Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2136 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі» туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы, «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 казандағы № 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесі
1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесі (бұдан әрі - ТМККК тізбесі) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі - азаматтар) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмек көрсетудің түрлерін, көлемдері мен шарттарын айқындайды және неғұрлым дәлелденген тиімділігі бар медициналық қызметтерді қамтиды. 2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылатын ТМККК тізбесі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|