"Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi (2006.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi; 2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесі Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi Заң) сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 1-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының төлемдерiн жүзеге асырудың тәртібі 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi белгiленген кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде сақтандыру ұйымына аудару жолымен немесе зейнетақы жинақтарын алу жолымен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара);(01.01.05. қолданысқа енді) 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндетті зейнетақы жарналарының есебiнен кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді) 3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн Заңның 23-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында, 23-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдарға алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде зейнетақы жинақтарын аудару жолымен жүзеге асырады. Зейнетақы аннуитетiнiң шарты болмаған жағдайда көрсетiлген адамдар Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алады. 4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын алуды: 1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар; 2) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен адамдар жүзеге асырады. 5. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар: 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi; 2) облыс, Астана, Алматы қалаларының Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен расталған (мөр қойылмайды) тұрақты тұратын жерiне кетуi туралы "ТТВ" (тұрғын тұрақты визасы) сериясындағы Қазақстан Республикасының визасы бар азаматтығы жоқ адамның төлқұжатының немесе куәлiгiнiң көшiрмесiн және көз жеткiзу үшiн түпнұсқасын; 3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады. 6. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар: 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi; ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) почта байланысы құралдары немесе сенімді адам арқылы жіберген кезде: Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған көшірмесін; алушы өзі өтініш берген кезде: паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің түпнұсқасын көру үшін; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көші-қон карточкаларын беру жүргізілмейтін адамдарды қоспағанда, көші-қон карточкасының көшірмесі және көші-қон карточкасының түпнұсқасын көру үшін; 3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады. 7. Epікті кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары: 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті; 2) визалық мөрмен немесе облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен куәландырылған, белгіленген үлгідегі мөртабаны бар (кету күнi мен тұратын мемлекет көрсетілген) төлқұжатының көшiрмесiн және көз жеткізу үшін төлқұжаттың түпнұсқасын; 3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады. 8. Ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары: 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтінішті; ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) 2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған төлқұжаттың және кету фактісін растайтын құжаттың көшiрмесiн; 3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады. 9. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен алушы осы Ереженiң 5-3-тармақтарына сәйкес кәмелетке толмаған адам болса, ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаныштары): 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi; ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) 2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адамның нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн; ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) 3) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адам туралы мәлiметтер бар құжаттардың нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзілсе) және заңдастырылған көшiрмелерiн; 4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады. 10. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар: 1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн: осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш; қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін: осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш; мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) 11. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi почта байланысы құралдары немесе сенім жүктелген адам арқылы берген жағдайда, алушының жеке басын куәландыратын, (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзілсе) осы Ереженiң 5-10-тармақтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылады. Егер алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiшiн сенім жүктелген адам арқылы берсе, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады. 12. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн осы Ережеде көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он бес күн iшiнде жүзеге асырады. 13. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiн деректемелерi төлемдердi тағайындауға арналған өтiнiште көрсетiлетiн алушының банктiк шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын аудару жөнiндегі банктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде төлеудi жүзеге асырудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді) 14. Зейнетақы жинақтарын кесте бойынша алушы жинақтаушы зейнетақы қорына: 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi; 2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; 3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты; 4) Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi - Орталық) берiлетiн төлемдердiң тағайындалу негіздемесiн көрсете отырып, зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлiгінiң көшiрмесiн ұсынады. I және II топтағы мүгедектер, егер мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген болса, жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмi берген мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтаманың көшiрмесiн және көрсету үшiн оның түпнұсқасын ұсынады Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерiн почта байланысы құралдары немесе сенім жүктелген адам арқылы жүзеге асыруға өтiнiш бергенде, алушының жеке басын куәландыратын құжат нотариалды куәландырылады. Алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi сенім жүктелген адам арқылы берген жағдайда, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады. 15. