Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының
Осы редакция 2007 ж. 14 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау жөніндегі жұмысты жақсарту әрi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың көкейтестi проблемаларын шешудегi жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдауы апта сайын "Әкiмшілік рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 заң күшi бар Жарлығында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген тәртiппен көрсетілген органдардың басшылары тоқсан сайын бекiтетiн бұл органдардың үй-жайларындағы кестелерге сәйкес жүргiзiледi деп белгiленсiн. Көрсетiлген кестелер орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың үй-жайларында олармен танысу үшiн азаматтардың еркін қол жеткiзуi қамтамасыз етілетiн орындарда ілiнiп қойылады. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар басшыларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдау ұйымдастыруды азаматтар қабылдауды 1-қосымшаға сәйкес нысанда есепке алу карточкаларын толтыру жолымен есепке алуды жүргiзетiн бұл органдардың өкiлеттi қызметкерлерi жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының басшылары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерi: 1) азаматтарды қабылдау және оларды қабылдауға алдын ала жазу үшiн қажеттi жағдай жасасын, соның iшiнде 2002 жылғы 1 қазанға дейiн қабылдауға алдын ала жазуды жүргiзуге өкiлеттi қызметкерлердi белгiлесiн әрi олардың өткiзілуiн қамтамасыз етсiн, олардың байланыс телефондарын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияласын; 2) азаматтар өтiнiштерiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қаралуын қамтамасыз етсiн; 3) кезектi тоқсан басталғанға дейiн 15 күн бұрын Премьер-Министрдiң Кеңсесiне назарға алу үшiн айына кемiнде бiр рет бiрiншi басшылардың азаматтарды қабылдауын, айдың басқа апталарында олардың орынбасарлары қабылдауын көздейтiн 2-қосымшаға сәйкес нысандағы азаматтарды қабылдаудың тоқсандық кестелерiн ұсынсын; 4) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне белгiленген нысанда қорытылған деректерi қоса берiлген орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдауының нәтижелерi туралы ақпаратты 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министрi Кеңсесiнiң азаматтарды қабылдау бөлмесiнде Аймақтық даму бөлiмiнiң бас инспекторлары аптасына бiр рет Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы тоқсан сайын бекiтетiн кестелерге сәйкес аптасына бір рет азаматтарды қабылдауды жүргiзедi деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесi Басшысының азаматтарды жеке қабылдауы олардың көмекшiлерiмен алдын ала келісіледi және олар белгiлеген күн мен сағатта жүзеге асырылады. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн. 5. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы № 58 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 2-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы 2002 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшiне енетiн 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi және жариялануы тиiс. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына 1-қосымша (бет жағы) КАРТОЧКА азаматтар қабылдауды есепке алу _______________________________________ (мемлекеттік органның атауы) №___ 200 __ жылғы "__"______________________ (қабылдауға жазылу күнi) Азаматтың тегi, аты-жөні ______________________________________________ Азаматтың жұмыс орны мен қызметi ______________________________________ Тұратын мекен-жайы және телефон № _____________________________________ Өтiнiштiң қысқаша мазмұны _____________________________________________ _______________________________________________________________________ Азамат қабылдауына жазылуға тiлек білдiрген басшының тегi және аты-жөнiнiң бас әрiптерi, лауазымы ____________________________________ _______________________________________________________________________ Азаматтың қабылдауға жазылуға тiлек бiлдiрген күнi ____________________ _______________________________________________________________________ (тысқы жағы) Нақты қабылдау жүргiзетiн басшының тегi және аты-жөнiнiң бас әрiптерi, лауазымы _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ Қабылдау күнi _______________________________________________________________________ Азаматтың өтiнiшiн қараудың нәтижелерi ________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына 2-қосымша 2002 жылғы ___ тоқсандағы Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының азаматтарды қабылдау Кестесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына 3-қосымша Басшылардың азаматтарды қабылдауы нәтижесі туралы _____________________________ (мемлекеттік органның атауы) Деректер 200_ жылғы ___ тоқсандағы
|