Өсімдіктерді қорғау туралы (2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар) 2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу (4 - 10 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау (11 - 14 баптар) 4-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар (15 - 19 баптар) 5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы іс-шараларды (20 - 21 баптар) қаржыландыру көздері және өсімдіктерді қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары; 2) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм, оның нәтижесi бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарына сәйкес қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берiледi; 3) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау - уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын сақтауына бағытталған қызметi; 4) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы; 5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) бастапқы компоненттерi- пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар; 6) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған iс-шаралар; 7) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар; 8) ерекше қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары; 9) пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлеріндегі химиялық заттар құрамының мөлшерлiк көрсеткiші, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады; 10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егiндi жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар; 11) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерi - пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларының қауiпсiздiгi мен технологияларына қойылатын мiндеттi талаптар; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi; 12) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм; 13) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлiп тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi; 14) арнаулы техника - пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық; 15) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары; 16) уәкiлеттi орган - жеке және заңды тұлғалардың өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметін үйлестiру мен реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды өз өкiлеттiгi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 17) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi; 18) фитосанитариялық iс-шаралар - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң саны мен зиян тигiзуiн азайтуды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi; 19) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 20)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесі; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау; 21) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны. 2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi: 1) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету; 3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады. 2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесiне: 1) Қазақстан Республикасының Yкіметі; 2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары; 4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар; 5) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне: 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды бекіту; 3) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекіту; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6-бап. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi 1. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс ету; 2) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс ету; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту; 3) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiн әзiрлеу мен бекіту; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережелерiн әзiрлеу мен бекіту; 4) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын және мемлекеттік тiркеудi жүргiзу ережелерiн әзiрлеу мен бекіту; 5) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру; 6) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекіту және жүргiзу; 7) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен әдiстемелiк нұсқаларды бекіту; 8) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасау мен шығару тәртібін бекіту; 9) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара) 10) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 11) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру; 12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын жасау; 13) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14) мемлекеттік статистиканың орталық атқарушы органымен келiсе отырып, фитосанитариялық нормативтердi, фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiк нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастыру және бекіту; 15) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингтi ұйымдастыру; 16) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiру сынақтарын және мемлекеттік тiркеудi ұйымдастыру; 17) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 18) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу, пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау; 19) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 20) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21) тармақша өзгертілді 21) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;. 22) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 23) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін және оларды пайдалану тәртібін белгілеу; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды 23) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін; пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды; фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және табыс етуді; пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізуді; пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін; лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау енеді. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 24) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін көтеру жөнінде оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу енеді. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне оларға уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде жүктеген функцияларды жүзеге асыру кіреді енедi.
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретi 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Уәкiлеттi органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады. Уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Фитосанитариялық бақылауды тiкелей орындайтын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне: 1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; 2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау; 3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) 3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне: 1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; 2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау; 3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) 4. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретiне: 1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; 2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді. 4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары 1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың: 1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруге; 2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға; 3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады; 4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бap. 2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады. 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне: 1) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 2) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету; 3) өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау; 5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдар 1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтiң мынадай түрлерiн: 1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн; ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын; 2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу үшiн өндiру сынақтарын; 3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексерудi орындау мақсатында құрады. 2. Ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингi мемлекеттік монополияға жатады. 3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3- тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралар Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.
12-бап. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану 1. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердің (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс. 2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын міндетті талаптарды мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және көліктік бақылау органдарымен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептілік 1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді. 2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган тіркеу және өндіру сынақтарының қорытындылары бойынша мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып белгілеген тәртіппен жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және олар уәкілетті орган жүргізетін тізімге енгізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру үшін бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндіру сынақтары мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру 1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып айқындайды. 2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындары (көмінділер) пайдаланылады. 3. Арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салуға, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты мемлекеттік экологиялық бақылау органы береді. 4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары уәкілетті органмен және мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып айқындайды.
14-2-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы 1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады. 2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемінен қалыптастырылады. 3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запастың нормативін және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер 1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсімдік шаруашылығы өніміне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол берілетін сандық және (немесе) сапалық мәнін айқындайды. |