Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы (2011.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 720 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1166 қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.11. № 1264 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтердің стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен үлгі стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|