2007 ж. 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 2-баптын редакцияциясы ҚР 30.10.02 ж. № 350-II ( бұрынғы ред. қара) ; 2005.08.07 № 67-III Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Өздерiне әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдар Әкiмшiлiк қадағалау: а) аса қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшін, сондай-ақ экстремизмнiң белгiлерi бар қылмыстар үшiн б) егер жазаны өтеу кезiнде олардың мiнез-құлқы түзелу жолына мүлдем түскiсi келмейтiнiн және қоғам үшiн қауiптi күйiнде қалып отырғанын дәлелдесе, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған; в) егер жазаны өтегеннен немесе жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғаннан кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың құқықтарын үнемi бұзатын болса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған жазасын өтеген адамдарға орнатылады.
|