Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын (ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы 43-тармақпен толықтырылсын: "43. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман қоры Ауыл шаруашылығы министрлігінiң учаскелерiнде орман Орман және аңшылық шаруашылығы пайдаланушылар жүзеге комитетi асыратын сүрек дайындау жөнiндегі қызмет"; 2) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: 4-тармақ мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын: "41) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызмет 10"; 3) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1018 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Бiлiктілік талаптары мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке (бұдан әрi - сүрек дайындау жөніндегі қызмет) лицензия алуға талапкер заңды және жеке тұлғаларға қойылады. Сүрек дайындау жөніндегі қызмет басты пайдаланымдағы кесудi, аралық пайдаланымдағы кесудi және өзге де кесудi жүзеге асыруды қамтиды. Сүрек дайындау жөніндегі қызметтiң көлемiне қарай бас немесе бiржолғы лицензия берiледi. Бас лицензия ағаш кесудiң барлық түрлерiне мерзiмi шектелмей берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады. Бiржолғы лицензия аралық пайдаланымдағы кесудi, өзге де кесудi жүргiзуге берiледi және жұмыс жүргiзу көлемiмен (алаңымен) де, мерзiмiмен де шектеледi және нақтылы мемлекеттік орман иелену аумағына қолданылады. Лицензия сүрек дайындау кезiнде жүзеге асырылатын барлық технологиялық операцияларға, оның iшiнде: ағаш құлатуға, бұтақшаларды кесуге, сүректi тасуға, ағашты күзеуге, тиеуге және шетке шығаруға берiледi. Бiлiктілік талаптарының сақталуын бақылау лицензиат жыл сайын лицензияны алу күнiне тапсыратын оның біліктілік талаптарын растайтын құжаттар мен материалдарды қамтиды. 1. Басты пайдаланымдағы кесу кезiнде қойылатын біліктілік талаптары: 1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушi басшыда - жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк білімiнiң; жеке тұлға үшiн - орта немесе орта кәсiптiк білімiнiң; 2) инженерлiк-техникалық қызметкерлер үшін - лицензиаттың деректерiмен расталған мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман-инженерлiк iс, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсiптiк білімi немесе тиiсті орта кәсiптiк білімi және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушылардың; 3) лицензиаттың деректерiмен расталған ағаш құлату, бұтақшаларды кесу, сүректi тасу, тиеу және шетке шығару, магистральды және сүрлеу жол ағаштарын күзеу, кесу бойынша жұмыстар жүргiзудi үйренген қызметкерлердiң; 4) материалдық-техникалық базаның: ағаш кесу ережелерiмен белгiленген кеспеағаш жұмыстарын жүргiзуге қойылатын экологиялық-орман өсiрушiлiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық сипаттамалары бар арнаулы машиналар мен тетiктердiң, жабдықтардың, энергетикалық модульдердiң, ағаш дайындау техникасының (харвестерлердiң, форвардерлердiң), ағаш тасушылардың, әбзелдердiң, аспаптар мен құрал-саймандардың; 5) ормандардағы өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк талаптарға сәйкес өрт сөндiру құралдарының; 6) жұмыстардың осы түрiне белгіленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық үй-жайлардың; 7) сүрек дайындауды реттейтiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердiң; 8) еңбек қорғауды және қауiпсiздiк техникасын қамтамасыз ететiн мамандардың болуын қамтиды. 2. Аралық пайдаланымдағы кесу және өзге де кесу кезiнде қойылатын білiктілік талаптары: заңды тұлға үшiн: 1) өтiнiш берушi басшыда - жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк білімiнiң; 2) инженерлiк-техникалық қызметкерлерде - лицензиаттың деректерiмен расталған мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман-инженерлiк iс, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсiптiк білімi немесе тиiстi орта кәсiптiк білімi және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушылардың; 3) лицензиаттың деректерiмен расталған ағаш құлату, бұтақшаларды кесу, сүректi тасу, тиеу және шетке шығару, магистральды және сүрлеу жол ағаштарын күзеу, кесу бойынша жұмыстар жүргiзудi үйренген қызметкерлердiң; 4) материалдық-техникалық базаның: ағаш кесу ережелерiмен белгiленген кеспеағаш жұмыстарын жүргiзуге қойылатын экологиялық-орман өсiрушілiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық сипаттамалары бар арнаулы машиналар мен тетiктердiң, жабдықтардың, энергетикалық модульдердiң, ағаш дайындау техникасының (харвестерлердiң, форвардерлердiң), ағаш тасушылардың, әбзелдердiң, аспаптар мен құрал-саймандардың; 5) ормандардағы өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк талаптарға сәйкес өрт сөндіру құралдарының; 6) жұмыстардың осы түрiне белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық үй-жайлардың; 7) сүрек дайындауды реттейтiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердiң; 8) еңбек қорғауды және қауiпсiздiк техникасын қамтамасыз ететiн мамандардың болуын қамтиды; жеке тұлғалар үшiн: 1) орта немесе орта кәсiптiк білiмiнiң; 2) инженерлiк-техникалық қызметкерлерде - лицензиаттың деректерiмен расталған мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман-инженерлiк iс, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсiптiк білiмi немесе тиiстi орта кәсiптiк білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушылардың; 3) лицензиаттың деректерiмен расталған ағаш құлату, бұтақшаларды кесу, сүректi тасу, тиеу және шетке шығару, магистральды және сүрлеу жол ағаштарын күзеу, кесу бойынша жұмыстар жүргiзудi үйренген қызметкерлердiң; 4) материалдық-техникалық базаның: ағаш кесу ережелерiмен белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргiзуге қойылатын экологиялық-орман өсiрушiлiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық сипаттамалары бар арнаулы машиналардың, жабдықтар мен аспаптардың, құрал-саймандардың; 5) ормандардағы өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк талаптарға сәйкес өрт сөндiру құралдарының; 6) сүрек дайындауды реттейтiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердiң болуын қамтиды. |