|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысымен бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ (2017.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. ҚР Үкіметінің 2017.18.10. № 649 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Осы Ереже «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) органдарына, олардың ұйымдары мен АХҚО-ның қатысушыларына қатысты қолданылмайды. 2. Осы Ереженің мақсаты жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауының бірыңғай тәртібін айқындау болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 853 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жеке куәлігінің беткі жағында, туған күнінен төменде, сондай-ақ паспорттың 32-бетінде машина оқитын мәтінде 12 цифрдан тұратын комбинация түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетілмеген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттарға қайта ресімдеу үшін тұрақты тұратын жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді. 4. Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхатының беткі жағында, туған күнінен төменде ЖСН көрсетілмеген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 32-бетіндегі машина оқитын мәтінінде ЖСН-і көрсетілмеген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұруға бұрын берілген ықтиярхат құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамның ЖСН-і бар куәлігін қайта ресімдеу үшін келген жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 853 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті орган иесіне немесе оның заңды өкіліне жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей береді.
3. Заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бүрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
6. Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) қалыптастыру үшін тіркеуші органға жүгінеді: 1) орналасқан жері бойынша: заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) үшін, соның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін; 2) резидент-эмитенттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлға акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің сатылған құнының елу пайызынан астамын құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген резидент еместер үшін; 3) салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша: Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілеріне иелік ететін резидент еместер үшін; 4) резидент-банктің орналасқан жері бойынша: резидент-банктерде ағымдағы шоттарын ашатын және Заңның 9-бабы 10-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін резидент еместер үшін. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар беріледі: 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлғалардың, филиалдың, өкілдіктің (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) (ережесі) құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты, ереже) түпнұсқасы; 3) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.15.05. № 487 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді 8. Құжаттар ұсынылғаннан кейін уәкілетті орган: 1) ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді; 2) заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке БСН беру және заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрынғы куәліктің күшін жою туралы бұйрық шығарады; 3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға, филиал мен өкілдік туралы мәлімет енгізеді; 4) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН береді; 5) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің БСН-і туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы ақпарат жібереді; 6) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы бұйрықты салық органына береді; 7) істі ресімдегеннен кейін құрылтай құжаттарының төлнұсқаларына БСН берілгенін растайтын мөртаңбалар қояды; 8) заңды тұлғаға, филиалға, өкілдікке БСН бере отырып, заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтаманы, сондай-ақ құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді. ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, ал өзге заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыны (бұдан әрі - заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынылады: 1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы жарғысының түпнұсқасы; 3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін: 1) тіркеуші орган ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді; 2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген туралы мәліметтерді тіркеуші орган БСН беру үшін байланыс арналары арқылы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне береді; 3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН беру туралы бұйрық шығарады; 4) тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушының БСН туралы мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН берілгені туралы ақпарат жібереді; 5) тіркеуші орган құжаттарға БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабан қояды; 6) істі рәсімдегеннен кейін тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі анықтаманы, БСН берілгені туралы бұйрықты, сондай-ақ жарғының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді. ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Заңды тұлғалар-қаржы орталығына қатысушылардың бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
4. Дара кәсіпкерлердің бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
13. Бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер БСН қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін бірлескен дара кәсіпкерлік уәкілетті органының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға жүгінеді және мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді. Құжаттары бар болған кезде тіркеуші орган дара кәсіпкердің (бірлескен дара кәсіпкерлік) құжаттарын қайта ресімдеуді құжаттарын ұсынғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесіне 1-қосымша
___________________________ (тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік)
1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) заңды тұлға _________________________________________________________________________________________; 2) филиал _____________________________________________________________________________________________; 3) өкілдік _____________________________________________________________________________________________. 2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы: ______________________________________________________________________________________________________ 3. Заңды тұлға, филиал (өкілдік) (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) коммерциялық ______________________________________________________________________________________; 2) коммерциялық емес ___________________________________________________________________ болып табылады. 4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында инвесторлардың қатысуы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________. 5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________. 6. Заңды тұлға халықаралық ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________. 7. Заңды тұлғаның үлгілік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асыруы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________. 8. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері _________________________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, қаладағы ауданы, _________________________________________________________________________________________________________ (ауыл, кент), көшесі, шағын ауданы, орамы, тұйық көшесі, даңғылы, ________________________________________________________________________________________________________, үйдің нөмірі, пәтер, бөлме, телефон нөмірі, факс нөмірі) 9. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) басшысы туралы мәліметтер (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) Қазақстан Республикасының азаматы _____________________________________________________________________; 2) шетелдік тұлға ________________________________________________________________________________________; 3) азаматтығы жоқ тұлға __________________________________________________________________________________. _______________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., ЖСН немесе құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні, ________________________________________________________________________________________________________ кім берген, тұрақты тұратын елі, телефон нөмірі, факс нөмірі, E-mail) 10. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) мемлекеттік _____________; 2) жеке ________________________. 11. Экономикалық қызметінің негізгі түрлерін көрсетіңіз _________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ 12. Экономикалық қызметінің басқа (екінші) түрлерін көрсетіңіз _________________________________________________________________________________________________________ 13. Жарғылық капитал мөлшері ______________________________________________________________________________ 14. Жарғылық капитал түрі (резидент емес үшін) ________________________________________________________________ 15. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) заңды тұлға _____________; 2) жеке тұлға __________________. Заңды тұлға (резидент) _________________________________________________________________________________________________________ (атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі, БСН) _________________________________________________________________________________________________________ Жарғылық капиталдағы үлесі ____ % салым сомасы (мың теңге) ____ Заңды тұлға (резидент емес) _________________________________________________________________________________________________________ (сауда тізілімінен үзінді көшірмеге немесе субъектінің _________________________________________________________________________________________________________ заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатқа _________________________________________________________________________________________________________ сәйкес, атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі) _________________________________________________________________________________________________________ тіркеу күні, қызмет түрі Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ салым сомасы ______________; Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы) _________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., ЖСН не құжат, паспорты, нөмірі, берілген күні, _________________________________________________________________________________________________________ кім берген, тұрақты тұратын елі) Жарғылық капиталдағы үлесі _____ %; салым сомасы _____________; Жеке тұлға (шет ел азаматы): _________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні, _________________________________________________________________________________________________________ кім берген, тұрақты тұратын елі) Жарғылық капиталдағы үлесі: _____ % салым сомасы ______________ 16. Филиал (өкілдік) құратын заңды тұлға туралы мәліметтер Заңды тұлға (резидент) _________________________________________________________________________________________________________ (атауы, тіркеу күні және тіркеу нөмірі, БСН) _________________________________________________________________________________________________________ Жарғылық капиталдағы % _______ салым сомасы (мың теңге) _______ Заңды тұлға (резидент емес) _________________________________________________________________________________________________________ (атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі (сауда тізілімінен үзіндіге, _________________________________________________________________________________________________________ немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатқа сәйкес _________________________________________________________________________________________________________ тіркеу нөмірі, қызмет түрі), __________________________________________________________________________________ Жарғылық капиталдағы үлесі, _________ % салым сомасы __________ 17. Жұмыспен қамтылған қызметкерлердің күтілетін (болжамды) саны _____________________________________________ 18. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз ): 1) шағын кәсіпкерлік субъектісі ______________________________________________________________________________; 2) орта кәсіпкерлік субъектісі ________________________________________________________________________________; 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі __________________________________________________________________________________. 19. Заңды тұлғаны құру қайта құруды болжайды (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз ): 1) қайта құру ______________________________________________________________________________________________; 2) қосылу _________________________________________________________________________________________________; 3) бөлініп шығу ____________________________________________________________________________________________; 4) бөлу ___________________________________________________________________________________________________. 20. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалар саны _______________________________________________________ 21. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет _________________________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның бұрынғы атауы, БСН) _________________________________________________________________________________________________________ 22. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет: _________________________________________________________________________________________________________ (қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы, БСН) 23. Бөлініп шыққан жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет: _______________________________________________ (жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлғаның атауы, БСН) _________________________________________________________________________________________________________ 24. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет: _________________________________________________________________________________________________________ (базасында заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы, БСН) _________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы) _______ жылы «___» ___________________________ Өтінішке қоса тіркеледі:
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесіне 2-қосымша
___________________________ (тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына
1. Заңды тұлғаның атауы: _________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ 2. Заңды тұлғаның құрамында шетелдік қатысушылардың қатысуы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________. 3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз): 1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
_______________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы) ____ жылғы «___» ___________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |