қауiпсiздігін, тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша дәрілiк заттар айналымы саласында жұмыс iстейтiн мамандар үшiн семинарлар ұйымдастыруға; 9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға; 10) дәрілiк заттардың тиiмдiлігін, қауiпсiздiгiн және сапасын сараптауды ұйымдастыруды жүзеге асыруға; 11) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге; 12) Комитеттiң жанынан консультативтік-кеңесшi органдар мен сараптау комиссияларын құруға құқығы бар. 12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiкте өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен оған билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол заңнамада белгiленген шекте мүлiкке билiк етедi. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының санын Қазақстан Республикасының Үкіметi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 16. Комитеттiң төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады. 17. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы: 1) Комитеттiң төрағасы орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлерiн және оның аумақтық бөлiмшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларын ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 4) сала мамандарын азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынады; 5) бұйрықтарға қол қояды; 6) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi; 7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi. 18. Комитет төрағасының, оның орынбасарларының, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары мен олардың орынбасарларының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға құқығы бар. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң құрылымы 1. Басшылық 2. Фармацевтикалық бақылау басқармасы 2.1. Фармацевтикалық қызметті бақылау және қадағалау бөлiмi 2.2. Дәрiлiк заттардың сапасын бақылау бөлiмi 3. Ұйымдастыру-талдау басқармасы 3.1. Жиынтық-талдау бөлiмi 3.2. Дәрілік заттарды пайдалану мониторингi бөлiмi Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң аумақтық бөлімшелерінің тiзбесi 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетiнiң Ақмола облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Алматы облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Қостанай облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Павлодар облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетiнiң Астана қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетiнiң Алматы қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы. 13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Атырау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi. 14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi. 15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi. 16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi. |