Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы (2013.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудiң бірыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 654 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 21 мамырдағы № 619 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 22, 194-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережеде: 8-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 786 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 255-құжат): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|