|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 және 2006 жылғы 14 тамыздағы (2007.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Ішкі нарықта мұнай өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 53-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшада: «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда: «2710 19 310 0 - 2710 19 490 0» деген сандар «2710 19 310 0 - 2710 19 490 0***» деген сандармен ауыстырылсын; «2710 19 610 0 - 2710 19 690 0» деген сандар «2710 19 610 0 - 2710 19 690 0***» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын: «***СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде»; «***жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа»; 2) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 114 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімдеріне сәйкес уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |