|
|
|
Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногын диверсификациялау мақсатында және республикалық бюджеттiң тапшылығын инфляциялық емес жабу көздерiнiң үлесiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн (бұдан әрi қазынашылық мiндеттемелер) шығару, айналысқа қосу және өтеу ережесі бекітілсiн. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық Банкiмен бiрлесiп (келісім бойынша), қаржы агентi ретiнде республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің шегінде қазынашылық міндеттемелерді пайдалана отырып қарыз алуды жүзеге асыруды ұйымдастырсын. 3. Қазынашылық мiндеттемелердi бастапқы орналастырудан алынған қаражат республикалық бюджетке түседi деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 10 маусымдағы № 945 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң ережесі ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен тақырыбы өзгертілді I. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн (бұдан әрi - қазынашылық мiндеттемелер) шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң тәртібін айқындайды. Айналыс мерзімі алты айға еселенген болуы тиіс. "Мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме" деген атау орыс тілінде "государственное среднесрочное казначейское обязательство" (ГСКО) деп аталады. 2. Қазынашылық мiндеттемелер мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады және олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында еркiн айналыста болады. 3. Қазынашылық мiндеттемелерi бейқұжат (материалдық емес) нысанда шығарылады, қаржы агентiнiң депозитариiнде және бастапқы дилердiң қайталама депозитарилерiнде оларды ұстаушылардың депошоттары бойынша тиiстi жазбалар жүргiзу жолымен орналастырылады және айналыста болады. II. Қазынашылық мiндеттемелердi шығару ҚР Үкіметінiң 28.10.01 ж. № 1369 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Әрбiр шығарылымның Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретiн ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi болады. 5. Мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелердi орналастыруды, айналысқа қосу мен өтеудi жүзеге асыратын қаржы агентi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болады, эмитент Қаржы министрлігі болады, Эмитент пен қаржы агентiнiң арасындағы өзара қарым-қатынастар осы Ережемен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен, қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру мен айналысқа шығаруға қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкінің арасында жасалатын келісіммен және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi. 6. Қазынашылық мiндеттеменiң нақты құны - 1000 теңге. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазынашылық мiндеттемелер ең аз ставкадан бастап эмиссияның белгiлеген көлемiне жеткенге дейiн қатысушылардың өтiнiмiн қанағаттандыру жолымен аукциондық негiзде сатып алушылардың ұсыныстары бойынша айқындалатын сыйақының жылдық ставкасымен бiрге нақты бағасы бойынша ұстаушыларының арасында орналастырылады. Берiлген өтiнiмдердi қанағаттандыру осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес белгiленген сыйақының бірыңғай ставкасы бойынша жүзеге асырылады. 8. Қазақстан Республикасының резидентi және резидентi емес заңды және жеке тұлғалар қазынашылық мiндеттемелердiң ұстаушылары бола алады. Бұл ретте қазынашылық мiндеттемелердiң аукциондарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қаржы министрлігімен бiрлесiп белгiлейтiн бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының басқа қатысушылары (инвесторлар) аукциондарға бастапқы дилерлер арқылы ғана қатысады. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақының ставкасы қазынашылық мiндеттемелердi алғашқы орналастыру жөніндегі аукциондi өткізу барысында белгiленедi. Сыйақының ставкасы аукционға қатысқан қатысушылардың қанағаттандырылған өтiнiмiнiң ең жоғары ставкасына тең белгiленедi. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Сыйақыны есептеу қазынашылық мiндеттемелердi айналдыру мерзiмi шектерiнде айналысқа қосылған күннен бастап, осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес белгiленген тiркелген ставка бойынша жүргiзiледi, бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Қазынашылық мiндеттемелер бойынша сыйақы төлеу тиiстi күнге қазынашылық мiндеттемелер эмиссиясынан кейінгi әрбiр алты ай сайын аталған эмиссияның қазынашылық мiндеттемелерiнiң айналыс мерзiмiнiң шегiнде жүргiзiледi. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. Қазынашылық мiндеттемелердiң әрбiр эмиссиясының көлемi мен шарттарын тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiтедi. Қазынашылық мiндеттемелердi бiр аукционда жеке бастапқы дилердiң немесе инвестордың сатып алуының ең үлкен көлемiн мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы ахуалға қарай әрбiр аукцион үшiн жеке-жеке Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi. Резидент еместердiң аукциондарға қатысу үлесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды. Өткiзiлген аукционның баға шарттары мен оның қатысушыларының өтiнiмiн қанағаттандыру көлемi бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жоғарыда аталған шарттарға сәйкес қабылдайды. 13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кезектi аукцион өткiзiлетiн күнге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қазынашылық мiндеттемелер аукционының өткiзiлетiн мерзiмi мен шарттарын хабарлайды, ол өз кезегiнде жетi күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей қазынашылық мiндеттемелер аукционының өткiзiлетiн уақыты мен шарттары туралы бастапқы дилерге хабарлап, онымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялайды. Аукциондарды өткізудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерімен реттеледi. 14. Қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру жөнiнде аукциондарды осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы ахуалға қарай айқындалатын көлемдерге сүйене отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейтiн кезеңдiлiкпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзедi. III. Қазынашылық мiндеттемелердiң айналысы және өтелуi 15. Қазынашылық мiндеттемелердiң айналысы республикалық бюджетке ақша түскеннен соң депо-шоты бойынша жазбалар жасалған сәттен басталады. 16. Қазынашылық мiндеттемелердiң ұстаушылары оларды аманатқа беруге, РЕПО операцияларын жүргiзуге, қайталама рынокта сатуға және сатып алуға құқылы. Бұл ретте инвестор сатып алу-сату, аманатқа беру және РЕПО операциялары жөніндегі барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы жүргiзедi. 17. Қазынашылық мiндеттемелердi есепке алу және оның қозғалысы мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi есепке алу құрылымына - МЕККАМ-ға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының әрбiр қатысушысы бойынша тiкелей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Депозитарийіндегі және бастапқы дилерлердiң субдепозитарилеріндегі депо-шоттар бойынша жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді 18. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық мiндеттемелердiң тиiстi шығарылымының айналыс мерзiмi бiткеннен кейiн сыйақыны түпкiлiктi төлеудiң нақты құны бойынша қазынашылық мiндеттемелерiн өтеудi жүргiзедi. ҚР Үкіметінiң 06.05.99 ж. № 538 қаулысымен 19-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді 19. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде олардың іс жүзінде айналысты болған уақыты үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 10 күнтізбелік күнде, өз кезегінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жеткізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелердің атаулы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі. ҚР Үкіметінiң 02.04.01 ж. № 437 қаулысымен 20-тармақпен толықтырылды 20. Қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар бойынша салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |