|
|
|
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы (2013.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 629 Қаулысымен күші жойылды
«Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 37 бұйрығын қараңыз
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.04. № 448 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.06.06. № 631 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.28.05. № 561 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі
1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 3. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 6. «Электрондық үкімет» веб-порталы. 7. «Электрондық үкімет» шлюзі. 8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі. 9. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы. 10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы. 11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі. 12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі. 13. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі. 14. «KZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі. 15. Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі. 16. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі. 17. «Салықтық есептілікті өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі. 18. «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі. 19. «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 20. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі. 21. Мемлекеттік органдардын бірыңгай көлік ортасы. 22. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 23. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл порталы». 24. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 25. «Е-lеаrnig» электрондық оқыту жүйесі. 26. Мемлекеттік органдардың интранет-порталы. 27. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі. 28. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық почта жүйесі» ақпараттық жүйесі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |