Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау (1999.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 34-құжат), "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы № 2720 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., № 24, 162-құжат) және "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., 276-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібі; Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы № 2720 Заң күші бар Жарлығы қабылданғанға дейін сот-сараптама қызметін жүзеге асырған жеке тұлғалар 1998 жылдың 1 қазанына дейін осы қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға тиіс деп белгіленсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазанның № 1021 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы Сот-сараптама қызметін лицензиялау ТӘРТІБІ
Осы Тәртіп "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленді, ол сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия берудің реті мен шарттарын белгілейді. 1. Жалпы ережелер
1. Сот-сараптама қызметін лицензиялауды осы қызмет түрін мемлекеттік реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі(бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. 2. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға берілетін лицензия сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын жеке тұлғаның осы қызмет түрімен айналысу құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 3. Лицензия Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен сарапшылық мамандықтардың тізбесіне сәйкес белгілі бір сот-сараптама қызметіне беріледі. ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Лицензия Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыстық қудалау функциялары жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқа сот-сараптама қызметі үшін "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңында және осы Ережелерде белгіленген талаптарға сай келетін адамдарға беріледі. 5. Лицензияны басқа адамдарға беруге тыйым салынады. 6. Лицензия бланкісі қатаң есептілік бланкісі болып табылады және оның есеп нөмірі болады. 7. Лицензиялық құжаттар бланкілерінің, берілген лицензиялар көшірмелерінің есебін жүргізу мен оларды сақтауды және оларды тіркеуді лицензиар жүзеге асырады. 8. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына ие болған адамдар Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. 2. Лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген адам сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары және арнаулы ғылыми білімі болып, мынадай білім саласында жоғары біліктілігін танытуға тиіс: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңдарының; әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот-сараптама қызметін информатикаландыру негіздері.
3. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
10. Лицензиялаудың мемлекеттік жүйесі лицензия берудің бірыңғай тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңының 17-бабына сәйкес Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия осы тәртіпте берілген біліктілік талаптарына сай келетін жеке тұлғаға беріледі. ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. Біліктілік емтихандарын тапсыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Сот-медицинасы орталығында жүзеге асырылады. Сарапшыларды аттестациялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестациялық комиссиясы жүзеге асырады, оның мәжілістері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде өткізіледі. Сондай-ақ облыстық әділет басқармаларында комиссияның көшпелі мәжілістері өткізілуі мүмкін. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі береді, сондай-ақ бұл өкілеттіктерді лицензиар аймақтық органдарына бере алады. Біліктілік емтиханын тапсырудың тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен Ережеде белгіленеді. Сарапшылардың аттестациядан өту тәртібі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Ережеде белгіленеді. 13. Сот-сарапшылық қызметті жүзеге асыруға лицензия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады. 14. Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның құрамына лицензиардың және Қазақстан Республикасы сот-сараптама органдарының өкілдері кіреді. ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді 15. Комиссияның жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ережемен реттеледі. 16. Лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну талап етіледі: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жоғары білімі туралы дипломның нотариус растаған көшірмесі(өтініш берушінің ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болса диплом мен аттестаттың көшірмелері); 3) сот сарапшысы мамандығын беру туралы куәліктің нотариус растаған көшірмесі; 4) еңбек кітапшасының жұмыс істейтін жерде расталған көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестациялық комиссиясының қорытындысы; 6) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін алым төленгенін растайтын құжат. Зертханалық зерттеулер жүргізуді талап ететін қызмет түрі бойынша сот- сарапшылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының немесе Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Сот-медицинасы орталығының ұсынуы бойынша жүргізілген арнаулы жабдықталған бөлмені(зертхананы) сертификаттаудың нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган берген құжатты қоса тапсыру керек. 17. Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім өтініш барлық қажетті құжаттармен бірге берілген күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзім ішінде қабылданады. 18. Лицензиатқа берілген лицензияға тіркеу нөмірі беріледі. 19. Жеке тұлғаның төлқұжат деректері өзгерген, лицензия жоғалған жағдайда лицензиат бір ай мерзім ішінде қайта ресімдеу (дубликат беру) туралы өтініш беруге міндетті. Лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның дубликатын беру 7 күн ішінде лицензиаттың оны даярлау шығындарын өтей отырып жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді 20. Лицензия беруден "Лицензия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығының 19-бабында және "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңының 10-бабының 1)-3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тартылуы мүмкін. 21. Лицензияны беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде оны беруден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жазбаша жауап беріледі. 22. Егер лицензия осы Тәртіпте белгіленген мерзімде берілмесе не оны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, онда ол бір ай мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен осы әрекеттерге шағымдануға құқылы. 5. Лицензияны кері қайтарып алу, оның күшін тоқтату және жою
