|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 641 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. "Қазақстан Республикасының Орталық депозитарийі, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу туралы, Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 шілдедегі № 944 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 шілдедегі № 944 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 535 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |