|
|
|
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысымен күші жойылды
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысымен бекітілген
Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын (2012.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.29.03. № 365 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары заң білімінің болуы; 3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту; 4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту; 5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы; 6) соттылығының болмауы; 7) жиырма бес жасқа толуы; 8) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.29.03. № 365 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы теріс себептермен қызметінен босатылғандарды қоспағанда, мемлекеттік нотариус болып қызмет атқарған жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2012.29.03. № 365 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін орындау кезінде теріс қылықтары мен заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға; 2) мемлекеттік нотариустарға қолданылмайды. 4. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |