Р/с №№ | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Барлық мемлекеттік құрылымдарда мемлекеттік гендерлік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға жауапты адамдар шеңберін айқындау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтына орналастырылған, байланыс телефондары бар жауапты тұлғалардың тізімі | ОІГСҰК, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2006 жылғы шілде |
2. | Гендерлік теңдік және адами даму мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларын ұйымдастыру | Семинарлар, ОІГСҰК-ге ақпарат | МҚА, Мемлекеттік басқару академиясы | Тұрақты |
3. | Белгіленген штат санының шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссиялардың отбасы және гендерлік саясат мәселелерімен айналысатын хатшылары қызметін енгізу | ОІГСҰК-ке ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007 жылғы қаңтар |
4. | "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу | Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қорытындысы | ОІГСҰК, Әділетмині, ІІМ, Еңбекмині, АҚҰО | 2006 жылғы желтоқсан |
5. | Нормативтік құқықтық кесімдерге гендерлік сараптама жүргізу жөніндегі басшылықты әзірлеу | Анықтамалық құрал (басшылық) | Әділетмині, ОІГСҰК | 2007 жылғы маусым |
6. | Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына гендерлік сараптама жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | Әділетмині | 2007 жылғы желтоқсан |
7. | Гендерлік индикаторлар бойынша Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруды сипаттайтын халықаралық стандарттарға сәйкес метабазаны әзірлеу | Гендерлік индикаторлардың метадеректері (индикаторларды айқындау және есептеу әдістемесі, деректердің көздері, өлшем бірліктері) | СА, ДСМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині, ОІГСҰК | 2007 жылғы шілде |
8. | Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі гендерлік индикаторлар метабазасын әзірлеу және қолдануды үйлестіру мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобын құру | Статистика агенттігінің бұйрығы | СА, ОІГСҰК | 2007 жылғы қаңтар |
9. | Басшы қызметтердегі ерлер мен әйелдердің арақатынасын теңестіру үшін уақытша шараларды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу (квоталау, кемінде әйелдердің 30%-ы) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | МҚА | 2006 жылғы желтоқсан |
10. | Отбасының, әйелдердің, балалардың және ерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктермен және ҮЕҰ-мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын дамыту | ОІГСҰК-ге ақпарат | МАМ, ДСМ, БҒМ, ОІГСҰК, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007-2008 жылдар, қаңтар |
11. | Әйелдер мен ерлерді басшы қызметтерге және республикалық сияқты, жергілікті деңгейде де сайлау органдарына ұсыну кезінде гендерлік теңгерімді ескере отырып және сақтаумен партиялық тізімдерді қалыптастыру мақсатында ағартушылық жұмыс жүргізу* | Кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер | ОІГСҰК | Тұрақты |
12. | Халықаралық ұйымдардың жәрдемдесуімен саясаткер әйелдерді оқыту мен даярлау мектептерін құру* | Әйелдер көшбасшылығы мектептері | ОІГСҰК, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007 жылғы желтоқсан |
13. | "Еңбеккер ерлер мен әйелдерге тең қарау мен тең мүмкіндіктер туралы: отбасы міндеттері бар еңбеккерлер", "Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы" конвенцияларына Қазақстанның қосылуы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі сараптамалық кеңестің қарауына ұсыну | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі сараптамалық кеңестің қорытындысы | Еңбекмині, Әділетмині, СІМ | 2008 жылғы шілде |
14. | Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіптік өсу және экономикалық білім алу орталықтарын құру жөнінде, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007-2008 жылдар, қаңтар |
