Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу нұсқаулығын бекіту туралы
ҚР Ішкі Істер министрінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 225 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін. 2. Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің, дербес басқармаларының бастықтары, ішкі әскерлер құрамалары мен бөлімдерінің командирлері, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары, қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары: 1) ішкі істер органдарының барлық жеке құрамының, кеңсе қызметкерлерінің Нұсқаулықты зерделеуін ұйымдастырсын. Нұсқаулықтағы талаптардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін; 2) азаматтарды қабылдауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты одан әрі жақсартуға қажетті шаралар қабылдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|