1-тарау. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары 1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары: 1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім; кәсiптiк бастауыш, оның iшiнде кәсiптер бойынша білім; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде мамандықтар бойынша білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметi сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi; 2) білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетiн басып шығару жөніндегі қызмет; 3) медициналық, дәрiгерлiк қызметтен айналысу; мал дәрiгерлiк қызметпен айналысу; 4) мемлекеттік емес субъектiлердiң тыңшылық (детективтiк) қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсетуi; 5) адвокаттық қызмет; 6) ҚР Үкіметінің 2005.25.07. № 773 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 7) нотариустар қызметi; 8) лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа), ұйымдастыру және өткізу; 8-1) Ойын бизнесі саласындағы қызмет 9) мүлiктi бағалау жөніндегі қызмет; 10) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруы. 11) білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет: заңды тұлғалар үшiн жеке тұлғалар үшiн 2. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары: 1) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңнамасына сәйкес банктер жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүзеге асыру; клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi; банк қызметiне аудит; 1-1) кредиттiк бюро қызметi 40 2) аудиторлық қызмет; 3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет; қайта сақтандыру жөніндегі қызмет; сақтандыру брокерлерiнiң қызметi; сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын аудиторлық тексеру; 4) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi; 5) зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызмет; 6) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызмет; 7) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызмет; 8) инвестициялық қор қызметi. 3. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар қызметiн лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары: 1) қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауда жасау және қызметтер көрсету; 2) резиденттердiң өздерi тiркелген мемлекеттер заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктерi мен өзге де қаржы институттарында шоттар (Қазақстан Республикасының валютасындағы шоттарды қоса алғанда) ашуы; 3) резиденттердiң шет елге инвестициялары (банктердiң брокерлiк-дилерлiк қызметiн қоспағанда); 4) резиденттердiң резидент еместер пайдасына жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарын төлеуге аударымдары; 5) резиденттердiң резидент еместер пайдасына 120 күннен астам мерзiмге тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортына төленетiн валюталық түсiмдi алу мерзiмiн резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортқа шығарылған күннен бастап 120 күннен астам асырып жiбергенi үшiн аванстық төлемдi көздейтiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн аударымдары; 6) резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге несиелер беруi; 7) резиденттiң резидент еместен несие ретiнде алған шетел валютасын үшiншi тұлғалардың есептерiне қосу. 4. Қауiптiлiгi жоғары және (немесе) ерекше маңызды мемлекеттік мәнi бар объектiлерге байланысты қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары: 1) қару-жарақ пен оның оқ-дәрiлерiн, әскери техникаларды, олардың босалқы бөлшектерiн, құрауыш элементтерiн және аспаптарын, егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, сондай-ақ құрастыруды, оңдауды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу; ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу; 2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және өткізу; 3) зымыран-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымын (полигон, командалық-өлшеу кешенi, қабырғалық база және басқалар) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі қызметтiң барлық түрi; 4) почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы қызметтердi өндiру және ұсыну, теледидар және дыбыстық (радиохабарлар) бағдарламаларды тарату жөнiнде қызметтер көрсету, байланыстың жалпы республикалық магистральдық, халықаралық желiлерiн жобалау, салу, пайдалану және радиожиiлiк спектрiн пайдалану; 5) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерi, оның iшiнде: атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, құру, пайдалануға беру, пайдалану, қайта құру, консервациялау және пайдаланудан шығару; радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу; ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау; ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жөніндегі қызметтер; радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық сауықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу; ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау (транзиттi қоса); ядролық жарылыстар өткiзiлетiн орындардағы қызметтiң барлық түрi; атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет үшiн қызметкерлер, мамандар даярлау және оларды аттестаттау; 6) құрамында арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтi заттар бар өнiмдi дайындау және өткізу; 7) электр және жылу энергиясын өндiру, беру және бөлу; 8) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу; 9) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату; 10) жарылу-өртену қаупi бар және кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларды, электр желiлерi мен көмекшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ, мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, түтiктер мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, салу және пайдалану; 11) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғанышты электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, түтiктер мен өткiзгiш құбырларды жобалау, дайындау, құрастыру және жөндеу; 12) азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның оқтарын, жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның оқтарын, суық қаруды өндiру, жөндеу, сату; азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның оқтарын, жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның оқтарын, суық қаруды сатып алу және сәнге жинау; азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның оқтарын, жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның оқтарын, суық қаруды жасау, көрмеге қою; азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды жасау, сату, сәнге жинау; азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды өндiру, сатып алу, көрмеге қою; химиялық өзiн-өзi қорғау құралдарын сату, сатып алу, сәнге жинау; химиялық өзiн-өзi қорғау құралдарын жөндеу, көрмеге қою; химиялық өзiн-өзi қорғау құралдарын жасау, өндiру; 13) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу жөніндегі өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстары; 14) күзет, өрт дабылын беру және өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау, құрастыру, оңдау және техникалық күтiм жасау; өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өртке қарсы қорғану құралдарын өндiру ; 15) жолаушылар лифтiлерiн құрастыру, жөндеу және оларға күтiм жасау; 16) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, өңдеу және көтерме өткізу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерi; 17) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және өткізу; 18) жолаушыларды және жүктердi тасымалдау: темір жол, өзен, теңiз көлiгiмен; әуе көлiгiмен; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi және барлық көлiк түрiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар; 19) әуежай қызметi, соның iшiнде: азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, теңдеме жүктердi, жүктердi, почтаны өңдеу, оларды тексеру және бақылау; әуеайлақ, әуежай, аэронавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану; әуежайдың авиациялық қауiпсiздiгi қызметi, бақылау аймағында бақылау-өткізу режимiн қамтамасыз ету және өртке қарсы қамтамасыз ету; азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуын жарық-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектiлерiн энергиямен жабдықтау; азаматтық әуе кемелерiн, әуежай қызметтерiнiң объектiлерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау; азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа да тұтынушыларға арнайы автокөлiк құралдарын ұсыну; әуежайларда және азаматтық әуе кемелерiнде жолаушыларды, экипажды тармақпен қамтамасыз ету; жолаушыларға, экипажға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажеттi деректермен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету 19-1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерi 20) ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, құрастыру, оңдау, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк қызмет жасауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтiң барлық түрi; 21) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу 22) емдiк препараттар дайындау және өткізу (жануарлардың, құрамында есiрткi және психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқа); 23) минералдық шикiзатты қайта өңдеу; 24) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстар; 25) өлшеу құралдарын өндiру және жөндеу; 26) этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiру; алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтере өткізу; алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек өткізу; 27) ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 168 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 28) шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет; 29) заңды тұлғалардың түстi және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізуi; 30) сот-сараптама қызметi; 31) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн жаңғырту жұмыстары; 32) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына байланысты қызмет: әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою; құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау; 33) астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту; 34) туроператорлық, турагенттiк қызмет; туризм нұсқаушысының қызметтерi; 35) қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу; 36) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, құрастыру, жөндеу және пайдалану; 37) iздестiру-құтқару, кендiк құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар; 38) банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі қызмет; 39) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбе бойынша уларды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану және жою. 39-1) кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметi 40) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызмет 41) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызмет 42) арнайы су пайдалану, соның iшiнде: ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы және көлiк мұқтаждары үшiн жерүстi су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрден астам көлемде су алу және пайдалану; кеме қатынасынан басқа қайталама су пайдаланушыға жерүстi су объектiлерiнен су алу және беру 43) мұнай өнiмдерiн өндiру 44) темекi өнiмдерiн өндiру 45) электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң шынайылығын растау жөніндегі қызмет 46) ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 қаулысымен алып тасталды 47) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар 48) шаруашылық қызметтен экологиялық қауiптi түрлерi 49) экологиялық аудиторлық қызмет 50) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөніндегі қызмет 51) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу 5. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспортын және импортын лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары 2-тарау. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар телнұсқасын беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым ставкалары 1115*** 3-тарау. Лицензияларды қайта рәсiмдеу үшiн лицензиялық алым ставкалары тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115**** |