15. | Әйелдерді бизнеске тарту және олар құрған кәсіпорындарды дамытуға жәрдем ету тетіктерін әзірлеу | ОІГСҰК-ге ақпарат | "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007-2008 жылдар, қаңтар |
16. | Әйелдерді ауыл шаруашылығында, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жұмыспен қамтуды дамыту | ОІГСҰК-ге ақпарат | АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007-2008 жылдар, қаңтар |
17. | Әйелдер проблемаларын, әйелдердің қоғамдағы ролін арттыру, гендерлік теңдік мәселелерін, оның ішінде мыналар жөніндегі мәселелерді БАҚ-та жария ету: әйелдерді техникалық мамандықтар бойынша оқытуға тарту; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, "адами капиталға" инвестициялар салу; отбасы бизнесін тарату және дамыту; еркін жұмыс кестесі бар "үйдегі" жұмыс орындарының кең желісін құру; серіктестікті және өзара көмекті дамыту | ОІГСҰК-ге ақпарат | МАМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007-2008 жылдар, қаңтар |
18. | Еңбек режимі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу және кеңейту, жүкті әйелдер мен балалы әйелдер үшін еңбек жағдайларын жақсарту | Еңбек кодексінің жобасы | Еңбекмині | 2006 жылғы қыркүйек |
19. | 12-жылдық білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеу және қабылдау кезінде гендерлік құрауышты ескеру | Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2008 жылғы мамыр |
20. | Оқулықтар мен оқу құралдарына гендерлік сараптама жүргізу* | ОІГСҰК-ге ақпарат | БҒМ | 2007-2008 жылдар, қаңтар |
21. | Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде гендерлік құрауышты енгізу | ОІГСҰК-ге ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы желтоқсан |
22. | Білім беру ұйымдарының (мектепалды, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары) педагогтары мен оқытушылар үшін гендерлік білім әдістемесі бойынша оқыту пакетін әзірлеу* | Оқу-әдістемелік кешен | БҒМ | 2008 жылғы қыркүйек |
23. | Гендерлік проблемалар жөніндегі оқу-әдістемелік әдебиетті және бейнефильмдерді әзірлеуді қамтамасыз ету* | Оқу құралдары, бейнероликтер | БҒМ, МАМ | 2007-2008 жылдар |
24. | Гендерлік білімді насихаттау үшін гендерлік білім беру жөніндегі ақпараттық бюллетеньдер шығаруды ұйымдастыру* | Ақпараттық бюллетеньдер | БҒМ | 2007-2008 жылдар |
25. | Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері жөніндегі, ана мен баланы қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | ДСМ | 2008 жылғы наурыз |
26. | Халық арасында мыналар жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізу: халықтың өз денсаулығы мен болашақ ұрпақ денсаулығын сақтау үшін жауапкершілігін арттыру; ерлердің өздерінің ұрпақты болу денсаулығына құқықтары туралы хабардар болуы; қазіргі заманғы контрацепция құралдары саласындағы білімді арттыру; жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау және білікті медициналық көмек алу мәселелерінен хабардар болуын арттыру* | Курстар, семинарлар, деңгелек үстелдер | МАМ, ДСМ | 2006-2008 жылдар |
27. | Суицидтердің алдын алу үшін сенім телефондары, дағдарыс орталықтары желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007 жылғы сәуір |
28. | Ерлердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу* | Әдістемелік ұсынымдар | ДСМ | 2007 жылғы қараша |
29. | Ерлер өмірінің ұзақтығын арттыруға ықпал ететін шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу. Республиканың ұйымдарындағы өндірістік жарақат алу туралы хабардар ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар ҚР ДСМ-ге ақпарат | ДСМ, ИСМ Еңбекмині | 2007 жылғы мамыр 2007 жылғы ақпан |
30. | Ерлердің денсаулығы, отбасы және әке болу мәселелері жөнінде; ана болудың қауіпсіздігі, отбасын, жыныстық қатынасты және бала тууды жоспарлау; емшекпен тамақтандыру; тамақтандыру жөніндегі ақпараттық бюллетеньдер, буклеттер шығару | Ақпараттық бюллетеньдер, буклеттер | ДСМ | 2007-2008 жылдар |