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) 16. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетін кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімiмен белгiленедi. 17. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiнiң кестесiн қамтитын және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келісімдi әзiрлейдi және алушының қарауына ұсынады. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 18-тармақпен толықтырылды (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) 18. Жинақтаушы зейнетақы қорлары жыл сайын алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде қосымша келісім мен зейнетақы төлемдерінің кестесiне өзгерістер енгiзе отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінiң жылдық мөлшерiне қайта есептеу жүргізеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндетті зейнетақы жарналарының, epікті кәсiптік зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесіне қосымша ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді)
Назар аударыңыз! Өтiнiш баспа әрiптерiмен айқын толтырылады Кiмге:________________________ (Қордың атауы) Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы Өтініш Мен,______________________________________________________________ тегi______________________________________________________________ аты_______________________________________________________________ әкесiнiң аты______________________________________________________ Жылы Айы Күнi Туған күнi _____________________ Құжаттың түрi:_______ Жеке басының куәлiгi_______ Төлқұжаты_______ Жылы Айы Күнi Сериясы_____________ Нөмірі_______________ ______________________ _________________________________________________________ берілдi (кім берді) Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК)________________________________________ N________________________________________ CTH_______________________________________________________________ Жеке зейнетақы шоты_______________________________________________ __Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес еркектер - 63 жасқа, әйелдер - 58 жасқа толуына; __Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес төтенше және жоғары радиациялық қатер аймағында тұруына; __Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуiне; __Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiлене отырып; __алушының қайтыс болуына (мұрагерлерiне); __алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты 200___ жылғы "___"________ N________ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес мiндетті, ерiктi кәсiптiк (керегiнiң астын сызу керек) зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан __бiржолғы; __ай сайын; __тоқсан сайын; __жыл сайын ақшаны мынадай деректемелер бойынша банктiк шотқа аудару арқылы зейнетақы төлемдерiн жүргізудi сұраймын: __________________________________________________________________ (банктiң атауы, банктік шотының нөмiрi, банктiң дербес шотының __________________________________________________________________ нөмiрi, БСК-i, CTH-i) Мынадай мекен-жай бойынша тұрамын: индекс_________________________ ____________________________________________________________облысы _______________________________________________қ-сы (кенті, ауылы) _________________________к-ci үй N___ пәтер N_____________________ байланыс телефоны_________________________________________________ Алушы:_____________________ (қолы) Өтiнiш жазылған күн 200___ жылғы "___"_________ Өтiнiштi қабылдап алды:______ж. "___"__________ __________________________________________________________________ (Қордың жауапты қызметкерінің ТАӘ, лауазымы, қолы) Қорда тіркелді: 200___ жылғы "___" _______ N________ -------------------------------------------------------кесу сызығы Алушыға __________________________________________________________ (ТАӘ) Өтініш Қорда: 200__ жылғы "__" ________ N_________ тіркелді Өтініш қабылдап алды: ________ ж. "___" __________ __________________________________________________________________ (Қордың жауапты қызметкерiнiң ТАӘ, лауазымы, қолы) М.О. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 661 қаулысымен Бекiтiлген
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдістемесі Осы Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртібі 1. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi сомасы мен мерзiмi (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімi бойынша белгiленетiн төлемдер түрiнде, кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн ескере отырып жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2005.11.06. № 580 (01.01.05. қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2005.21.10. № 1059 (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан: 1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгi зейнетақының он eкі еселенген мөлшерiнен; 2) жүз мың теңгеден; 3) осы Әдiстемеге қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi. 3. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен алып тасталды (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) (бұр.ред.қара) 4. Алушы, егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы жүз мың теңгеден кем болса немесе тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен кем болса (көрсетiлген шаманың қайсысы көп болуына байланысты), зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) (бұр.ред.қара)
төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін есептеуге арналған кесте
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 661 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған кейбір шешімдерiнiң тізбесі 1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдердi жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 43, 396-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 шiлдедегi № 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 306-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1936 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 56, 622-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 15-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 873 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 282-құжат).
|