Коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлігі), «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Аудан және қала әкімдері кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруге жататын мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін облыстың атқарушы органымен келіссін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Әкімдік мүшелері КЕЛІСІЛДІ:
қаулысымен бекітілген 2007 жылғы 12 шілдедегі № 323
Мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді, мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін, оның ішінде тендер өткізуді, сенім білдірілген басқарушылармен шарт жасасуды және оларды бақылауды жүзеге асыруды анықтайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|