Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі (2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 21 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тарихи-мәдени мұра халықтың тарихи тағдырының аса маңызды айғағы ретінде, оның бүгінгі және болашақта дамуының негізі және сөзсіз шарты ретінде, бүкіл адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында мұны қамтамасыз ету барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың адамгершілік борышы және осы Заңмен белгіленетін міндеті болып табылады. 1 бөлім. Жалпы ережелер 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының мақсаты мен міндеттері Осы Заңның мақсаты тарихи-мәдени мұраның сақталуын және сабақтас дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды реттеу, атап айтқанда: - тарихи-мәдени мұра ұғымын анықтау, оны қорғау және пайдалану; - тарихи-мәдени мұра объектілерінің құқылық мәртебесін баянды ету; - мемлекеттік өкімет органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жекелеген адамдардың тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы қоғам мен халық алдындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу; - мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы құзыретінің ара-жігін ашу; - тарихи-мәдени мұраға тікелей немесе жанама түрде зиян келтірушілердің іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) тарихи-мәдени мұра - мемлекеттік маңызы бар және осыған орай өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз тек қана Қазақстан Республикасына тиесiлi болатын тарихи-мәдени құндылықтар жиынтығы; 2) тарихи-мәдени мұра объектiлерi - кескiн, мүсiн туындыларымен байланысты, соның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен байланысты жылжымайтын мүлiк объектiлерi; сәндiк-қолданбалы өнер объектiлерi; ғылым мен техника объектiлерi және материалдық мәдениеттiң тарихи оқиғалар нәтижесiнде туындаған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, этнология немесе антропология, әлеуметтiк мәдениет тұрғысында құндылығы бар өзге де заттары; тарихи-сәулет, көркемдiк, ғылыми және мемориалдық жағынан құнды, елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн ерекше маңызы бар объектiлер. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi осы Заңға сәйкес мынадай түрлерге бөлiнедi: қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi; археология ескерткiштерi; 3) археология ескерткiштерi - қала орындары, қорғандар, ежелгi қоныстардың, бекiнiстердiң, өндiрiстердiң орындары, арналардың, жолдардың сiлемдерi, ежелгi көму орындары, тас мүсiндер, жартастағы бейнелер, көне заттар, ежелгi елдi мекендердiң тарихи мәдени қабатының учаскелерi; 4) қала құрылысы мен архитектура ескерткiштерi - сәулет ансамбльдерi мен кешендерi, тарихи орталықтар, махаллалар, алаңдар, көшелер, ежелгi жобалар мен қалалар құрылыстарының және басқа да елдi мекендердiң орындары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсiп, әскери, ғибадат ету сәулетiнiң, халық сәулетшiлiгінiң құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтiк сәндiк, қолданбалы және саяжай-бақ өнерiнiң туындылары, табиғи ландшафтар; 5) тарих және мәдениет ескерткiштерi - аталған құрылыстармен, үйлермен және ғимараттармен тарихи орныққан аумақтары бар жекелеген құрылыстар, үйлер мен ғимараттар, тарихи, ғылыми, көркем және өзге де мәдени құндылық болып табылатын мемориалдық үйлер, махаллалар, мазарлар, кесенелер мен жекелеген жерлеу орындары, монументтiк өнер туындылары, Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң Мемлекеттік тiзiмiне енгiзiлген және реставрациялаудың әлеуеттi объектiлерi болып табылатын тас мүсiндер, жартастағы бейнелер, археология ескерткiштерi, ғылым мен техника объектiлерi, антропология, этнография, фольклор, нумизматика, эпиграфика, фотосурет материалдары, кинофильмдер, әдебиет пен өнер туындылары, мұрағат, қолжазба құжаттары, манускрипт кiтаптар, көне құнды және сирек кездесетiн басылымдар, жәдiгерлер мен мемориалдық сипаттағы заттар; 6) алдын ала есепке алу тiзiмi - оларға тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн беру мақсатында айқындалған тарихи-мәдени мұра ескерткiштерiнiң тiзiмi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 4-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану: - тарихи-мәдени мұраларды анықтауға, зерттеу мен насихаттауға; - тарихи-мәдени қазыналарға тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін белгілеуге; - құртып-жоюдан, жүгенсіздікпен қиратудан, бұрмалаудан, әдейі адастырудан, өңін айналдырудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи орнынан алып тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге; - консервациялау, реставрациялау, регенерациялау және факсимилелік басылымдар шығару жолымен сақтауға және жаңғыртуға; - олардың сақталуын қамтамасыз ететін қағидаларға сәйкес күтіп-ұстауға; - этнографиялық-мәдени ортаның түлеуі процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарға пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды. Көзделіп отырған шаралар жүйесі Қазақстандағы ескерткіштер деп танылған барлық тарихи-мәдени қазыналарға, олардың түріне, сақталу дәрежесіне және кімнің меншігінде екеніне қарамастан қолданылады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 5-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң құқықтық мәртебесi Тарихи-мәдени мұра объектiлерi ескерткiштер мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi ескерткiш деп танылған кезден бастап иеленедi. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгізу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен ұсынылады. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнде бекіту арқылы баянды етiледi. Археологиялық ескерткiштердiң барлық түрi тарихи-мәдени және ғылыми жағынан құнды және олардың тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесi болады. Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды құқықтық мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимi болады. Тарих және мәдениет ескерткiшiн құқықтық мәртебесiнен айыруға, оны тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнен шығарып тастауға тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясымен келісілген ұсынысы бойынша, ғылыми сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен ерекше жағдайларда (дүлей зiлзала салдарынан қираған кезде) ғана жол берiледi. Алдын ала есепке алу тiзiмiне енгiзiлген жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерi олардың мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс. 6-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 7-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі құзыреті Қазақстан Республикасы тиісті органдары арқылы республика заңдарымен белгіленген тәртіппен танылған және өз аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі бүкіл билікке толық ие болады. Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, бірақ басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан ескерткіштер де қорғауға, сақтауға және пайдалануға жатады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, бірақ басқа мемлекеттердің, заңды ұйымдар мен азаматтардың меншігі болып табылатын ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану мемлекетаралық шарттарға сәйкес белгіленеді. Қазақстан Республикасы қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың тарихи-мәдени игілігі деп танылған, республикадан тыс жерлердегі мәдени қазыналарды анықтауға, есепке алуды ұйымдастыруға, сақтауға және тарихи отанына қайтаруға шаралар қолданады. 2 бөлім. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 8-бап. Меншік қатынастарын реттеу Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және республиканың басқа да заң актілерімен реттеледі. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері осы заңмен белгіленеді. 9-бап. Меншік құқығы объектілері Осы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша ескерткіштер деп танылған материалдық және рухани тарихи-мәдени қазыналар ескерткіштерге меншік құқығының объектілері болып табылады. 10-бап. Меншік құқығы субъектілері Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасы объектілеріне меншік құқығының субъектілері: Қазақстан Республикасы, әртүрлі меншік түрлеріндегі заңды ұйымдар мен Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 11-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының аумағындағы және басқа субъектілердің меншігі болып табылмайтын барлық тарих және мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіп бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерi деп танылған археологиялық ескерткiштердiң барлық түрлерi, халық өмiріндегі маңызды тарихи оқиғалармен байланысты естелiк орындар, қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi, тарихи-мәдени ландшафтар тек қана Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Қазақстан Республикасы қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын, ол үшін тарихи-мәдени құнды тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын олардың меншік иелерімен жасалған шарттар бойынша сатып алуы мүмкін. Қазақстан Республикасы атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншік иесі өкілеттігін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 12-бап. Меншік субъектілерінің құқықтары Меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштеріне өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, меншік иесінің оларды меншік объектілері ретінде иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге құқығы бар. Объект тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған жағдайда меншік иесі оған меншік құқығын сақтап қалады. Меншігінде тарих және мәдениет ескерткіші бар азамат, егер меншік объектісі өзіне мұрагерлік құқығы арқылы тиесілі болса және шығу тегі немесе мазмұны жағынан мұра етіп қалдырған адамның жеке басымен немесе меншік иесінің ата-бабасымен байланысты болса, ол ескерткіштің мазмұнын елу жыл мерзiмге дейiн жария етпеуді немесе зерттеу мен жария көрсетуге жол бермеуді талап етуге қақылы. Меншік иесі ескерткіштерді пайдалану және іске қосу нәтижесінде пайда табуға (табыс алуға) құқылы, бұл құқық оларды қорғау жөніндегі міндеттемелермен шектеледі. Қозғалмайтын ескерткіштерге меншік құқықтары өзгерген кезде, олардың аумағы жаңа меншік иесінің иелігіне тегін көшеді. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 13-бап. Меншiк иелерiнiң мiндеттерi Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асырады және: 1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға; 2) тарих және мәдениеттiң жылжымайтын ескерткiштерiн - сол ескерткiштердiң орналасқан жерi бойынша немесе тарихтың және мәдениеттiң жылжымалы ескерткiштерiн меншiк иесiнiң тұрғылықты жерi бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органда тiркетуге; 3) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органды меншiк құқықтарының пайымдалып отырған немесе болған өзгерiстерi туралы хабардар етуге; 4) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органды тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орналасқан жерлерiнiң пайымдалып отырған немесе болған өзгерiстерi туралы хабардар етуге, олармен тарих және мәдениет ескерткiштерiн күту және пайдалану жағдайларының өзгерiсiн келiсуге; 5) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, консервациялау және қалпына келтiру жөніндегі жұмыстарды келiсуге; 6) арнайы шарттарда белгiленген тәртiп пен шекте тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Тарих және мәдениет ескерткiштерi меншiк иелерiнiң және оларды пайдаланушылардың мiндеттемелерi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы беретiн, меншiк иесi немесе пайдаланушы қол қоятын және санамалап көрсетiлген жалпы мiндеттемелермен қатар тарих және мәдениеттiң нақты ескерткiштерiне қатысты арнайы мiндеттемелер қамтылған тарих және мәдениеттiң жылжымайтын ескерткiштерiн қорғау туралы құжатта тiркеледi. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген мiндеттемелер тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерiне және пайдаланушыларына тең дәрежеде қатысты. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 14-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқықтарынан мәжбүрлеп айыру Меншiк иесiнiң кiнәсiнен жойылып кету немесе бүлiну қаупiне ұшыраған тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқықтарынан мәжбүрлеп айыру сот шешiмi негiзiнде ғана жүзеге асырылады. Меншiк иесi өзiне осы Заңның 13-бабымен көзделген тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі мiндеттемелердi алудан бас тартқан жағдайда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының талап-арызы бойынша сот шешiм қабылдайды. Меншiк иесiн жеке меншiгіндегі, оның тұрғын үйi немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнен мәжбүрлеп айыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен оған өзге тұрғын жай және шарт бойынша тиiстi өтем ақы берiлмей жүзеге асырылмайды. Бұл ретте, тарих және мәдениет ескерткiштерi тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмi бойынша шартпен белгiленген, ал дау туған жағдайда - сот белгiлеген мөлшерде бұрынғы меншiк иесiне өтемақы төлене отырып, мемлекет меншiгiне берiледi. 15-бап. Ескерткішке меншік құқығын сатып алу кезіндегі артықшылықтар Жалпы үлестік меншіктегі ескерткіштің бір бөлігінің меншік иелерінде осы ескерткіштің басқа бөліктерін меншігіне сатып алуға артықшылық құқығы бар. Ескерткіштің басқа бөліктерін сатып алудың осы баптың бірінші тармағында көзделген артықшылық құқығы сатып алушы меншігінің ескерткіш мәртебесі болмаған ретте де қолданылады. Ескерткіштерді жария сатқан кезде, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде айтылған реттерді қоспағанда, мемлекеттің оларды нарық (аукцион) бағасы бойынша артықшылықпен сатып алуға құқығы бар. Бұл реттерде мемлекетте осы баптың бірінші бөлігінде аталған меншік иелерінен кейінгі артықшылық құқығы болады. Ескерткіштерді мемлекетке беру үшін сатып алушы заңды ұйымдар мен азаматтар да рәсімделген міндеттемені табыс еткен жағдайда, мемлекет сияқты, нақ олар да осындай құқықтарға ие болады. 3 бөлім. Тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 16-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары жүйесі Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды мыналар жүзеге асырады: - Қазақстан Республикасының Үкіметі; облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары; - тарих-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган; - Қазақстан Республикасының архивтерін және құжаттамаларын басқаратын мемлекеттік органы. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: - тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiң саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды; - тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган туралы ережені бекітеді; - тарихи-мәдени мұра объектілерін мемлекеттік есепке алу, сондай-ақ оларды анықтау, зертеу, күтіп-ұстау, консервациялау, реставрациялау, регенерациялау, музейге айналдыру, насихаттау және пайдалану, әкелу мен әкету тәртібін, республика меншігіндегі тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы нарықтарын белгілейді. тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және сақтау ережелерiн белгiлейдi; тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау және есепке алу тәртібі туралы ережелерiн бекiтедi; тарих және мәдениет ескерткiштерiне қорғау мiндеттемелерiн беру ережелерiн белгiлейдi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 18-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтауды, есепке алуды, қорғауды, қалпына келтiрудi және пайдалануды қамтамасыз етедi; 2) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi; 3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар ескерткiштердi есепке алуды, қорғауды және қалпына келтiрудi ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды көздейдi; 4) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын, мемлекет меншiгіндегі ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру туралы мәселенi шешедi; 5) мемлекет меншiгiндегі тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының ставкаларын белгiлейдi; 6) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекіту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, тарихи-құрылыс тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi; 7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды; 8) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған лауазымды адамдарды, азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бiрлестiктердi жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды; 9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi; 10) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi; 11) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi; 12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында: 1) азаматтар мен ұйымдардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi; 2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады; 3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi; 4) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi; 5) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн, оларды бұзуды жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 6) табиғи және өзге де экологиялық, тарихи, мәдени және ғылыми құндылығы бар объектiлердi қорғалатын табиғат, тарих және мәдениет ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныстар енгiзедi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 19-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның құзыретi Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың бағдарламаларын әзiрлейдi және оны қалыптастыру мен iске асыруға қатысады; 2) тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiне және оларды күтiп ұстау тәртібіне, сондай-ақ оларды жөндеу, реставрациялау, және консервациялау жөніндегі жұмыстардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, реставрациялау және пайдалану мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi және келiседi; 3) Қазақстан Республикасы аумағындағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау мен пайдалану ережелерiн ұстануды қамтамасыз етедi; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерiне зерттеулер, жобалық және реставрациялау-консервациялау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат құжаттарын және (немесе) лицензиялар бередi; 5) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қауiп төндiретiн қызметтi тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады; 6) Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарды әкелу және әкету тәртібі туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; |