Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 Қаулысы (2009.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысымен Бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесі
1-бөлім. Сатып алудың негізгі ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|