Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы (2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Негізгі ережелер (1 - 7 баптар) 2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу (8 - 14 баптар) 3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру (15 - 23 баптар) 4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, (24 - 27 баптар) туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 5-тарау. Қорытынды ережелер (28 - 29 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) гид (гид-аудармашы) - туристерге уақытша келген елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететiн кәсiби даярланған жеке тұлға; 2) туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарт - өтелмелi туристiк қызмет көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттiң және туристiң арасындағы келісім; 3) туризм нұсқаушысы - тиiстi біліктiлiгi және туристiк маршруттармен жүрiп өту тәжiрибесi бар кәсiби даярланған жеке тұлға; 4) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар; 5) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткізу жөніндегі туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешенi; 6) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені; 7) туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтiн қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетiн саяхаты; 8) өз бетiнше туризм - туристер өз бетiмен ұйымдастыратын, жүрiп-тұрудың белсендi тәсiлдерi пайдаланылатын саяхат; 9) турист - жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға; 10) туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткізу жөніндегі қызметi; 11) туристiк қызмет - жеке және заңды тұлғалардың туристiк қызмет көрсету жөніндегі қызметi; 12) туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрi - туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметi; 13) туристiк жолдама - туристiк қызмет көрсету кешенiн алуға құқықты растайтын құжат; 14) туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып табылатын заңды тұлғалар; 15) туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер; 16) туристiк ваучер - турдың құрамына кiретiн қызметтерге туристiң құқығын және олардың ақысы төленгенiнiң фактiсiн растайтын құжат; 17) туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы; 18) туристiк рынок - туристiк қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және ақша айналысы; 19) туристiк қызмет көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулерi); 20) уәкiлеттi орган - туристiк қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн орталық атқарушы орган; 21) экскурсант - бiр жерге, елдi мекенге, аумаққа немесе сол жердегi басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға; 22) экскурсиялық қызмет - азаматтардың уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруiн ұйымдастыру жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөніндегі қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды; 23) экскурсовод - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктiлiгi бар, кәсiби даярланған жеке тұлға. 2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi 1. Туристiк қызмет субъектiлерiне: 1) туристiк операторлар (туроператорлар); 2) туристiк агенттер (турагенттер); 3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар; 4) туристер және олардың бiрлестiктерi; 5) экскурсанттар; 6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер; 7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттік органдар жатады. 2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер. 1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы. 2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi: 1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету; 2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету; 3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету; 4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету; 5) көлiк қызметiн көрсету; 6) ойын-сауық; 7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер. Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтiру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады. 6-бап. Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi 1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң ұйымдық нысандары болып танылады. 1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхатын; 2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды. 3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты. 4. Туризмнiң түрлерi - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және басқа туризм. 7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты 1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады. 2. Басқа елге шығуға байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету импорты болып табылады. 2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу 8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң принциптерi Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау; 2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау; 3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру; 4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристiк ұйымдарының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау. 9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi 1. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң негiзгi мақсаттары: 1) азаматтардың тyристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету; 2) қоршаған ортаны қорғау; 3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау; 4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту; 5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту; 6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады. 2. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң басым бағыттары: 1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру; 2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерiн ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау; 3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу; 4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау; 5) Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмiмен және iшкi туризммен айналысатын туристiк ұйымдарды қолдау және дамыту; 6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады. 3. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеу: 1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау; 2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау туристiк индустрияның қызмет көрсетулерiн стандарттау және сертификаттау; 4) бюджеттік заңдарға сәйкес туризмдi дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға бюджет қаржыларын бөлу; 5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу; 7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу; 8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi 1. Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтік құқықтық актiлердi қабылдайды; 3) туристiк қызметтi лицензиялау ережелерiн және туристiк қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi; 4) туристер аралауға тыйым салынған объектiлер мен аумақтарды белгiлейдi; 5) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты айқындайды; 6) туристiк қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiн құрады; 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырады; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзiрлейдi; 2) туристiк қызмет мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады; 3) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) туристiк рынокқа зерттеу жүргiзедi, халықаралық туристiк рынокта және мемлекет iшiнде Қазақстан туралы және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты әзiрлеп, таратады; 6) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасасады және орындайды, халықаралық туристiк ұйымдарда және туризм жөніндегі халықаралық iс-шараларда Қазақстан атынан өкiлдiк етедi; 7) атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан туристiк және басқа да ұйымдардың туристiк қызмет саласындағы қызметiн үйлестiредi; 8) туристiк қызмет көрсету рыногында бәсекенi дамытуға жәрдемдеседi, онда меншiк нысанына қарамастан барлық туристiк қызмет субъектiлерi үшiн тең жағдайлар жасайды; 9) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп сертификаттау мен стандарттауды реттейдi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңдары мен нормативтiк құқықтық актілерінiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 12) туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарына туристік қызмет субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді; 13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 12-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың құзыретi 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгерді (бұр. ред. қара) 1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган: 1) туристiк қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретiнде кәсiпкерлiктi дамытып, қолдайды; 2) туризмдi дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеп, орындайды; 3) жергiлiктi туристiк ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзiрлеп, енгiзедi; 4) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң туристiк қызмет көрсету рыногына талдау жасайды; 5) әкiмшілік-аумақтық бiрлiктердегi туризмнiң дамуы туралы талдау жасап, қажеттi мәлiметтердi уәкiлеттi органға бередi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6) турагенттiк, туроператорлық қызметтi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялауды жүзеге асырады; 7) туристiк қызмет көрсетулердi және туризм объектiлерiн жарнамалайды, туристiк ақпаратты бередi, туристiк ақпарат орталықтарын құрады; 8) балалар мен жастар лагерьлерiнiң қызметiне жәрдем көрсетедi; 9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) туристiк қызмет субъектiлерiне олардың қызметiн ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi; 11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 13-бап. Туризм жөніндегі кеңес 1. Туризм жөніндегі кеңес консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылады. 2. Туризм жөніндегі кеңес он бес мүшеден құралады, оның жетеуiн уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттік органдар ұсынады, сегiз мүшесiн қауымдастықтар және туристiк ұйымдардың өзге де бiрлестiктерi ұсынады. 1) Туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристiк имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлейдi; 2) туристiк қызмет көрсетудi тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингін жүргізеді. 4. Туризм жөніндегі кеңес туралы ереженi туризм саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 14-бап. Туристiк ақпарат орталығы 1. Туристiк ақпарат орталығы Қазақстан және оның туристiк әлеуетi туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату үшiн, туристiк өнiмдi халықаралық туристiк рынокта және мемлекет iшiнде ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен құрылған ұйым болып табылады. 2. Туристiк ақпарат орталығы өз қызметiн уәкiлеттi орган бекiткен ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру 22.02.02 ж. № 296-11; 04.12.03 ж. № 503-11; 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгерді 15-бап. Туристiк қызметтi лицензиялау 1. Туристердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасында туроператорлық, турагенттiк, қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтер лицензияланады. Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшiн туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. 2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган туроператорлық, турагенттiк, қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтердi жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын сот тәртібінсiз алты ай мерзiмге дейiн мынадай негiздер бойынша тоқтата тұруға құқылы: 1) берiлген лицензияға негiз болған ақпараттың дұрыс болмауы; 2) туристiк ұйымның туристiк қызмет көрсету шарттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауы не тиiсiнше орындамауы (күнтiзбелiк үзiлiссiз он екi ай iшiнде үш және одан да көп жағдай); 3) лицензиар белгiлеген нормативтердi және туристiк ұйымдар орындауға мiндеттi басқа да нормаларды бұзу (күнтiзбелiк үзiлiссiз он екi ай ішінде үш және одан да көп жағдай); 4) туроператорлық, турагенттiк, қызметтi лицензия берген кезден бастап жетi ай өткен соң сәйкестiк сертификаттарынсыз жүзеге асыру; 4-1) заңсыз көші қон мақсатында туроператорлық, қызметтi жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін бұзу. 3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын мiндеттемелердi қоспағанда, туристiк қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады. 4. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган лицензияны кері қайтарып алуды сот тәртібімен жүзеге асырады. Лицензияны керi қайтарып алу үшiн мыналар негiз болып табылады: 1) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган белгiлеген мерзiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұратын себептерiнiң жойылмауы; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер. 5. Туристiк қызметке берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм атқарушы билiктiң мүдделi органдарының назарына жеткiзiледi және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган белгiлеген мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады. 6. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органның лицензияны тоқтата тұру туралы шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн. 7. Лицензиялар туралы, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристiк саланың мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiледi. 16-бап. Туристiк қызмет саласындағы сертификаттау мен стандарттау 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасында туристiк индустрияда қызмет көрсету мiндеттi сертификаттауға жатады. 2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген мемлекеттік стандарттардың мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады. 3. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша ұйымдардың туристiк қызмет саласындағы сертификаттау жөніндегі жұмыстарын жүргiзу құқығын аккредитациялауды жүзеге асырады. 17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты 1. Туристiк қызмет көрсету шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Туристiк қызмет көрсету шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс. 2. Шарттың елеулi талаптарына мыналар жатады: 1) туристiк қызметтi жүзеге асыруға берiлетiн лицензия туралы деректердi қоса алғанда туроператор немесе турагент туралы ақпарат, оның атауы, тұрған жерi және банктегi деректемелерi; 2) туристiк өнiмдi өткізу үшiн қажеттi көлемде турист туралы мәлiметтер; 3) барлық болатын пункттердi көрсете отырып, болатын елдегi (жердегi) саяхаттың бағдарламасы мен маршруты туралы, туристердiң қауiпсiздiгi жағдайлары туралы, туристiк қызмет көрсетуге сертификаттың болуы туралы ақпаратты қоса алғанда, туристiк өнiмнiң тұтынушылық қасиеттерi туралы дұрыс ақпарат; 4) саяхаттың басталу және аяқталу күнi мен уақыты; 5) туристердi күтiп алу, шығарып салу және оларға iлесiп жүру тәртібі; 6) туристiк өнiмнiң бағасы және оны төлеу тәртібі; 7) тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi; 8) шартты өзгерту және бұзу жағдайлары; 9) баратын жерiне туристiң багажын жеткізу мәлiметтерi мен талаптары және шарттың осы тармағының тиiсiнше орындалмауының құқықтық салдары; 10) шарттың тараптар келісімi бойынша белгiленетiн өзге де ережелерi. 3. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы. 4. Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады: 1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi; 2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi; 3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгізу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы; 4) тараптардың келісімi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер. 5. Туроператор немесе турагент шартты орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен шартты бұзуға құқылы. 6. Турист туроператорға немесе турагентке шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы. 7. Туристiк жолдаманың сатып алынуы туристiк қызмет көрсету шарты жасалуының растамасы болып табылады. 8. Турдың құрамына кiретiн туристiк қызметтер көрсетiлуiн сатып алған жағдайда туристiк ваучер туристiң тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады. 9. Туристiң кiнәсiнен туристiк қызмет көрсету шартын орындау мүмкiн болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтерге толық көлемде ақы төленуi тиiс. 10. Туристiк қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың бiр де бiрi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристiк ұйымға iс жүзiнде шығарған шығындарын өтейдi. 11. Туристiң кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, туроператор немесе турагент тапсырыс берушiге шартты бұзудан келтiрiлген залалдарды толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы. 12. Басқа елге келген жерi бойынша не жүру барысындағы маршруты бойынша шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туроператор немесе турагент шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапты болады. |