31. | Мыналар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу: ұрпақты болу функцияларын қалпына келтіру әдістерін әзірлеу және шаралар енгізу; ұрпақты болу функцияларын қалпына келтіруге нақты көмек көрсететін, аурулардың биомедициналық, эпидемиологиялық және санитарлық-гигие налық аспектілерін зерделеу; экологиялық қолайсыз өңірлердегі халықтың ұрпақты болу денсаулығын және оны жақсарту жөніндегі шараларды зерттеу* | Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер | ДСМ | 2008 жылғы қаңтар |
32. | Мынадай мәселелер бойынша ақпараттық бюллетеньдер мен буклеттер әзірлеу: психобелсенді заттарға бой ұру; экологиялық қолайсыз факторлардың адамдардың денсаулығына әсер етуі және олардың бүкіл ғұмыр бойындағы салауаттылығы; халықтың ұрпақты болу денсаулығына әсері бар аурулар (сүт безінің рагы, жыныс жолдарының жұқпасы, жыныс аурулары, АҚТҚ/ЖҚТБ)* | Ақпараттық бюллетеньдер мен буклеттер | ДСМ | 2007-2008 жылдар |
33. | Ерлер мен әйелдерде бедеуліктің алдын алу (ерте бала жасынан) жөніндегі халыққа арналған анықтамалық құрал әзірлеу | Анықтамалық құрал (басшылық) | ДСМ | 2008 жылғы наурыз |
34. | Көмекке мұқтаж жасөспірімдер мен жастарға, әйелдерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оларды әлеуметтік жағынан оңалту үлгілерін қалыптастыру* | Үлгінің жобасы және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ДСМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині | 2007 жылғы тамыз |
35. | Елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған заң жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ІІМ, ОІГСҰК, Әділетмині | 2007 жылғы қаңтар |
36. | Зорлық-зомбылықтың алдын алумен және жолын кесумен және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен айналысатын ішкі істер органдары бөлімшелерінің штат санын ұлғайтудың орындылығын қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007 жылғы ақпан |
37. | Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша ең озық халықаралық тәжірибе жөніндегі анықтамалық құрал дайындау* | Анықтамалық құрал (басшылық) | ІІМ, ОІГСҰК | 2007 жылғы қараша |
38. | Қиюы қашқан отбасылармен және халықтың ықтимал контингентімен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде алдын алу жұмысын жүргізу | ОІГСҰК-ге ақпарат | ІІМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2007-2008 жылдар, қаңтар |
39. | Балалар мен жастарға арналған зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық жөніндегі оқу бағдарламасын әзірлеу* | Анықтамалық құрал (басшылық) | БҒМ, ІІМ | 2008 жылғы шілде |
40. | Отбасы мен неке институтының перспективалары мен бағыттарын айқындай отырып, ұлттық дәстүрлер мен халықтың ділін ескере отырып, республикадағы отбасының жағдайы туралы әлеуметтік зерттеулер жүргізу* | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ, ОІГСҰК | 2007 жылғы қыркүйек |
41. | Қазақстандағы отбасының мәртебесін көтеру бағдарламасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ОІГСҰК, МАМ, БҒМ, Еңбекмині, ДСМ | 2007 жылғы қазан |
42. | Қазақстан азаматтарының бала асырап алу рәсімін оңайлату бөлігінде және халықаралық бала асырап алудың проблемалық мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру | Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы | БҒМ | 2007 жылғы желтоқсан |
43. | БАҚ-тар арасында қоғамдағы әйелдердің имиджін оңынан бейнелеу, гендерлік теңдікті насихаттау бойынша республикалық конкурс өткізу* | Конкурс қорытындылары туралы хаттама | ОІГСҰК, МАМ | 2007 жылғы мамыр |
44. | Халықты оқыту үшін ақпараттық буклеттер мен бағдарламалар әзірлеу және тарату* | Буклеттер, бағдарламалар | МАМ, БҒМ | 2007-2008 жылдар |
45. | Саясаткер әйелдерге арналған кітаптар, брошюралар, оқу құралдарын, көшбасшы әйелдер туралы анықтамалықтар шығаруды ұйымдастыру* | Кітаптар, брошюралар, оқу құралдары | МАМ, БҒМ | 2007-2008 жылдар |