23. Лицензия "Лицензия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығының 22-бабында көзделген жағдайларда сот тәртібімен кері қайтарылуы мүмкін. 24. Лицензиар мына негіздер бойынша: егер лицензияланатын қызметті тексерудің нәтижесінде заң нормаларының бұзылғаны анықталса; егер лицензиаттың құзыретті емес екені анықталса; лицензиаттың сот-сараптама қызметінің саласына сот сараптамасы ісін жүргізуді тапсырған адамдар бірнеше рет және негізді шағым жасаса; егер лицензиат қылмыстық іс бойынша айыпкер ретінде тартылған болса, лицензияның күшін тоқтатуға құқылы. 25. Лицензияның күші тоқтатылатыны туралы лицензиатқа мұндай шешім шыққаннан кейінгі бір аптаның ішінде лицензиар оның себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабарлайды. 26. Лицензияның күшін тоқтату осы тоқтату мерзімінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады. 27. Лицензияны тоқтатудың себептері жойылғаннан кейін және лицензиар тиісті шешімі қабылданғаннан кейін лицензия қайта күшіне енді деп есептеледі, бұл жөнінде лицензиатқа 3 күн мерзім ішінде хабарланады. 28. Лицензияның күшін тоқтату туралы лицензиардың шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. 29. Лицензияның күші "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығының 21-бабында көзделген жағдайларда жойылуы мүмкін. 30. Лицензияның күшін мерзімінен бұрын жою лицензиардың шешімімен ресімделеді және бұл жөнінде лицензиялар тізіліміне тиісті жазба жасалады. 31. Лицензияның күші мерзімінен бұрын жойылған жағдайда лицензиат лицензияны он күн мерзім ішінде оны берген органға сонымен бірге сот шешімін орындау тәртібімен қайтаруы тиіс. 6. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым
32. Лицензия беру үшін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мөлшерде алым алынады. 33. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына алым лицензия алғанға дейін төленеді. 34. Егер лицензиат сот-сараптама қызметіне кіріспесе немесе оны тоқтатқан жағдайда оның төлеген алымын қайтару немесе қайта есептеу жүргізілмейді. 7. Лицензиаттың Қазақстан Республикасы заңдарында және осы Тәртіпте белгіленген талаптарды орындауына бақылау жасау
35. Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдарына және осы тәртіпте белгіленген талаптарды орындауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 36. Тексеру жүргізудің тәртібін, реттілігін және мерзімін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензиар белгілейді. Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысымен бекітілген
Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ТӘРТІБІ
1. Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру мен пайдаланудың тәртібін белгілейтін осы тәртіп "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді. 2. Тізілімге Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия алған адамдар енгізілуге тиіс. 3. Тізілім Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар туралы соттар мен анықтау және алдын-ала тергеу органдарының хабардар болуы мақсатында жасалады. ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Соттар мен анықтау және алдын ала тергеу органдары "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда Тізілімге енгізілген мамандарға сот сараптамасы ісін жүргізуді тапсыруы керек. ҚР Үкіметінің 1999.15.05. № 578 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Тізілім осы Ережеде көзделген талаптарды ескере отырып ресімделген жеке тұлғалардың тізімі болып табылады. 6. Тізілім сот сарапшысы туралы мынадай мәліметтерді қамтиды: - тегі, аты, әкесінің аты; - білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы; - сарапшы мамандығы (мамандықтары) туралы және біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні; - сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні (сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар үшін); - сот сарапшысының жұмыс орны мен лауазымы; - сарапшылық мамандығы (мамандықтары) бойынша сот сарапшысының стажы. 7. Тізілімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүргізеді. 8. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшысы мамандығы бар адамдар туралы деректер Тізілімге олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестациялық комиссиясында аттестациядан өткеннен кейін осы Комиссияның ұсынуымен енгізіледі. 9. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар Тізілімге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша олар сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған кезде енгізіледі. 10. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері кезекті аттестациядан өтпеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестациялық комиссиясының ұсынуы бойынша Тізілімнен шығарылуға тиіс. 11. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар олардың сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензиясы кері қайтарылған жағдайда Тізілімнен шығарылуға тиіс. 12. Тізілім республиканың соттарына, анықтау және алдын-ала тергеу органдарына таратылады. |