Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы (2011.27.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Yкіметiнің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 Қаулысымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қоса беріліп отырған Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі; 2) қоса беріліп отырған сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) тізбесі; 3) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру үшін сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімі құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде мамандандырылған ұйымдарға төленетін комиссиялық сыйақы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі 602 қаулысымен бекітілген
Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы өнімі) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың тәртібін айқындайды. 2. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізуді жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|