Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесін бекіту Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.30.03 № 60 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастар ереже күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болатын құқықтар мен мiндеттерге қолданылады. 3. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) және Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын. 4. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жiберсiн. 5. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесін екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|