Банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 64 Қаулысымен күші жойылды
Банктерді ерікті тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Банктерді ерікті тарату ережесі бекітілсін. 2. Мынадай нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1220 тіркелген); 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 16 наурыздағы № 89 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1833 тіркелген); 3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1220 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 10 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2711 тіркелген). 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Г.А.Бахтиярова): 1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|