«Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс
Осы редакция 2007 ж. 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту және осы саладағы мемлекеттік нормативтер жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар Жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсін. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат): тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы»; 1-тармақтағы «Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесі» деген сөздер «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесінде: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу» деген сөздер «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын: «3-1. Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекітудің жалпы тәртібi 24-1. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес толық немесе ішінара мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны: 1) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін - мемлекеттік органдар - бағдарламалар әкімшілері бекітуге не олар белгілейтін тәртіппен бекітілуге тиіс; 2) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғарылары - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітуге тиіс. 24-2. Жобалау алдындағы құжаттаманы бекіту бағдарлама әкімшісі (тапсырысшы) ұсынған: 1) жобалау алдындағы құжаттама материалдары; 2) мемлекеттік сараптаманың қорытындылары негізінде жүзеге асырылады. 24-3. Жобаларды бекіту бағдарлама әкімшісі (тапсырысшы) ұсынған: 1) жобаға түсіндірме жазба; 2) жобалау-сметалық құжаттама; 3) мемлекеттік сараптаманың қорытындылары негізінде жүргізіледі.»; Ережеге қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы және тақырыбындағы «Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу» деген сөздер «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспарында: «2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» деген 4-бөлімде: реттік нөмірі 72-жол алынып тасталсын. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысымен Бекітілген
Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Ескерту: * сомалар Республикалық бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес жыл сайын нақтыланатын болады; аббревиатуралардың толық жазылуы: ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ИСМ ҚжТКШІК - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Мемсараптама» РМК - «Мемсараптама» жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Yкіметінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 557 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 582-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат). 3. «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің «Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 34-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 534 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 147-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 462 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 20, 208-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 907 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 31, 427-құжат).
|